Информатика магистрі дәрежесін қосымша алғыңыз келсе...

Егер Сіз экономист, құрылысшы немесе инженер болсаңыз бері келіңіз.

ОҒМ жазбалары: Информатика магистрі дәрежесін қосымша алғыңыз келсе...

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Сіздің сала бойынша «Информатика магистрі» дәрежесін қосымша алуға мүмкіндік пайда болды.

Университет «Желілік магистерлік программа «Информатика – қосымша мамандық» білім бағдарламасына абитуриент қабылдауды бастады.

Бұл мамандық басқа сала мамандарына Информатика магистрі дәрежесін қосымша алуға мүмкіндік береді.

Мұндай бағдарлама Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отыр.

Бағдарлама мақсаты – өзінің алғашқы мамандығының дағдыларын информатика облысындағы теориялық және техникалық дағдыларымен үйлестіре білетін әмбебап мамандарды даярлау.

ОҒМ жазбалары: Информатика магистрі дәрежесін қосымша алғыңыз келсе...
Жоба Евросоюздың 5 университеті (Германия, Литва, Польша, Финляндия, Франция елдерінен), Орта Азияның 10 университеті (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрменстан елдерінен) және Еуропаның үш кәсіпорнымен бірге жүзеге асырылып отыр.

Аталмыш мамандыққа: Экономика, Есеп және аудит, Менеджмент, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Логистика (салалар бойынша), Құрылыс, Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылғыларын өндіру, Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау, Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) бакалаврлары құжат тапсыра алады.

Қабылдау комиссиясымен байланысу:
Қажымұқан көшесі 13, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ОЗҒ-2 (СҚФ оқу ғимараты).
Тел.: 8(7172) 709500 (34212)
enupromis@gmail.com

Толығырақ ақпарат — http://promis.enu.kz/
Бөлісу:

7 пікір

zholantai
не ғо, түссе, тегін оқиды және стипендия алады ма?
AKY
Кәдімгі грант қой магистратураның. Конкурстан өтсең стипендия да, стажировка да болады. Өкінішке орай, журналистерді оқытпаймыз
zholantai
журналистика бакалаврлары жоқ па екен?
Ereimen
Информатикпін ал маған бола ма
AKY
Сіз кәдімгі информатикаға түсе аласыз.
KILYZAMAN
КазГудың ФМПМ нің динозаврына қажет нәрсе ме өзі? Ми ашыған заман болды ғой өзі :-)
satibaldi
Тағы да жібере салды ма? Бұл жолы- Хоргос арқылы қытай дамбалының ішіне тығылып келген боларсың