Блогиадашылар әні

Блогиадаға бір ән арналмаса оғаш шығар? :) Барлық қатысушылардың атынан «Блогиадашылар әнін» қабыл алыңыздар.
Орындайтын Асқар Базарбай.

Блогиадашылар әні

Сөзі: Әйгерім Кеулімжай
Әні: Асқар Базарбай


1. Көктем қызу басталды,
Көркем көңіл, жас жанды
Отыз екі блоггер,
Сақадай-сай аттандық.

Тақырыпқа сан түрлі,
Сюжет іздеп шарқ ұрдық.
Фотореп, видеореп,
Апта бойы бар тірлік.

Қайырмасы:
Бұл – блогиада, блогшының сапары,
Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған!
Бұл – блогиада, контентке сапалы,
Бұл – блогиада, миллионын ұсынған!

2. «Он екіге он қалды!»
Жазбаменен байсалды,
Пікірталас туғызып,
Оқырманға ой салдық.

Жегідей жеп сан күдік,
Бағаларды аңдыдық.
Әділдіктің бес қазы
Символы ғой мәңгілік!

Қайырмасы:

Бұл – блогиада, блогшының сапары,
Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған!
Бұл – блогиада, контентке сапалы,
Бұл – блогиада, миллионын ұсынған!

3.Сең қозғалып, жөңкілді.
Өткір ойлы, өр тілді
Блогшылардың үнінен,
Қазнет қайта серпілді!

Қайырмасы:

Бұл – блогиада, блогшының сапары,
Бұл – блогиада, біз шынығып, ысылған!
Бұл – блогиада, контентке сапалы,
Бұл – блогиада, миллионын ұсынған!



Рахмет саған, блогиада!


Суреттер қатысушылардың блог-жазбаларынан алынды
bk
Бөлісу:

26 пікір

patick
Кететін жердің бәрінен кетті)))))))))))))))
AKY

«Контентке сапалы»
merekeee
«Фотореп, видеореп,
Апта бойы бар тірлік» — көктемнен бері қалыптасып кеткен бұл әдеттен арылғанша біртүрлі боп жүретін шығарсыздар ) Арылмасаңыздар тіпті жақсы. Сапалы контенттің үлгісі боооп…
Ispek92
Көңілді босатып жіберді, шынымды айтсам, бір түрлі қимастық бар секілді ме, әсер етті…
yerlanospan
Олимпиаданың жабылу салтанатындай толқытты…
Gastarbaiter
Мектеп бітіріп, «Аттандық сапарға, көңілде мол арман!» деп әндеткенде осындай күйде болып ем соңғы рет. Жыләғым кеп кетті ДаЧысыз-ақ…
Arys_arlany
Шынымды айтсам, менің ең сүйіп оқитын блоггерім Әйгерім!!! Былтыр жазда шымкенттемін деп жариялаған фотосынан назарға алған едім. Сол уақытта (2013 жаз айы ғо) осы сайттағы «нақ» деген кәмменттерін оқып, неткен дөрекі қыз деп ойлатынмын. Жооқ, дөрекі емес, ақыл парасаты толысқан, жазу шеберлігі, оқырманға жеткізу стилі ерекше, блоггерлер арасындағы ДАРА қыз екен. Сені дүниеге әкелген ата-анаң бақытты! Қалғанын кейін айтам)))))
AKY
Рахмет! Сіздердің осындай демеулеріңіздің арқасында жеттік қой осы күнге)
ademi_alem
Күшті! Нүктесін жақсы қойыпсыз.
aikarakoz
Осы блогиадашылардың әнұрынанына айналсын! Марапаттау рәсімінде айтайықшы. Керемет шығыпты!
zholantai
жақсы көріп отырмын:)
AKY
Мынадай лирикалық интерпретациясы келді Атыраулықтардан))) Мақымға рахмет)


Gastarbaiter
Дауысы әдемі екен біздің қарлыққан козлитонға қарағанда:))))
AKY
Дегенмен сенің орындауыңда тірілік бар.
AKY
Ал мынау Гастаның аудиосы)


Erkekyz
Қай нұсқасы болса да жақсы шыққан. Қатыспасам да, мынжақта отырып көңілім босап қалды. Базар жоқ, тамаша! :))
Marco
Нұрғисадан домбыраға салған нұсқасын күтеміз
zholantai
Гастаның орындауында қабылдадым,
zholantai
AKY,
"«Кешір» деуге енді шама жоқ...." -ты орындаған Нұржан деген студентіңе де айтқызып көрсейші,
asaubota
біз шынында да біраз нәрсе істеппіз ғой! рахмет бәріңе!