Жыл басынан бері "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" аясында 3 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 8 нысанда жұмыстар аяқталды деп хабарлайды Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығы. № 1 қалалық балалар ауруханасы, №2, 3 және 9 қалалық емханалар, № 10 мектеп-гимназия, № 40 орта мектеп, Астана қаласы әкімдігінің «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы» КММ қазіргі кезде толық режимде жұмыс істеуде.





