Қазақстан халқы тілдерінің күні Астанада аталып өтеді

Астана жаңалықтары: Қазақстан халқы тілдерінің күні Астанада аталып өтеді
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай елордада XVІІ қалалық тілдер фестивалі өткізіледі. Фестиваль қарсаңында мерекелік концерттер мен түрлі сайыстар ұйымдастырылады.

Биыл XVII рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 18.30-да «Конгресс-Холл» сарайында өтеді. 7 қыркүйек күні, сағат 18.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында

Отбасы күніне орай «Отан отбасынан басталады» атты мерекелік іс-шара өтеді. Сондай-ақ, 16 қыркүйек күні, сағат 17.00-де «Мега» ОСО «Үздік жарнама» байқауы ұйымдастырылады. 18 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылады.

22 қыркүйекте, сағат 18.00-де «Тілеп қобыз сарайы» концерттік залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты ақындар мүшәйрасы өтеді.

Қазақстан халқы тілдерінің XVII фестивалінің жабылуы 24 қыркүйекке белгіленіп отыр. Осы күні таңғы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін қоғамдық көліктер, медицина мекемелері мен сауда орталықтарында «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» атты акция өтпекші. Жабылу салтанаты аясында Орталық алаңда «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты гала концерт ұйымдастырылады
Әрі қарай

ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату басталды

Бүгіннен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді онлайн-сату басталды. Билет бағдарламасы бойынша әрбір қазақстандық көрмені көру мүмкіндігіне ие болады.

Астанада өтетін халықаралық көрменің билет бағдарламасы шараны өткізудің әлемдік тәжірибесінде бірегейі. Экспозицияны Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім және 6 жасқа дейінгі балалар тамашалай алады. Зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер мен оқушыларға жеңілдіктер жасалады.

ЭКСПО көрмесіне 2 миллионнан астам қонақ, бес миллионға жуық рет келеді деп күтілуде. Қазіргі кезде 89 мемлекет пен 15 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын растады.

Билеттер мен басқа да билет өнімдері сатылымға кезең-кеземен шығарылады. 10 маусым -10 шілде аралығында промокезең өткізіледі, бұл кезде билетті барынша төмен бағамен сатып алуға болады. Ал 10-20 маусымда 50%, 21-30 маусымда 30%, 1-10 шілдеде 20% жеңілдік жасалады.

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату басталды

Сонымен қатар, 10 шілде–10 тамыз аралығында туроператорлар мен реселерлер үшін промокезең өткізіледі. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде барша Қазақстан бойынша офлайн-кассалар ашылады. Ұлттық мерекелерді өткізу аясында билеттерді көшпелі сатуды ұйымдастыру жоспарланған. Бұдан басқа, билет сатуға ЭКСПО-2017 серіктестері – «Казпочта» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ, «Air Astana» АҚ тартылады.

Жалпы алғанда, билеттерді алдын ала сату биылдан бастап 2017 жылдың 9 маусымына дейін жүргізіледі. Билетті www.tickets.expo2017astana.com сайтынан сатып алуға болады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Бірлік пен достық мерекесі

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен тойланды. Ең негізгі халықтық серуен «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары достық дастарқанынан дәм татып, 500-ге жуық әртістің өнерін тамашалады.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын әзірлеп, қолданбалы өнер көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Мерекенің мұндай форматы астаналықтар мен қала қонақтарына ұнаған сыңайлы.

— Біз, Астана қаласындағы қазақстандық дүнген қоғамы, баршаңызды бірлік күнімен құттықтаймыз! Барлық ұлттар өздерінің бірдей екендігін сезінетіндіктен елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған, — дейді Зүлфия Муханзаева.

Астана жаңалықтары: Бірлік пен достық мерекесі

Астаналық шығармашылық ұжымдар да жиналған қауымға керемет көңіл күй сыйлады. Елордалық өзбек этномәдени орталығының «Пойтахт» вокалдық ұжымы әр түрлі тілдерде әндер орындады.

— Біздің топ «Пойтахт» деп аталады, ол Қазақстанның елордасы – Астана деп аударылады. Астанада шығармашылықпен айналысып жүргенімізге сегіз жыл болды. Түрлі іс-шараларға қатысамыз. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз, бақыт, денсаулық тілейміз,- деді Ойбек Палванов.

Астана жаңалықтары: Бірлік пен достық мерекесі

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту үшін елордаға өзге мемлекеттерден де қонақтар келген екен.

— Мен, Армениядан 1 мамыр мерекесіне арнайы келіп отырмын. Өте қуаныштымын, мұнда қонақтарды осылай қарсы алады деп ойламағам, бәрі қызық. Қазақстанды құттықтаймын, бейбітшілік тілеймін, — деді Анна Саркисян.

Қала тұрғындары мен қонақтары күні бойы Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мәдениетімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.

Астана жаңалықтары: Бірлік пен достық мерекесі

Материал Астана қаласы әкімдігінің astana.gov.kz ресми сайты деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Журналистер аллеясы ашылды

Астана жаңалықтары: Журналистер аллеясы ашылды

Астанада Журналистер аллеясы ашылды. Журналистер «Сұлу» тұрғын үй кешенінің ауласында ұзақтығы 3 километрді құрайтын бірінші республикалық медиа аллеясын ашты. Аллеяның ашылуы Ұлттық орман егу күніне орайластырылды – деп хабарлайды astana.kz сайты.

БАҚ өкілдері 150 сиверс алма ағашын, емен, қызыл жемісті шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, сүмбіл терек, қызылтал, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 брендіне айналған арнайы гүлбағында дайындалған мамық түзбейтін бальзамдық терек көшеттерін отырғызды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы жерімізді көгалдандыруға көп көңіл бөледі. Біздің бетпақ даламызда ағаштар аз қамтылған. Сондықтан, жастарды көшеттер отырғызуға шақырамын. Себебі көшеттерді жиі отырғызған сайын, ауа да тазарады. Бұл жерде журналистік аллея бастау алды. Аллея Қазақстанның барлық қалаларында жалғасын табады. Бұл бірегей журналистер аллеясына айналады» дейді шараға қатысқан «Тұрақты даму» жер қорының биологы Валентина Ободовская.

Айта кетейік, Қазақстанда 2014 жылғы 19 сәуірде БҰҰ Халықаралық орман жылын қолдауы мақсатында бірінші Ұлттық орман егу күні өтті. Акция қорытындысы бойынша 2014 жылы мыңдаған еріктілер қатары жалпы көлемі мыңдаған гектарды құрайтын миллионға жуық көшет отырғызды.

Сурет astana.kz сайтынан алынды
Әрі қарай