"Біз таза қала үшін" сенбілікке қатысып келдік

Расында да Астанаға екі жыл бұрын келсем де, толыққанды астаналық ретінде сезінбеппін) Бүгінгі сенбілікке қатысып, нағыз астаналық екенімізге көзім жеткендей болып қайттық-ау) Жанасыл екеумізді айтам да. Біздің үлесімізге Әзірет Сұлтан мешітінің маңы бұйырды. Бардық...

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАстана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікҚұдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдік
Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікРасымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!

Қош, қолға күрек алып, топыраққа тигізе бергенде, айналамызда жүргендердің апыр-топыры шықты да қалды. Сүйтсек, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келіп жатыр екен. Айналасындағылар жұмыс жасап жүргендерден көп екенін көріп, қосымша күш келді деп қуанып кеткенімді несіне жасырайын?!)

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАйтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікБіраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…

Астана жаңалықтары: Біз  таза қала үшін сенбілікке қатысып келдікАл Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.

Айтпақшы сол жерде сенбілікке 100 мың адам қатысты деген ақпарат та айтылып қалды. Аз сан емес…
Әрі қарай

«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті

Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті
24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың өнерін жанып, тапқырлыққа баулу. Әрі әзілге жақын болып, өмірге көңілді қарауды да мақсат тұтады. Бұл шара жыл сайын өтіп келе жатқан болатын.
Әрі қарай

Астанаға арналған ерекше субұрқақ



Таяуда ғаламтор желісінде Астана мен «Expo-2017» көрмесіне арналған ерекше субұрқақ туралы шағын видео жарық көрді. Субұрқақтың ерекшелігі сол, жоғарыдан төмен аққан су тамшылары ұлттық ою-өрнектеріміздібен қатар, «ASTANA», «EXPO-2017», «KAZAKHSTAN» сөздерін және еліміздің Мемлекеттік туын бейнелейді. Алдағы уақытта «EXPO-2017» көрмесіне әзірленіп отырған елордада дәл осындай субұрқақтар шаһар шырайын кіргізе түсуі әбден мүмкін.
Әрі қарай

Астаналық статистика

Қала халқының саны — 862,0 мың адам.
Қаланың ауданы — 71,0 мың га.
Автомобиль көлігі
Бүгінгі күні қаланың көлік жүйесі жолдың жалпы ұзақтығы 964,1 км
Қала құрылымы 953 көшеден тұрады, оның ішінде асфальбетонды жабыны 676,6 км (70,2%) бар, 287,5 км (29,8%) қатты жабынсыз.
Қала аумағында 8 компания қызмет етеді (оның ішінде 1 коммуналдық және 7 жеке), олар 52 бағдарға қызмет көрсетеді. Астаналық қоғамдық көлікте тәулігіне 814 мың жолаушы тасымалданады.
Инновацияларды дамыту бағдарламасы аясында «Ақылды қала» инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында қалада 1221 бейнебақылау камерасы іске қосылды. Жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркеу мақсатында жылдамдық түзімін тіркейтін 25 фиксатор және бұрылыстардағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды.

Банк секторы
Астана қаласында банк қызметтерін ұсынатын екінші деңгейдегі банктердің 30 филиалы және 146 құрылымдық бөлімшелері бар, қолма-қол шетел валютасы нарығында 250 айырбастау пункті жұмыс істейді.
Екінші деңгейлі банктер резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2015 жылдың 1 шілдесіне 1 831 954 млн. теңгені құрады және
ЕДБ берген несиелер көлемі 373 050 млн. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда 1,6 есеге аз), оның ішінде ипотека бойынша – 31 306 млн. теңге.
Қала бюджеті
Астана қаласының түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2015 жылғы 1 шілдесіне 360 728 млн. теңгені құрады,
Бюджеттің жалпы құрылымында Астана қаласының объектілерін дамытуға 176 453,9 млн. теңге жұмсалды.
Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 117 088,3 млн. теңгені құраады, оның ішінде білім беруге – 46 732,2 млн. теңге, денсаулық сақтауға – 41 112,6 млн. теңге.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қаланың негізгі капиталына 354 488,7 млн. теңге (2014 ж. салыстырғанда 117,8%) инвестиция салынды. Инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласының үлесі 10,7%-ды құрады.
Халықты жұмыспен қамту
2015 жылдың басынан 10 530 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіп – 827, сауда – 2 418, құрылыс және коммуналдық шаруашылық – 1678, көлік және байланыс – 679, білім және денсаулық сақтау – 1741, өзгелері – 3187.
6 058 адам жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Олардың жартысынан көбі (3 744) әйелдер. Жас мөлшеріне байланысты бөлсек жартысы жастар (3 495 адамды 29 жасқа дейінгі жастар құрайды).
2015 жылдың ІІ тоқсаны қорытындысы бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,6 % (2014 жылдың ІІ тоқсаны – 5,2%).
Ал жалақы деңгейіне келетін болсақ, Астана еліміздегі қалалар арасында жалақы деңгейі бойынша Атырау және Маңғыстау қалаларынан кейін үшінші орынды иемденеді.

Астана жаңалықтары: Астаналық статистика
Әрі қарай

Құрбан айт Астанада: НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

Астана жаңалықтары: Құрбан айт Астанада: НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

24.09
Елорда мешіттерінде сағат 7:45-те айт намазы

25.09
«Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «Сәдуақас Ғылмани» мешіттерінің ауласында жалпы жұртшылыққа арналған мерекелік жәрмеңке;
Ұлттық спорттық ойындар сайысы;
Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы;
Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты рухани кеші.

24-26.09
Астана мешіттерінің қызметкерлері қаладағы мұқтаж жандардың үйлеріне арнайы барып, айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік және құрбандық еттерін таратады;
Ауруханалардағы сырқат жандардың көңілін сұрап, айттық сыйлықтар тарту етіледі;
Қала мешіттерінің қызметкерлері Астана әкімдігімен бірлесе отырып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіреді.

Астана қаласы әкімдігі бекіткен мал сою орындары:
1. «Алтын таға» базары (Қосшы),
2. «Пищекомбинат-Астаналык плюс» ЖШС, Дулатов к., 191;
3. «Нұрбереке 555» ЖШС, «Алаш» тас жолы, 30 («Көк базар»);
4. «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы);
5. «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Павлодар» тас жолы, 9 км;
6. «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы, 7 км;
7. «Есжанова А.» ЖК «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі («Алаш» базарының артында);
8. «Мақсат -2007» ЖШС, «Теміржолшылар» ТА, Ақжар к., 20.

Тәкбір тәшриқ
Арафа күні таң намазының парызынан кейін басталып, Құрбан айттың төртінші күні екінті уақытына дейінгі болатын әрбір парыз намаздың соңынан мына дұғаны оқу уәжіп саналады:
«Аллааһу әкбар, Аллааһу әкбар, ләә иләәһә иллаллааһу уаллааһу әкбар, Аллааһу әкбар уа лиллааһил-хамд».

КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты

Бүгін «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Бір топ блогер «Хан Шатыр» маңындағы аймақта сенбілікке қатысып, көшет отырғызып қайттық. Мұндай қоғамдық жұмыстарға бұдан кейін де белсене қатысып, отбасылық демалыс түріне айналдырмақшымыз.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Біз барған жер Жамбыл облысынан келген делегацияға арналған екен. Олардың және Павлодар облысының бүгін жәрмеңкесі де болып жатыр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Сенбілікке балаларды да апардық. Еңбекке баулу!

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Бізге жақын маңда Астана қаласының әкімдігі де шыққан екен. Ортадағы бикеш Астана қаласы әкімінің орынбасары екенін біліп таң қалдық. Малика Ерланқызы ақжарқын, қарапайым кісі екен. Шәйға шақырып, дастархан басында өзі шәй құйып жүр.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Жас жігіттер де аздап жүрек жалғап алды жұмыс ортасында.

Астана жаңалықтары: КерекИнфо блогерлері сенбілікке қатысты
Қыздар да Малика апаларымен фотоға түсу мүмкіндігін жібермеді.
Әрі қарай

Джеймс Бонд фильмін қазақша қара!



Астанада «007: Спектр» фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі өтті. Бір Джеймс Бонд фильмі қазақша. Қызық, иә? Бізге мұндай фильмдердің өз тілімізде дыбысталынуы әлі де таңсық. Дегенмен үйрене беруіміз керек, қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастауымыз қажет. Бұл фильм қазақшаланған 12-ші фильм «Болашақ» ассоциациясының ұйымдастыруымен аударылып жатқан. Қауымдастық 5 жыл ішінде осымен 12 фильмді қазақ тіліне аударыпты, ал биыл 3 фильм дыбысталған. Жобаны қолдаушы «Нұр Отан» партиясы.
Әрі қарай

Астанада 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиада өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиада өтедіАстана қаласы Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада өткізетінін хабарлайды.

Президенттік олимпиадаға бұрын соңды республикалық және халықаралық олимпиадаларының аталған пәндер бойынша жүлдегерлері мен жеңімпаздары болмаған 11-сынып оқушылары қатыса алады.
Әрі қарай