Астана қаласы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша ең жоғары көрсеткішке жетті

Астана қаласы жалпы ішкі өнім бойынша ең жоғары көрсеткішке жетті. Оның көлемі бүгінде 4 трлн 560 млрд теңгені құрайды. Мұны Президент Ақордада шаһар әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдаған кезде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы тұрғызуға 6 трлн теңге жұмсалғанына да тоқтала кетті. Оның 4 триллионы — мемлекет қаражаты. Бүгінде қала өзін толық ақтап отыр және өсу қарқыны жоғары,- деді Елбасы. Былтыр инвестиция көлемі 770 млн теңгеге жетті. Қала қазынасының 62 пайызын шағын және орта бизнестен түсетін табыс құрайды. Биыл 2,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған.


astanatv.kz/news/show/id/48122.html
Әрі қарай

Астанадағы музей түні - 18 мамыр, 18:00-01.00

Астана жаңалықтары: Астанадағы музей түні - 18 мамыр, 18:00-01.00
18 мамырда астаналықтар Халықаралық музей күніне орай «Музейдегі түн — 2016» акциясына қатыса алады. Осы күні ҚР Ұлттық музейінде сағат 18:00-01:00 аралығында қонақтар үшін көне және қазіргі Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады.

– Шара осымен екінші рет өткізілмек. Өткен жылы дәл осы акцияға 23 мыңнан астам адам келді. Биыл азырақ болады деп ойлаймыз. Шара барысында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар, қонақтар назарына театрландырылған қойылымдар ұсынылады, сиқыршылар, иллюзионистер шеберліктерін ортаға салады. Астаналықтар үшін күні бойы музейге кіру тегін болады және ғылыми қызметкерлеріміз шеберлік дәрістерін өткізеді, – деді ҚР Ұлттық музейдің қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Дәурен Жұмабай.

Музей түні «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінде де аталып өтпек. 18 мамырда сағат 17.00 концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, ал сағат 22.00 келушілерге жаңа макеттер таныстырылып, тегін экскурсиялар өткізіледі. Биыл картаға Павлодардағы бас пошта ғимараты, «Қазақфильм» киностудиясы және Алматыдағы Қ. Сәтпаев атындағы музей, Жаркенттегі мешіт, Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы музыкалық-драма театры және Тараздағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент қойылмақ. Макеттер еліміздің өңірлерін толықтыра түспек.

Астанадағы С. Сейфуллин атындағы мемлекеттік мұражай да аталмыш акцияға қолдау көрсетеді. Мұражайға кіру тегін.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Музейдегі түн» акциясын өткізу әлемнің 40-тан астам елінде дәстүрге айналған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10542
Әрі қарай

Кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Астанада Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 14 мамырдан 5 маусымға дейін аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Сонымен қатар, 13-23 мамыр аралығында Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

12-25 мамырда Кравцов көшесінің Уәлиханов көшесінен Балқаш тұйық көшесіне дейінгі бөлігі жөнделеді. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 12-30 мамырда Қабанбай батыр даңғылы Қорғалжын тасжолынан «Рамстор» дүкенінің жанындағы көпірге дейін көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Еске салайық, 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.

Сонымен қатар, 17 мамырға дейін Кенесары көшесінің Республика даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай тоқтатылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Астана жаңалықтары: Кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Астана жаңалықтары: Кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі
Әрі қарай

«Жаужүрек полкі» Астана көшелерімен жүріп өтті (видео)


Қолдарына ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарының суреттерін ұстап, жүздеген адам Тәуелсіздік даңғылынан «Отан қорғаушылар» монументіне дейін жүріп өтті.
Әрі қарай

Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Биыл Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтарын керемет тосын сый күтеді. 1 мамырдан бастап паркте аттракциондар, ашық басейндер, би алаңдары және тағы басқа сауық-сайран нысандары іске қосылады.

Қазіргі кезде би алаңдары мен бар жасалған ашық бассейндер кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағымен басты аллея, «Сағат» стеласын, су шымылдықтарымен үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған, сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.

Парктегі тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Парк жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School.

Парк салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналмақ. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған. Енді спортпен шұғылданамын, уақытымды ұтымды пайдаланамын, көңіл көтеремін десеңіз, Астаналық паркке келіңіз!

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астана - әлеуметтік-экономикалық даму бойынша өңірлер арасында көш бастады

Астана жаңалықтары: Астана - әлеуметтік-экономикалық даму бойынша өңірлер арасында көш бастады
2016 жылғы 24 ақпанда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру кездесуінде қаланың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Әлемде орын алған күрделі экономикалық жағдайлар елімізде де сезілді. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, дағдарысқа қарсы бағдарламалық құжаттар түбегейлі өзгерістердің болуына, соның ішінде қала экономикасында да өзгерістердің болуына жол бермейді. Астана дамудың кезекті кезеңінде барлық бағыттар бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

«Елбасының жетекшілігімен жаһандық сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Тек күш-жігерімізді біріктіру керек», — деді Ә. Жақсыбеков. Қала басшысы өткен жылғы даму қорытындысы Астананың одан әрі өсуге әлеуеті бар екендігін көрсететінін атап өтті.

Жыл сайын барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерін жақсарта отырып, 2015 жылы Астана әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша өңірлер арасында көш бастады. 2015 жылы жалпы өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артты. Оның республикалық көлемдегі үлесі – 10% немесе 4,5 трлн. теңгені құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есеге артық – 5,2 млн. теңге.

Бүгінде Астананың өзіндік кірістері 200 млрд.теңгені құрайды. Өткен жылдан бері Астана төрт республикалық бюджет донорының біріне айналды. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер көлемі 850 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 11% артық. Бұл ретте республикалық бюджетке келіп түскен жоспардан тыс түсімдердің үштен бір бөлігіне жуығы біздің қаламызға тиесілі.

Көп жағдайда сәтті индустриалды-инновациялық даму оң көрсеткіштерге септігін тигізді. Өткен жылы инвестициялар көлемі 773 млрд. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 15% артық. 2015 жылы Индустриалды паркте 28 жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, 800 жұмыс орны ашылды. Жалпы, №1 Индустриалды парк аумағында инвестициялар көлемі 187,5 млрд. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы кәсіпорындар бюджетке төлеген салықтардың есебінен парк инфрақұрылымының құрылысына жұмсалған қаржы толығымен ақталды.

Қала әкімдігі қызметінің басты бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бүгінде шағын және орта бизнестің Астананың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 61% құрады. Бұл еліміздің өңірлерінің ішіндегі ең үздік көрсеткіш. Осы бағыттағы елорда кәсіпкерлер мүдделерінің бастаушысы Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының жұмысы зор. Қазіргі кезде өңірлік кәсіпкерлер Палатасы мен елорда әкімдігінің арасындағы бірлескен жұмыстың барлық салалардағы ықпалдастықтың тиімді форматы қалыптасқан болатын.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет ететін ШОБ субъектілерінің саны 99,2 мыңға дейін артқан. 2010 жылдан осы күнге дейін «БЖК-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,7 млрд. теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы құны 12,1 млрд. теңгенің 67 жобасы мақұлданды. Қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орынды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл елордада шағын бизнесті дамытуға қосымша серпін бермек.

Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналды. 2015 жылы 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, жоғары кәсіби кадрлар жұмыс істейді, елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6% дейін төмендеді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Жұмыссыз жүргендер ретінде 1895 адам тіркелген. Бұл ретте тіркелген бос орындар саны — 2315.

Елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына инновациялар белсенді түрде енгізілуде. Астанада білім, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік жүйесі салаларында «ақылды қала» пилоттық жобалары, сондай-ақ, қаланың тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі — ТКҚЖ жүзеге асырылуда. ТКҚЖ мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қаладағы жағдайға нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу болып табылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі елорданың тұтастай экономикалық дамуына серпін бермек, көрмеге дайындық толық қарқынмен жүргізілі жатыр. «ЭКСПО қала үшін ең маңызды емтихан болып табылады, сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қосымша серпін бермек» — деп атап өтті қала әкімі.

Есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Ә. Жақсыбеков азаматтарды жеке өзі қабылдай бастады. Бұл күні Конгресс-Холлда қала тұрғындары елорда әкіміне және оның орынбасарларына өз сауалдарын жолдай алады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10016
Әрі қарай

Астанада «Белсенді азамат» акциясы өтеді



Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтеді, оған барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысады. Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, қалада тұру сапасы мен жайлылығын арттыру мақсатында инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізе алады.

Басқармалардың басшылары өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, биылғы жылға арналған жоспарлармен бөліседі. Қала тұрғындары өз сұрақтарын ауызша және жазбаша түрде жолдай алады.

«Біз елорда тұрғындарымен жеке кездесіп, елорда әкімдігінің ресми сайтындағы (www.astana.gov.kz) «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы келіп түсетін сұрақтарға жауап береміз», – деп атап өтті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Е. Каналимов.

Тұрғындарды кездесуге қатысуға және өз сұрақтарын жолдауға шақырамыз.

Халықпен есеп беру кездесуі 2016 жылғы 10 ақпанда Конгресс-холлда өтеді. Басталуы сағат 10:00.

Алдағы уақытта қала тұрғындарымен және басқа да мүдделі тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.
Әрі қарай

Астана - Атлетико Мадрид 0:0 (видео)



Астана — Атлетико (Мадрид, Испания) 0:0
Ескертулер:
Постников 44, Джолчиев 60, Жуков 84
«Астана»: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама, Мужиков (Жуков 78), Каньяс, Джолчиев (Бейсебеков 90), Кабананга (Щеткин 80)
Әрі қарай

Астанада қандай температурада сабақтың тоқтатылатыны белгілі болды

Астана жаңалықтары: Астанада қандай температурада сабақтың тоқтатылатыны белгілі болды
Қалалық Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен бірге қысқы маусымда ауа райының қолайсыздығына байланысты білім ұйымдарындағы сабақты тоқтату шарттарын ұсынды.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сабақты тоқтатудың мынадай параметрлері бекітілді:

  • 1-4 сыныптарда минус 25 градус және одан төмен ауаның температурасында;
  • 1-9 сыныптарда минус 30 градус және одан төмен ауаның температурасы болғанда;
  • 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін минус 35 градус және одан төмен ауаның температурасы сабақ тоқтатылады.
Әрі қарай

Жыл басынан бері 4490 адам жұмысқа орналасты

Астана жаңалықтары: Жыл басынан бері 4490 адам жұмысқа орналасты

Ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысы бойынша жұмыс іздеп 8156 адам хабарласып, әлеуметтік қорғау шараларымен 8310 адам (101,9%) қамтылды. Олардың 4490-ы жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Әрі қарай