Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Биыл Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтарын керемет тосын сый күтеді. 1 мамырдан бастап паркте аттракциондар, ашық басейндер, би алаңдары және тағы басқа сауық-сайран нысандары іске қосылады.

Қазіргі кезде би алаңдары мен бар жасалған ашық бассейндер кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағымен басты аллея, «Сағат» стеласын, су шымылдықтарымен үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған, сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.

Парктегі тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Парк жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School.

Парк салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналмақ. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған. Енді спортпен шұғылданамын, уақытымды ұтымды пайдаланамын, көңіл көтеремін десеңіз, Астаналық паркке келіңіз!

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Бөлісу:

1 пікір

asaubota
жаңа аттракциондарды көру керек екен