Астанада бөлшек сауда айналымының көлемі ұлғайды

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 413791,7 млн теңгені құрады және 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,7% артты.
2015 жылғы қаңтар-тамызда ресми тіркелген кәсіпорындарда бөлшек сауда айналымының көлемі 294667,6 млн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден салыстырмалы бағада 7,2% артық.
Таратылған мәліметтерге сәйкес, көтерме сауда желісі арқылы 2015 жылғы қаңтар-тамызда 1790224,4 млн теңгенің тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көлемнен 7,9% жоғары.
Қоғамдық тамақтану саласында 20131,2 млн теңге көлемінде қызмет көрсетілді, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 7,6% артық. Автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көлемі 3502 млн теңгені құрады, бұл 2014 жыдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 2,2% жоғары.



Құдай-ау… Не деген қамқорлық десеңші?!) Қаз-қатар тізілген жап-жаңа, бояуы кеппеген шелек, күрек, зембіл (носилька), қоларбаларды көргенде, кезіндегі мектепте ұйымдастырылған сенбіліктер есіме түсіп, көңілім босап кетті) Қалжың ғой. Ойын ойынымен, ол кездегі сенбіліктерге не күрек жетпей, не зембіл жетпей, кезек күтіп тұратын едік. Қашып кетуге көзіңді баққан жетекші) Ең қызығы үйі мектепке жақын балалардың үйінен күрек, шелек тасып жүргендері ше))
Расымен де ұйымдастыру мықты. Құралдардан бөлек арнайы палатка тігіп, сенбілікке келгендерге кофебрейк те ұйымдастырған екен. Әне жерде, самаурын да қайнап тұр. Керемет емес пе?!
Айтқандай әкім шалқайып тұрмады, «Бүгінгі сенбіліктің маңызы бөлек, бұл «Біз – таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігі болғанмен, жан-жақтан келіп қоныстанған барша астаналықтарды біріктіретін,өзін астаналық ретінде сезіндіретін шара деп қысқаша түсіндіре кетті де (көрдіңіз бе, менің ойыммен дәл келіп тұрған жоқ па?!), іске кірісіп-ақ кетті.
Ал біз жұмыс істеудің орнына шарт та шұрт суретке тартумен әлекпіз. Қайтейік, қара жұмыс жасаған әкімді сирек көреміз. Таңсық қой.
Біраз талдың түбін қопсытып, топырақ салған соң, әкім мырза сақылдап қайнап тұрған самаурыннан екі кесе шәй ішті де, қасындағы топ адамды ертіп ап, келесі бір жақтағы сенбілікші қауымға аттанып кетті. Оларға да дух беретін тойыс оларды да бір желпіндіріп алса, соның өзі қанша көмек…
Ал Жанасыл екеуміз осы желпінген күйі біраз іс атқардық та, әлгі шәйден ауыз тиіп, табанды жалтыраттық. Бірақ расымен де, астаналық ретінде Елордамыздың көркеюіне аз да болса үлес қосқаныма өз-өзіме риза болып қалдым. Дәл мен сияқты қаншама адамға сондай ой келген шығар. Демек сенбілік өз мақсатына жеткен сияқты.






