Астанада бөлшек сауда айналымының көлемі ұлғайды


Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 413791,7 млн теңгені құрады және 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,7% артты.
2015 жылғы қаңтар-тамызда ресми тіркелген кәсіпорындарда бөлшек сауда айналымының көлемі 294667,6 млн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден салыстырмалы бағада 7,2% артық.
Таратылған мәліметтерге сәйкес, көтерме сауда желісі арқылы 2015 жылғы қаңтар-тамызда 1790224,4 млн теңгенің тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көлемнен 7,9% жоғары.
Қоғамдық тамақтану саласында 20131,2 млн теңге көлемінде қызмет көрсетілді, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 7,6% артық. Автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көлемі 3502 млн теңгені құрады, бұл 2014 жыдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 2,2% жоғары.
Пікір жоқ әзірше