КерекИнфо қойнауынан: 2006 жылғы үздіктер

Поштамдағы ескі хаттарды ақтарып отырып, Нұрғисаның мына есебін тауып алдым.
Админнің бөлмесі: КерекИнфо қойнауынан: 2006 жылғы үздіктер
Кірпік қағып, сүт пісірім ішінде 2006 жылдың лезде зулап өте шыққанын біреу байқады, біреу байқамады. Құрама Штаттар түрлі сылтаумен Иракты бомбылап жатты, Құдыста Хамасы бар, ФАТХы бар, Израильдің ұрдажықтары бар – қырықпышақтасып жатты… Ресей төрткүл дүниені табиғи газының қоры арқылы, өзгелердің сол қорға тәуелділігі арқылы дүр сілкіндіруге әуестеніп жүр… Иран Буш әкімшілігінің әпербақандылығы мен әлімжеттігіне мойынсұнбайтынын дәлелдеп бағып жүрсе, Дарфурдағылар Кондолизаның құйтырқы есебінің құрбаны болмайтындарын мәлімдеумен болды. Бұған Солтүстік Кореяның көрсеқызарлық синдромы мен әлем тарихында деспот аталып үлгерген бірнеше тиранның бақилыққа аттанғанын қосыңыз… Осындай құбыжық галлактикада өзінің рухани сұлбасы мен өр рухының кәусар болмысын сақтауға мейлінше мол қайрат сарп еткен Керекинфо планетасы түзулік атаулыға бойын түзей берді, түзей берді.

Ия, 2006 жыл керекинфо жылнамасына сүңгіп үлгергенімен, былтырғы жақсы жайлардың жай-жапсары ұмытылмақ емес. Әсілі, керекинфо сайты жахантордағы бір ұяшық қана болып қоймай, мақсат-мұраты әлдеқайда әріде жатқан біріктіруші дәнекер деп танымақ керек-ті. Қазақтың сартопырағына аунап-қунап өскен қарадомалақтар замананың тылсымымен үндесе тегеурінді, екпінді пікірлерімен алмасып жатса қай тұсы айып?

Тәсірлі мәселелер төңірегінде толғану жылы болды екі мың алтыншы жыл. Қатарымыз да күн санап артып, шаңырағымыз беріктене, түтініміз түзурек ұша бастағанына сіз бен біз куә. Қоян-қолтықтаса отырып әр нәрсенің анық-қанығына жетуде талас-тартыстар өрбіп жатыр, өрби де бермек. Керекинфоның түпкілікті миссиясы да сол. Естілмеген сөзді жетім қалдырмай, үшбу сәлемдерді құшағына сыйдырып, сүйіншілеп, күніге білгісаярдан арғы жағынан мен мұндалап күлімсірей беретіні…

2006 жылы тарланбоздарды жанай да түсті, ысылта да түсті. Кім жоқ десеңізші олардың қатарында… Өзіедік ашылмаған қыры көп Қайраты пен Тентекбаласынан бастап, қапелімде қойып салатын Аюдың баласы бар, келісті сөзді қиыннан қиыстырған Еркемі бар, ойының бітімі мұқалмаған Томирисі мен Бахасы, керекинфоның төл атқамінерлері Ньюйоркері мен Шырыны, тәсірлі де мәйекті идеаларға бой түзеген Мараты мен Сигмасы, Робинзонша елсіз жерде көл-көсір боп жүрген Айтары мен гүл шоғын өлердей ұнатушы Керек адамы, қала берді түнімен көз шырымын да алмайтын Қырмызысы, сайттың ардагер тәтесі атанып үлгерген қылыш сөзді Көңілашары, тыңнан қосылған жас пері Торланасы, мафиягер Мәриямы, эссе өнерінің маэстросы Бекжан профессор ағайы, періште Меркельдің дұғай-дұғай ассаламауғаләйкүмін бұлжытпай жеткізуші Симона мен Салтанат, сөзі алтын да қола, өзі Лола – түйіндегенде, жоғы жоқ.

Рас, түпнұсқасын Аршат пен Бекжан түзген сайт бүгін ел игілігіне айнылп үлгергенін тарих дәлелдеп отыр. Сайттың өміршеңдігі, виртуалдық барболмыс пен шынайы күйкі тірліктің қабыса жанасуы пайдалуншылардың құзыретіндегі міндет екенін ескерер болсақ, ол кісілерсіз аттап алға басу, ілгерілеу жоқ екенін тағы мойындауымыз шарт. Осының бәрін ескере келе, сайт әкімшілігі жылара сайтқа ерен еңбек сіңірушелерді ынталандырып отыруды дәстүрге айналдырған.

Екі мың алтыншы жылы сайттың тамыры тереңдей түсуіне зор ықпал қосушылардың арасында бұдан бұрын жасырын дауыс беру арқылы үздіктерді анықтауға кіріскеніміз әмбе керекинфошыға аян. Енді сол мүшәйрәнің да томағасын сыпырып, қорытындысын жалпақ жұртқа жайып салар кез келіп жетті.

Алдымен ұзын етектілерді түгендеп өтелік.

Өткен жылы өзінің қарқынымен, әсіре белсенділігімен, тартымды посттарымен дүйім керекинфолық форумдастардың бірі әрі бірегейіне айналып үлгерген Симона қыздар арасында үшінші орынды қанжығаға байлады.

Ізденімпаздығымен, ұтымды әрі айшықты позициясымен, салымының мықтылығымен керекинфоға жаңа леп әкелген Лола ханым екінші орынды місе тұтты.

Санақ қорытындысы бойынша айтулы бірінші орын және Екі мың алтыншы жылғы ең үздік қыз керекинфошы номинациясы қашанда ашық-жарқындығымен, үйлесімді ойымен, мысық атаулыға бір табан жақындығымен ерекшеленетін Көңілді ашар Жаннаға бұйырыпты.

Жеңімпаздардың бұл легін ең ыстық ықыласпен құттықтап қояйық!

Енді қыз-қырқынды тәмәмдап, жігіттерді түгендеуді бастасақ мына нәтижелерге тірелеміз:

Екі мың алтының жігіттер категориясы бойынша үшіншісі жатса-тұрса есіл-дерті керекинфо болған, кесек сөздің кәдуілгі ұстасы Сигманың үлесіне тиіп отыр.

Екінші орын – айтары бар, жайпары бар, мұқтаждарға көмек қолын созуға әмәнда даяр, лирик әрі романтик Айтарға лайық!

Ал енді жігіттер арасында екі мың алтының ең үздік керекинфошы лауазымы Атырау кентінің құлагері, екі ғана сөз емес-ау, талай сөздің басын біріктіріп, жұмыр басты пендеге көкейтесті ой салушы, маржан сөздің зергері Маратқа бұйырыпты.

Жеңімпаздардың бұл легін тағы бір мәрте ду қол шапалақтатып құттықтап қоялық.

Жеңімпаздарға ең жақын арада құрмет сертификаттары табыс етілмек.

Бұған қоса, бәйгені ұйымдастырушылар алқасы қосалқы номанциялар бойынша жеңімпаздарды анықтайныны қатеріңізге салады.

Екі мың алтыншы – жақсы жыл!!!
Әрі қарай

КерекИнфода ең көп оқылған 10 тақырып

2010 жылдың желтоқсанынан бері сайтымызда 11 мыңдай пост жазылған екен. Солардың ішінен ең көп оқылғандарымен таныстыра кетейін.

Админнің бөлмесі: КерекИнфода ең көп оқылған 10 тақырып

1. Әйелдер және секс туралы айтылғандар 50344 рет
2. Секс туралы қызық фактілер 48858 рет
3. Әзілхан Нұршайықов.Махаббат қызық мол жылдар 35656 рет
4. Қыздарға арналған порно 27859 рет
5. Эротикалық жұлдызнама 26804 рет
Әрі қарай

Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Админнің бөлмесі: Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Бүгіннен бастап аптаның үздік 3 постына және ең көп плюс жинаған пікірге 500 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Әр дүйсенбі Астана уақытымен 10:00-де үздіктер анықталып, ақша қолданушылардың қалаған ұялы оператор номеріне аударылады.

Үздіктер тек жазба рейтингі бойынша ғана емес, оқылуы саны, пікір саны, мақаланың дұрыс орналастырылуы сияқты бірнеше критерий бойынша есептеледі.

Сәттілік!
Әрі қарай

Жазғы өзгерістер



Биыл сайтымызда жазғы сылбырлық болмайды ау деген ойдамын. Жаңа қосылған қолданушылардың белсенділігі осындай жорамалдарға негіз болып тұр

Сайтқа аздаған қосымша функциялар қостым:

1. Сайттың төменгі бөлігіне Инфо Панель қосылды. Ол жерге рейтингі 20-дан жоғары кездейсоқ жазбалар шығатын болады. Жеке хаттар мен жаңа пост бастау батырмалары да сол жерде орналастырылған. Төменгі сол жақ бұрыштағы КерекИнфоПанель батырмасын басып, сол кезде көрсетіліп тұрған тақырыпты оқи аламыз және оң жақтан соңғы 24 сағаттағы, 7 күндегі, 30 күндегі және жалпы бүгінге дейінгі ең үздік жазба, пікірлерді көре аламыз.

2. Ішіңіз пысып отырса сайттың оң жақ бөлігінде орналасқан кубикті басып қалыңыз. Ол жерде де кездейсоқ жазба шығады (рейтингі 20-дан жоғарылар ғана)

3. Жазбаларды әлеуметтік желілерде бөлісу батырмалары өзгерді. Ұнаған жазбаларды батылырақ шейірлей (share — ағылшын тілінде бөлісу) отырайық.

4. Жазбаның кей жерлерін тіркелмеген сайт қонақтарынан жасыру функциясы қосылды. Мысалы мақалаңызды тек сайт қолданушылары ғана оқысын десеңіз мақаланың басына анонс жасаңыз да, қалған бөлігін мына тэгтың ортасына қойсаңыз болғаны:

<hide>мәтін</hide>


Алдағы уақытта басқа да қосымшалар қосылатын болады және жазда қызықты іс-шаралар өткіземіз. Бізбен бірге болыңыз!
Әрі қарай

"Көктем гүлдері - Қыздар" апталығы



Көктемнің алғашқы аптасын Қыздар апталығымен бастаймыз. Қыз-келіншектер, жалпы әйелдерге қатысты тақырыптарды көктем гүлдері ілмегімен жариялайық. Бұрын жарияланған тақырыптарға да осы ілмекті қосып, шығаруыңызға болады. Апталық 1-9 наурыз аралығында өтеді.

Белсенді қолданушылар Блог Құрылтайда марапатталады. Демеуші боламын дегендерге есік ашық
Әрі қарай

Интернетпен қашан таныстыңыз?

Мектепке алғаш барған кезімізді, алғашқы ұстазымызды еске алғандай интернетке қалай келгенімізді де еске ала отырайық. Қандай сайттар алғашқы сайттарыңыз еді? Қандай бағдарламаларды көп қолданатын едіңіз?

Менің интернетпен таныстығым 1997 жылы басталды. Анкара қаласында оқитын нағашыма қонаққа барған едім. Университеттеріндегі интернетке алып барды. Алғашқы көрсеткен сайты Караван газетінің сайты www.caravan.kz еді. Алғашқы қазақстандық сайттардың бірі сол сайт болған сияқты. Кейін өзіме барғасын асықпай қараймын деп http:// деп басталатын жерінен бастап бір қағазға жазып алған едім. Осылайша интернеттің не екенін түсіне бастадым.
Әрі қарай

КерекИнфо-2012. Жыл қорытындылары.



Жыл қаласы: Астана
Биылғы жыл астаналық керекшілердің көбейген жылы болды. Көбейіп қана қоймай бірнеше іс-шараларды ұйымдастырды да астаналықтар. Басқа қалалардағы керекшілерге қарағанда биылғы жылы астаналықтар көбірек белсенді болды.

Жыл жиыны: Блог-құрылтай
Ешқандай талассыз биылғы жылдың үздік жиыны деп Блог-құрылтайды атауға болады. Осымен 2-ші рет, Астанада 1-ші рет өткен Құрылтай жақсы өтті. Құрылтай арқасында достық қатынастар нығая түсті.

Жыл флеш-мобы: Домбыра-пати
Өнерді және қазақылықты насихаттау мақсатында жасалған бұл флешмоб алдағы уақытта кең көлемді болады деп ойлаймын. Күзде аз уақыт қана болғанымен ел есінде қалған қозғалыс болды.

Жыл мазағы: Рафаелло құрбандары
Немесе жыл жазасы. КерекИнфода жақсы дамып келе жатқан стеб стилін ұстанушылардың бірі Рафаеллоның тұзағына түсен БАҚ өкілдері жылдың басты кейіпкерлеріне айналды.

Жыл креативі: Кино-пати
Киностан жігіттерінің ұйымдастырумен басталған Алматыда өткен кино-патилер жылдың үздік идеясы, креативі.

Жыл суреті: «Гол жіберсеңдер қатынсыңдар»
Австрия — Қазақстан матчының соңғы минуттарында стадионда керекшілер көтерген бұл жазу әлеуметтік желілерде ең көп шейірленген, ең көп әңгіме болған сурет болды.

Менің ойыма түскендер осылар болды. Бірге жалғастырайық.
Әрі қарай

КерекИнфоның мобиль нұсқасы қосылды



Сайтымыздың ұялы телефондарға арналған нұсқасы қосылды. Ұялы телефондардан кіру енді жеңілірек болады. Ықшамдалған, көп траффик жемейтін бұл нұсқа арқылы енді тек пікір емес, пост та жазуға болады. Оқылуы да ыңғайлы. Жұмысында кіре алмай жүргендерге, үйінде интернеті жоқтарға, жолда жүргендерге, түнде ұйықтай алмай жүрген КерекИнфо «нашақорларына» керемет мүмкіндік.

Мобиль нұсқаны көру үшін ұялы телефоныңыздан сайт адресін терсеңіз болғаны, автоматты түрде ықшамдалған нұсқа ашылады. Ал браузерден қарап көремін десеңіз:

Қосу: kerekinfo.kz/?force-mobile=on
Ажырату: kerekinfo.kz/?force-mobile=off
Әрі қарай

Керек-Галерея қосылды



Сайтымызға жаңа Галерея бөлімі қосылды. Қолданушылар альбомдар ашып, фотоларын қоса алады. Фотоларға атау және қысқаша түсінік жазуға болады. Ілмек қосу функциясы да бар және фото ішіндегі қолданушыларды да белгілеп қоя аласыз. Фотоларға пікір жазып және баға беруге де болады. Күннің Үздік фотосы алғашқы бетке шығып тұрады.

Фото қосу және түзетулер Жаңа пост сілтемесі арқылы жасалады. Жаңа фото қосу үшін алдымен альбом ашуыңыз қажет ал құрылған альбомға жаңа фотолар қосу үшін сол альбомды ашасыз.

Ескерту: Тек қана фотосуреттер ғана қоса аласыз. Максимум сурет саны 50. (алдағы уақытта көбейтілуі мүмкін)
Әрі қарай