Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Админнің бөлмесі: Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Бүгіннен бастап аптаның үздік 3 постына және ең көп плюс жинаған пікірге 500 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Әр дүйсенбі Астана уақытымен 10:00-де үздіктер анықталып, ақша қолданушылардың қалаған ұялы оператор номеріне аударылады.

Үздіктер тек жазба рейтингі бойынша ғана емес, оқылуы саны, пікір саны, мақаланың дұрыс орналастырылуы сияқты бірнеше критерий бойынша есептеледі.

Сәттілік!
Бөлісу:

59 пікір

Arys_arlany
Таныс-паныс рөл ойнап кетпейді ма?
kokbori
боғырем, таныс-паныс рөл ойнайтын болса, Асауботаның таныстары жүздеп саналады. Ендеше жазбаңды жариялай салсай) Пара беру десең бір жөн)
Arys_arlany
Автордан сұрап жатырмын Кокборы
asaubota
нақты көрсеткіштер бойынша анықталады. жазбаның оқылу саны, пікір саны, плюс саны. сапалы жазба жазсаң болғаны көрсеткіш өзі келеді. таныс-паныс деген болмайды әрине.
Arys_arlany
мхм, сенбі күні жарияланған тақырыбы мен суреті сәйкес блогтың екіншісі үздік болғаны ғой, басты бетке шыққанына қарағанда
asaubota
үздіктер әрине басты бетке шығады, 8 плюс алса атып шығады.

оқылу санын көбейтудің ең жақсы жолы — сілтемені әлеуметтік желілерде бөлісу.

пікір санын көбейту үшін өзің де пікір жазып, пікірталас тудыра алуың қажет.
Arys_arlany
рахмет жауап қайтарғаныңызға
Arys_arlany
менің ойымша бұл сайтта блоггердің атақ-абыройына да қатысты деп ойлаймын, өйткені бір мағынадағы екі блогжазбаны бағалау мен коммент жазу екі түрлі, сондықтан да мен осы жағынан келіспейтінімді білдіремін. Керекинфо мен үшін соңғы уақытта ең қызықты сайтқа айналды, біраз жігіттермен де танысып жатырмын, осылай қала беред…
asaubota
өзіңе сенімсіз сияқтысың. қателіктерден қорықпа, бірден жеңімпаз болмасаң да басқалардан үйренесің, өз қателеріңнен үйренесің. тәжірибе солай келеді.
UlykbekAliakbaruly
Менің жазған жазбам хит боп жатыр білем, пікірталас болып
Arys_arlany
жарайды, осы жерден тоқтайын, әйтпесе ана барыстағы бір бәлеқор быратанға теңеп жіберер, негізі бір жағынан осы жаққа кіргелі, жай өмірден бір диалог құрастырып жүру әдетке айналды, ерекше жағдай болса міндетті түрде жазылад))
Arys_arlany
Осы жағын ашық жазып өтсеңіз!
UlykbekAliakbaruly
Керектіктердің арасында сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ!
satibaldi
Өз атымнан «Піздүк пост» деген номинация тағайындап, 10(он) бірлік тігемін, және біріншісін автоматты түрде F0x_kz -ке бергім кеп отыр. Эникейші христианин, нөміріңді жекеге жібер!
neoaskar
түйе берсең бие аласың, давай 1000 бірліктен лақтыр.
zholantai
дауай, дауай. ақша, тиын-ең дұрыс мотивация ғо)))
asaubota
фавориттердің бірісің, сол қарқыннан тайма.
Medium
Сауалнамалар қатыса алады ма? Жаңа біреуін қостым kerekinfo.kz/blog/10879.html
asaubota
әрине. кез келген пост түрі бола береді.
Ispek92
Қанша уақытқа созылады бұл науқан?
asaubota
барынша созуға тырысамыз ғой. жақсы қор жиналатын болса сыйақы көлемі бұдан да көбейеді немесе басқа түрлі байқаулар болуы мүмкін.
Aidakonya
осы посттың өзі үздіктердің бірі атанатын сынды))
asaubota
егер өткен апта басталған болса үздіктер шамамен мыналар болар еді:

Аида Жанарбекова (Қазақстан қыздар гандболы құрамасының шабуылшысы): Әр спортшының мақсаты – Олимпиада!
Тылсымға толы дене
Алматыдағы оныншы Party

бірақ алғашқысы менің постым болғандықтан үштікке мына постты кіргізер едім:
Бүгін Шымкентте автобуста жүру тегін (Рамазанның құрметіне)

ал үздік пікір:

Marcо:
Мынау бір мықты пати болған екен. Абдулхамит ағаның домбыраны массаға таратудағы еңбегі ерен, шынында. Нотамен емес құлақпен, жүрекпен үйрететін әдісінің арқасында кәсіби болмаса да, әләуләйін айта алатындай деңгейде домбыра үйренгендер көп.
kerekinfo.kz/blog/DombyraParty/10866.html#comment266811
Marco
Өйдә, бір аптаға Омарбыраттан "үздік пікірист" атағын тартып алдым десиш)
Arys_arlany
Ұлеке 500 еденецаны 50/50 қыламыз ғой, ия))))))
neoaskar
үлкендердің әңгімесіне жарияланғандар да кіре ме, ондай жазулар бірінші орынды ойып тұрып алатыны белгілі ғой
satibaldi
Сондай тақырыпта қаламың өткір ме еді?
asaubota
ол қауымдастық та осы сайттікі емес пе?
sigma
500 Бірлік алу үшін қанша пара беру керектігі ақылыма сыймай отыр.
asaubota
бүгінге дейін ең көп плюстелген пікір мынау екен.
Aya
Әуелден зеректігіммен көзге түсе қойғаным шәмәлы еді. Маған онша қатысы жоқ екен ))
Ispek92
2-3 аптада кейін 500тг ұтам деп жоспарлап отырмын, жазба жазуға жұмыс кедергі болуда
Aikona
Жалпы бізде мұндай акциялар жақсы әсер етеді . Бүгін кәдімгідей адам көп
Aidakonya
Керек кешеден бері екінші тыныс алғандай)) 500 бірліктің күші мынау болса бәйгеге 5000 тігілсе, ойлауға да қорқынышты))
Marco
Одан емес деп сенгім келеді. Просты, әдемі тақырыптар әңгіме болып жатыр.
asaubota
бұрынғы керекшілер оған бас ауыртып отырған жоқ. менің ойымша сайттың қайта қызуы Фейсбуктың қызығы басылғандығы және Фейсбуктың көп жерде әлі ашылмай тұрғаны.
zholantai
бас сұқпай кеткен керекшілердің оралуы қуантады,
asaubota
сол үшін ескі тақырыптарды қопарып отыру керек
zholantai
иә, керекте әжептәуір қор бар ғо, «мә» деп ұялмай көрсете алатын
Gastarbaiter
Шара әлі күшінде ме?
Daniar-Alan
күшінде
Gastarbaiter
Бір айдан бергі үздіктер қайда?
ken
Админнің жариялымдарынан қарасаң болады. Соңғысы өшіп кетті ғой деймін.
Ispek92
мен үздік болдым сосын өшіп кетті, неге десеңіз пүздіктің үздік болғанын хостинг көре алмады
Gastarbaiter
Кідәй, жірек
Ispek92
сізі кішкентай кезіңізде қай тілге үйреткен? жазғаныңызды қалай түсінерімді біле алмай отырм
Sashok
 Қыз деп қалдың ба
Ispek92
Жоға бұл братты білемін ғой жазбаларынан, жазғанын түсіне алар емеспін ваще
Sashok
Түһ, саған айтпайм.
Ispek92
 тағы қуып кеттім лібә, кешіріңіз