Аида Жанарбекова (Қазақстан қыздар гандболы құрамасының шабуылшысы): Әр спортшының мақсаты – Олимпиада!

  • Автор
Гандбол — қазақ үшін таңсық спорт түрлерінің бірі. Гандбол ойнайтын қазақтар өте аз. Бүгін Гандболдан Қазақстан Ұлттық Құрамасының ойыншысы Аида Жанарбекованы таныстырғымыз келеді. Аида тек спортшы ғана емес, ол КерекИнфоның белсенді мүшесі. Сайттағы логині: Aidakonya

Біз білмейтін қазақтар: Аида Жанарбекова (Қазақстан қыздар гандболы құрамасының шабуылшысы): Әр спортшының мақсаты – Олимпиада!

– Гандболды таңдауыңа не себеп болды? Қашаннан бері айналысып келесің?
– Кішкентайымнан спорттың кез келген түріне бейім болдым. 5 сынып оқып жүргенімде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Минеева Вера Ивановна және Юсупов Мажит Каримович мені гандбол үйірмесіне шақырды. Сол кезде гандболдан ештеңе білмейтінмін. Мені арнайы шақырғандықтан, жауапкершілікпен қатысып, ойнап жүрдім. Жаттығуды құр жібермейтінмін. Гандболға қызығуыма бапкерім де әсер етті. Ол кісі менің кумирім еді. Соған ұқсағым келді, оның ойы, пікір маған өте қызық болатын. Сондықтан, бар мүмкіндігімді салып жаттықтым. Қазір де сол тәртібімнен айныған жоқпын.

– Командада сенен басқа гандбол ойнайтын қазақ қызы бар ма? Жалпы қазақтардың бұл спортқа қызығушылығы қалай?
– Құрбыларымның арасында елімізде ғана емес, шетелде де ел намысын қорғап жүрген гандболшы қазақ қыздары жетерлік. Гандбол спорты біздің елде бокс, күрес тіпті футбол тәрізді танымал емес. Еуропадағы қол добына құмарлар бізден анағұрлым көп. Соған қарамастан, әлем, Азия деңгейінде Қазақстан гандболына оң көзқараспен қарайды. Халықтың көбі «гандбол» туралы біле бермейді ғой. 100 адамның 80-і қандай спорт екенінен бейхабар.

Біз білмейтін қазақтар: Аида Жанарбекова (Қазақстан қыздар гандболы құрамасының шабуылшысы): Әр спортшының мақсаты – Олимпиада!

– Командалық ойындар ішінде гандбол ауырларының бірі, әрі жарақаты көп болады ғой. Сендерде қалай? Әлде, қыздар гандболы бейбіт өте ме?
– Жарақат алатынымыз рас. Бірақ, төбелеспейміз. Кейде түсініспеушілік орын алып тұрады, ондай жағдайда тез шешімін табуға тырысамыз. Оның үстіне, гандбол тек ғана ойын. Өзіндік тәртіптері, ережелері қалыптасқан, сондықтан, келеңсіздікке жол берілмейді.

– Басқа қандай спорт түріне қызығасың?
– Жүзу, баскетбол және үлкен теннис ұнайды. Алда-жалда гандбол болмағанда, үлкен теннисті таңдайтын едім.

– Қай елдің гандболшыларының ойыны көңілінен шығады?
– Оңтүстік Корея мен Швеция спортшыларының ойын өрнегі ұнайды. Олар әдемі ойынмен қатар үнемі жаңа әдістер көрсетіп отырады.

– Шетелде ойнағың келе ме?
– Әлбетте! Шетелде ойнау тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді. Әрі ойыншы ретінде өсіп, дами түсесің.

Біз білмейтін қазақтар: Аида Жанарбекова (Қазақстан қыздар гандболы құрамасының шабуылшысы): Әр спортшының мақсаты – Олимпиада!

– Жоғары білімің бар ма? Келешекте спортты таңдайсың ба, әлде басқа саламен кетесің бе?
– Қазір туризм саласында жоғары білім алып жатырмын. Болашақта не болатынын уақыт көрсетеді. Әзірге өмірім гандболмен тығыз байланысты.

– Спортпен айналысып жүріп жастық шақтың қызықтарынан құр қаламын деп ойламайсың ба? Жалпы тұрмысқа шығу жоспарыңда бар ма?
– Керісінше, жастық шақ қызықтарын толықтырады. Оқушылар жазғы демалысқа шыққанда ата-аналары ауылға жібереді ғой, ал біз болсақ еліміздің ең тамаша, табиғаты әдемі жерлерге барып жаттығамыз. Ол жақта 24 сағат бойы жаттығу жасамаймыз, көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырып өткіземіз. Балалық шағым өте қызықты өтті және жастық шағым да гандболдың арқасында қызыққа толы. Туризмге, саяхат жасауға қызығамын, ал гандболдың арқасында бір талай шетелдерін араладым.
Әр қыздың арманы ақ көйлек киіп сүйгеніне қосылу, одан бала сүю. Бірақ әр нәрсе өз уақытымен. Алдағы 5 жылда гандбол мен оқуда ғана жоспарладым. Кейін жаратқанымыз өмірлік серігімді кездестіріп жатса, тұрмыс құрудан бас тартпаймын.

Біз білмейтін қазақтар: Аида Жанарбекова (Қазақстан қыздар гандболы құрамасының шабуылшысы): Әр спортшының мақсаты – Олимпиада!

– Егер спорт пен жанұялық өмір арасында таңдау тұрса қайсысын таңдар едің?
– (Күліп) Екеуі де маған керек. Дегенмен, гандболмен шұғылданып жүруіме қарсы тұратын жігітпен жанұя құра алмаймын. Гандболды таста деген жігіт – менің адамым емес. Онымен болашағым жоқ екеніне сенімдімін.

– Әдетте спортшылар Олимпиада чемпионы болу секілді белгілі бір мақсат қояды. Қалай ойлайсың Қазақстан гандболы келесі Олимпиадаға қатыса алады ма? Негізгі қарсыластарың кім?
– Әр спортшының мақсаты осы – Олимпиада! Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бәрі Алланың қолында ғой! Бірақ өткенімізге көз жүгіртсек, қазіргі гандболдағы мүмкіндігіміз әлдеқайда өсті. Құрамадағы легионерлер азайды, жеңілген күннің өзінде де тәжірибе жинадық. Ал бұрын ондай да мүмкіндік болмаған еді. Қазақ жастарын спортқа тарту үрдісі енді басталып жатыр. Басым бөлігіміз қазақстандықтар болғандықтан, Олимпиадаға қатысуға бар күшімізді саламыз. Негізгі қарсыласымызды айту қиын. Өкінішке қарай әлемдік деңгейде рейтингіміз төмендеу. Бірақ Азия елдері арасында Оңтүстік Кореядан кейін екінші келе жатырмыз. Тәжірибе көбірек қажет бізге. Еңбек, еңбек тағы да еңбек…

Біз білмейтін қазақтар: Аида Жанарбекова (Қазақстан қыздар гандболы құрамасының шабуылшысы): Әр спортшының мақсаты – Олимпиада!

– Спортшылар әдетте 30 жаста «зейнетке» шығады. Одан кейінгі жоспарларың қандай?
– Спорт ол мәңгі! Адам 30 жасында да спортпен айналысуы мүмкін, ол әр адамның таңдауы. Мен болашағымды спортсыз елестете алмаймын. Егер спортқа мүлдем жарамай қалсам, мүмкін бір құраманың (гандболшылардың) менеджері немесе т.с.с. бір қызметін атқарармын. Алайда, спорттан алыстап кетуім екіталай.

– Әңгімеңе рахмет!

Сұхбаттасқандар Аршат Оразов және Абай Отар
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

168 пікір

Marco
Ой бәрекелді! Мен волейболшы деп ойлап жүрсем) Гандбол дегенді қалай көрмей қалдым екен) Сәттілік! Олимпиадада көрейік!
omarbirat
Міне, ол қалай! Мен тіпті арамызда кәсіби спортшы барын білмеппін.
asaubota
Мақсатыңа жет Аида. сені 2016-да Рио Олимпиадасында көрейік.
Aidakonya
тілектеріңізге рахмет, сенімді ақтауға тырысамын! (бір түрлі қызық екен))))))
Соңғы түзету:
asaubota
осы жерге сұрақтар жазайық саған.

1. Ирина Боречконы танисың ба? Танысаң ол қазір қайда?
2. Қандай музыка тыңдайсың? Кімдер ұнайды?
3. Гандболда саған көбіне қай жақтан шабуылдаған ыңғайлы? Флангтар ма әлде ортадан ба?
4. Футбол мен сыра саған қаншалықты жақын?
Aidakonya
1) иа, танимын, көбіне сырттай, ойындарын білемін, оның декретке кеткендігін ғана білемін, содан кейін ойынға шықпады, басқасынан бейхабармын;
2) әр түрлі, әкем қазақ әндерін ғана тыңдағандықтан көбіне соларды, ағылшын тілін үйреніп жүрген кезден бастап сол тілдегі әндерді түсіну үшін жиі тыңдап жүрмін, әрине ішкі дүниеммен сырласқанда, ойға шомылғанда классикалық әуендерге не жетсін… әсіресе Шопен;
3) менің позициям сол жақ бұрыш пен сызық (линия);
4) футбол өте жақын (Бавария клубы мен Дидье Дрогба ойыншысы ұнайды) — сыра өте алыс.
asaubota
студент кезімде гандболды жиі қарайтын едім, Ирина сол кезде мен оқыған қаланың командасында ойнады. сонда бір әзірбайжан қыз ойнады, оң жақ бұрышта. линиядан әдемі кіретін, ұстау қиын болатын оны. сол жақ бұрыш ыңғайсыздау емес пе? қай қолыңды көп қолданасың? солақайларға қарсы ойнау қиын ба?
Aidakonya
гандболға қай жақтан қарасақ та оңай емес, ойынды бірінші рет көріп тұрған адамның өзі-ақ солай диді, менің ойымша егер сен мықты ойыншы болсан ойын позиция маңызды емес)
Daniar-Alan
Әйдәкөш дайындық кезінде допинг ішесіңдер ма?
Aidakonya
тек дәрумендер ғана)) Аида деңізші))))
patick
Жеңіске жете беріңдер! Қазақстанның гандбол және волейбол құрамасының қыздары ең секси!
Aya
Aidakonya тек сәттілік, жақсылық тілеймін  Қазақ елінің намысын қорғай бер.
bazuka
Оооо Аида! Сәттілік тілеймін спортта!
сұрақ: Ойын алдында қандай жігерлендіретін сөздер айтасыздар?
Aidakonya
Рахмет) Сөздер: Ұрпақ үшін, ел үшін, — Атамекен жер үшін))))))) спортқа қатысы бар киноларда көбіне солай көрсетіп жатады, әр спортшының өзіндік дәстүрлі істері, сөздері, көретін киносы, оқитын кітабы, барып шығатын жері бар сынды, ал шынымен ойын алдында тек қана ойынды ойлайсын, бапкердің нұсқауларын тыңдайсын, бір сөзбен айтқанда ондай-мындайға «не заморачиваюсь»
bazuka
Киноларда сөйтед ғо)) бірақ былтыр бір жарысқа барғанда волейбол ойнап жатқан қыздар мен жігіттер жігерлендіретін сөздер айтып, бар дауыстарымен айқайлап жатты. соған ойлағам кәсіби спортшыларда сөйте ме екен деп)
zholantai
спортсменкаларды құрметтейм, деннің саулығы мен жеңіс тілейм
Adiletshu
Автографы бар футболкаңды фанатыңа бересің ба
Aidakonya
жоқ, киім таратуға (енді біреу мұқтаж болмаса) қарсымын)
Arys_arlany
Папасының қызы екен да, жынысы еркек
Aidakonya
))))))))))) Керекте өзім жайлы ашып айтамын деген ой бастапқыда болмаған, сондықтан қазір жазған пікірлерімді оқып — ай-ай-ай, тентек қыз -деп жатқан шығарсыздар, негізі осы мекенде өзімді еркін «на расслабоне» ұстаймын, гандболдағы Аидаға мүлдем қарама-қайшы…
Adiletshu
100 метрді қанша секундта жүгіресің?
Aidakonya
Көзіңізді ашып-жұмғанша))
Adiletshu
Айта салшы
Aidakonya
7-9
Adiletshu
Минут па
Aidakonya
аха)))))))))) не үшін сұрап жатсыз?
bazuka
секунд ғой))
Aidakonya
ой жоқ))))))) былай есімде жоқ екен 13-15 секунд шығар
mercedes
Спортшы қыздарды ұнатам
Adiletshu
Боянасың ба
Aidakonya
ойын, жаттығу кезінде — жоқ, күнделікті өмірде — иа))
Adiletshu
Сенен басқа қазақ қыздар да қазақша сөйлей ма
Aidakonya
тырысады, бірақ барлығымыз орыс мектебін бітіргенбіз
Adiletshu
Суреттегі қазақ қыздардың бәрі нәзік көрінеді. Орыстың мошный қыздарымен основаға таласу қиын емес па
Aidakonya
сыртқы келбет бойынша ғана нәзік көрінеміз, былайша күш жетерлік, ешкімге дес бермейміз!
Adiletshu
13 нөмірлі қыздың крупным планом түскен суреті бар ма
Aidakonya
Арнайы Сіз үшін

Adiletshu
Осы қызды керекинфоға тартсайш
Aidakonya
қазақша түсінбейді
Adiletshu
Орысша сөйлей береміз
konvict
Аида екеуміз доспыз иә?))))
ken
Суретте 19-номердегі Әсем Батырбекова ма?
Соңғы түзету:
Adiletshu
Фигурасы жынды екен. Қайдан танисың. Саған кім болады?
Adiletshu
Профиліңдегі негір кумірің бе?
Aidakonya
аха, жақсы көрем, түрі сүйкімді сондай
Adiletshu
Ораза ұстадың ба
Aidakonya
Атеистпін десең)) жылда ұстайтын едім, бірақ биыл ең күрделі, маңызды әрі жауапкершілігі мол жаттығулар осы ораза маусымына қатарлас келді, күніне 5 км кем жүгірмейміз, сондықтан ұстау қиын болады деп ұстамадым)
Adiletshu
Жылдам болуың үшін не істеуің керек, қандай жаттығулар
Aidakonya
неде жылдам болғыңыз келеді?
Adiletshu
Қысқа қашықтыққа рывок
Соңғы түзету:
Aidakonya
өте қарапйым, күнделікті жүгіріңіз, ең бастысы біреуден озу, жеңу емес, өзіңізді, яки өз еріншектігіңізді жеңу, таңертен не кешке шағын қашықтықтан және аз жылдамдықпен жүгіруді бастаңыз 90 күннен кейін үзбей жүгіріп тұрсаңыз Сіз ешкімді озбайсыз, жай ғана Сізді ешкім қуып жете алмайды)) Сәттілік
Daniar-Alan
неде жылдам болғыңыз келеді?
мұнымен жылдамдық барлық кезде жақсы емес дегіңіз келеді ғой
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Мына қызды сыйлай бастадым е
Adiletshu
Алматыда туып-өсіп, сонда мектепте оқып па едің?
Aidakonya
Алматыда тек окыдым
Ispek92
Футболдағы тактикаларды жақсы білемін, гандболда да тактикалар бола ма? Болса қандай, мысалы?
Aidakonya
Иа, арине, кейiн егер мумкiндiк болса гандбол жайлы толык пост жазармын, 1 пiкiрмен толык жеткiзу мумкiн емес))
Ispek92
Күтем, ұмытып кетпеңіз)) тактикаларды оқығанды жақсы көрем
izbasar
Қарындасыма спортта табыс тілеймін. Қазақтың қолынан бәрі келеді. Еңбегінен табыс, қазақтың намысын берме.
Adiletshu
Мөлдір Айтқожаеваны танисың ба
Aidakonya
Иа)))оте кызык екен, негiзiнде танитын адамдарым оте коп))
AKA
Күшті сұхбат!  Жеңіс көп болсын!
П.С. Кезінде, 5-6 сынып болуы керек, мектепке «Сейхун» командасынан 5-6 қыз келіп, гандбол үйірмесіне қыздарды іріктеген болатын. Солардың көзі түскендердің қатарында болдым, жеке ақпараттарды жазып алды. Үйге барып мәз боп айтқаным бар, кешке қыздар хабарласты. Үйдегілер сұрастыра келе жібермейтін болды, өздерінің жатақханасында жатып, сол жақтан сабаққа қатынау керек т.с.с. мәселені естіп шошыды. Ну енД, үйден жырақ жібермейтін ол кезде
Aidakonya
тілектеріңіз бен сұрақтарыңызға көп-көп РАХМЕТ!!!
satibaldi
Доп ойнай алмайтын еркектерге көқарасыңыз?
Aidakonya
бір қалыпты, спортшы болғасын ба, сабақты көп босаттым, сондықтан араласатын адамдарымның ең бастысы біліміді болғандарын қалаймын, білімейтіндерімді біліп алу үшін))) ал допқа қатысы бар жоғы маңызды емес, ол өзімде де жеткілікті))
satibaldi
Жедел жауапқа рақмет. Тағы бір сұрағым бар еді: жалпы, еркектерге көзқарасыңыз?
Aidakonya
Первым делом, первым делом — самолеты) «Гандболмен шұғылданып жүруіме қарсы тұратын жігітпен жанұя құра алмаймын. Гандболды таста деген жігіт – менің адамым емес. Онымен болашағым жоқ екеніне сенімдімін» алдымен спорт, сосын жігіттер)
Daniar-Alan
ха… Байсыз қаласың ғо гүжігім…
Aidakonya
өзіңіздің сөзіңізге сенімдісіз бе
konvict
Мен гандболға жақсы қараймын. Очкиімді киівалып қайтадан жақсылап қараймын
asaubota
волейбол ғой ең секси спорт түрі
Marco
Американский футболдың әйелдер ойнайтын түрін көрдің бе, бырат?
asaubota
көрмеппін. волейбол бала ойыншығы ма?
konvict
Әсіресе қыздар ойнайтын жағажай волейболы)))

П.С. Волейбол ойнау туралы жоспар әлі күшінде ме? Ораза кезінде сол футболдан волейбол жақсы ғой
Daniar-Alan
а маған әйелдер теннисі ұнайды. Допты ұрған кезіндегі ышқынған дауысы: аааах… оооохх
Daniar-Alan
былай… бақытың баянды болсын ғо енД… Бірақ… очм өзің білш
konvict
Жалпы доппен, домалақ шар тәрізді затпен ойнайтындарды жақсы көремін
Aidakonya
Жалпы доппен, домалақ шар тәрізді затпен қатаң ойнайтындар да болады, жақсы көруде абайлаңыз))
(мынадай күшпен соғылған шардан (доптан) аман қалу екі тала)))))))
Medium
Қақпашыларға қиын шығар гандболда? Әдейі бетіне лақтыратын кездер болады ма?
Aidakonya
гандбол қай ойыншы үшін де оңай емес, қақпашылар үшін де солай шығар, өзім тұрып көрмеппін) жоқ әрине, керісінше қақпаның ашық тұрған жеріне ұруға тырысасын
Adiletshu
гол ма?
Aidakonya
аха) ашық тұрмын ғой, екеуінің біреуі кедергі болғанда мақатыма жету қиындау болар еді)
konvict
 

П.С. Жейдедегі жазу қандай?
Aidakonya
бізде "қазақстан")) олардікі мына суретте оқылса
Medium
Австралия сияқты формаларына қарағанда.
Aidakonya
өте дұрыс)
Medium
Австралия қыздары қалай ойнайды? Олар футболдағыдай Азия Конфедерациясына кіреді ме?
Aidakonya
1) есеп 37:9 (біз жеңдік) 2) бұл ӘЧ
omarbirat
Қарсылас үш қыздың күдерін үзіпсің ғой
Marco
Очм, Астанада ойын болса, жиналып жанкүйер болуды ұсынамын!
Aidakonya
Рахмет!!! Сізді қатты сыйлаймын!!!
satibaldi
Тағы бір сұрақ: спортыңызды "қолбол" деп атап, айналымға енгізіп жіберуге көзқарасыңыз?
Aidakonya
мүмкін гандбол — "қолдоп", футбол — «аяқдоп»)))))) көзқарасым онша емес, қала берсін бұрынғыдай
Abilakim
Айдаконя,қарсыластарыңды әрдайым айдай беріңдер!
Marco
Ұлттық құраманың базасы Алматыда ма сонда? Астанаға қашан келуің мүмкін?
Aidakonya
Иә, Алматыда, солай дұрыс сияқты, жылы))
Rafaello
Бір футболшы қызды танимын, жүріс-тұрысы, мінезі, сөздері еркек сияқты. Гандболда ондай қыздар бола ма?
Aidakonya
қазақ қыздары арасында жоқ деп айта аламын, себебі жыл сайын басқа қалалардың қыздарымен жарыстарда кездесіп тұрамыз ол кезде де бір еркекшора сындысын көрмеппін, тіпті жай күндерде бізді спортшы екен деп ешкім ойламайды да
Armanjan
Табыстан-табысқа жете бер Аида, спортта бағың жана берсін!
Aldeken
Керемет, біз білмейтін қазақтардың бізді білгені қуантады… дееееп жұлдыздық ұставоцаң, ия? ))))))
Аида ханым, сәттілік тілеймін! Админ айтпақшы, Риодағы олимпиада ойындарында Қазақстанға жанкүйер болатынымыз өз алдына, керекшімізге жанкүйер болу бақытын сыйлауыңызға тілектеспін!
Aidakonya
РАХМЕТ!!! жасым 20 енді асқандықтан, бұйыртса алғашқы Олимпиадам бірақ соңғысы болмасын деп тілеймін, соған барынша тырысамын, дәл қазіргі кезде, бұрын мектепте де өмірімнің 90 % гандбол, тек қана спорт болған, бұйыртып лицензия алсақ 101 % гандбол, тек қана гандбол болмақ))
Nurgisa
Аида, қашанда жеңіс тұғырынан көріне бер!
Сызықтан шабуылдағыш екенсің. Маған қызық: әдетте линиядан лап қоятындар қақпашыдан айла асыру үшін допты шиіріп, «крученный» етіп жібереді. Тиісінше, сол қапталдан шабуылдасаң оң қолмен, оң қапталдан лап қойсаң — солақайшалап шиіруің керек. Сен оңқай сияқтысың, жұрыс түсінген болсам?
Одан соң, бір нәрсенің басын ашық алсақ: қыз баласы болғасын түрлі-түрлі жағдайлар болады. Үлкен жарыс кезінде өзіңді жайсыз сезініп қалсаң, ойнатпай ма? Әлде жайсыз сезінгеніңді бапкерге білдірмейсің бе?
Aidakonya
РАХМЕТ! 1) кеңесіңізді ескерем) 2) "Үлкен жарыс кезінде өзіңді жайсыз сезініп қалсаң" Ешқашан Ешкімге айтпаймын, «шөлдеп» күтемін жарсытарды, әсіресе Үлкен болса тіпті айтпаймын, бірақ осы аяғым көбіне ойынның ортасынан отырғызып тастайды, шынымды айтсам ойын кезінде қызулықтан ба, білмедім, ештеңе сезбейсін, жаттықтырушы сезіп қойса бітті онда, отырасын(( бірақ ойыннан кейін, өзіне қайтып келу үшін 1-2 апта, кейде 3-6 ай қажет)
Adiletshu
Осы неге қақпаға соққы жасағанда секіріп талтаясыңдар
Aidakonya
 бұл еще ниче, доп не істетпейді, жатамыз кейде
Rafaello
Соңғы сұрақ қатал
Aidakonya
мен негізі сұрақты түсіндім, жауабым сол қалпы қандай жағдай басқа түссе де, қай жақтан қонақтар келсе де ойыннан бас тартпаймыз))
Daniar-Alan
менің білуімше Қызылордалық қонақтар кейде 3-күн жатса, кейде 1-апта жатып кетеді екен… Тағы бір білерім, ол қонақтардың келуі кейбіреулерге өте ауыр әсер етеді екен. Енді сұрақ: Жалпы әйелдерге осы жағынан қандай жағдайлар жасалған? Әлде командадағы барлығы сізше ойлай ма?
Aidakonya
«менің білуімше Қызылордалық қонақтар кейде 3-күн жатса, кейде 1-апта жатып кетеді екен…» — сонда 1 ай 4 апта, олар келді деп 100% жаттығудың 25% орындамау миға симайды;
"өте ауыр әсер етеді екен" — спорт — денсаулық кепілі, спортшы қыздар көп ауыра бермейді;
«Жалпы әйелдерге осы жағынан қандай жағдайлар жасалған?» — біз барлық қызметкерлер сияқты жұмыс істейміз, жалақы аламыз, жаттығуға, ал ойынға әлбетте, келуге міндеттіміз, ал ауырып қалса ауырғанын растайтын медициналық құжаты болуы тиіс;
— ал былайша тікелей бапкеріміз әйел адам, сондықтан ол кісіден ештеңе жасырмаймыз, ал ол кісі үнемі түсінушілікпен қарайды)
mercedes
Қызылорданың «Сейхун»-нан нешірет жеңілдіңдер?
Aidakonya
Қызылорданың жанкүйерлеріне риза боламын, «Сейхунды» қатты қорғайды, жақсы көреді, біздерді жеп қоюға барады) мен ойнаған ойындарда тек қана жеңдік))
Adiletshu
Футболдан Қазақстан чемпионатындағы ортаңқол «Тараз» деген командалардың ойыншыларының айлықтары 10 мың доллар екен. Сіздерде қалай?
Aidakonya
10 мың долларға сәл жетпейді)) конфиденциально
Altin
10 мың долларға сәл жетпейд
уаууу
Nurgisa
Қыздар гандболында симуляция көп бола ма? Командаңызда «штатный пенальтист» кім, сіз бе?
Aidakonya
Сіз гандболды футболдың шеңберіне салып жатсыз)) 1) симуляция мүлдем болмайды деуге болады, гандбол — контакті ойын, бұл ретте сылтау, өтірік өтпейді 2) құжат бойынша бар, ол мен емес, бірақ «штрафнойды» барлығымыз соғамыз, көбіне ойын реті мен жағдайына тәуелдіміз
AidaKali
суреттер керемет  прям сол кездегі эмоцияны бере білген
жеңіске жете бер
Nurgisa
Айдаконья, Маралбектікіне қосымша: Астанада гандболға лайықталған залдар бар ма? Бар болса бір топ жанкүер боп ұсыныспен шықсақ федерацияға, елордада бір дода өткзіп жіберуге қатысты?
Aidakonya
шын айтсам білмейді екем)) командасы


оларды жағдайы жаман емес сияқты, ойын туралы да білмеймін, жоспарланған ойындар бар, қаража бөлу керек команданың келіп. тұру, жүруіне, бұл жағынан жауап бере алмаймын))
Adiletshu
Керекинфоға қалай келдің?
Aidakonya
бір әпкем кеңес етті, бірақ басында таза көңіл көтеру үшін тіркелген едім, пікір жазып, жымиып отыруға))
VKM
уау, Аида,қандай күшті сендей гандболшы қазақ қызы болғаны!!! Олимпиада чемпионы бол, тілектеспін
Altin
керемет  жарайсың Аида
Altin
20 жаста қатысу кеш емес па? мен қатыссам деп едім…
Aidakonya
әрине кеш емес, қалаңыздағы гандболшылардың жаттығатын спорт кешенін тауып алыңызда барыңыз, үлкен жетістіктер көрсетіп жатсаңыз мүмкін ойын алаңында кездесеміз
konvict
«Нұр Астана» газеті. 18/07/2013
NA-28-15
Aidakonya
Ух ты, алғысым шексіз, Рахмет
Daniar-Alan
рысбек Абай, енді анау тұңғыш дзюдошыны шығарып таста
PatriotKZ
Қазақ қыздарына осылй шайтани киімдермен далақтап жүгіріп жүрген жараса ма?!..
Rafaello
Ой, ой, ой! Қашыңдар, нациктер келді!
PatriotKZ
Болашақ бізде! Біз жеңеміз түбінде!!!
konvict
PatriotKZ
неге қарқылдап тұрсыз?
satibaldi
Алаштың қайғысын жалғыз арқалап тігілівөлетін болдың-ау түге. Бөліссейш нақ
PatriotKZ
Ең болмаса сөзбен демеп жүрмін мен!!!
satibaldi
Жоқ, шөбіңнен сұрап отырм мен, қайғыңды наққа бөлісіп сенің
Altin
нелеріңіз бар?! Дұрыс қой айтып отырғаны
Daniar-Alan
Сол қарындас әңгіменің бәрі тек айтып отырғаны ғана дұрыс болып тұрғанында ғой  Іспен дәлелдесе…
PatriotKZ
Рахмет қарындасым. Қарлығаштай қанатыңмен су септің ау мына көргенсіздердің ортасында
Altin
Рахмет аға. Сіз қай жерден боласыз? Таныссақ
Daniar-Alan
Сіз қай жерден боласыз? Таныссақ
япты  өлтіресіңдер бір күні мені
satibaldi
Байқа басжівермесін.
PatriotKZ
Ондай сұмырай ойларыңызды жиыстырып қойыңыз. Мен намаз оқимын. Намаз оқыған қыз ғана аламын.
satibaldi
Жә енді, жігіттіктің екпіні, қаптаған қара дайылдай деген Базаржоқ жырау. Тұратынын мойындасайш
PatriotKZ
Қызылжарданмын қарындасым. Өзің қайдан боласың?
Altin
Шымкенттен. Өмір бізді кездестіруге жазбапты… эхх
PatriotKZ
Сұмырай адам екенсіз. Мен сізге малмын ба не шөп жейтін?
satibaldi
Жоқ, адамсың. Шегетін.
PatriotKZ
мен тіпті темекі де шекпеймін. Әлхамдуллах ораза ұстап жүрмін.
satibaldi
Әкесі өлгенді де естіртед деген қаззақ. Беліңді бекем бу: өзің Алаштың газеті ғой деп жүрген «Нұр Астана» газеті жариялапты бұл мақаланы тіптен. Әні, енді екі бүйіріңді таянып бақыра беруіңе болады.
aikarakoz
Уау! Аида, тек қана биіктерден көріне бер! Тамаша!
пікір өшірілген
пікір өшірілген
Daniar-Alan
Мына жерде біраз қырылыс болыпты ғой
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.