Интернетпен қашан таныстыңыз?
Мектепке алғаш барған кезімізді, алғашқы ұстазымызды еске алғандай интернетке қалай келгенімізді де еске ала отырайық. Қандай сайттар алғашқы сайттарыңыз еді? Қандай бағдарламаларды көп қолданатын едіңіз?
Менің интернетпен таныстығым 1997 жылы басталды. Анкара қаласында оқитын нағашыма қонаққа барған едім. Университеттеріндегі интернетке алып барды. Алғашқы көрсеткен сайты Караван газетінің сайты www.caravan.kz еді. Алғашқы қазақстандық сайттардың бірі сол сайт болған сияқты. Кейін өзіме барғасын асықпай қараймын деп http:// деп басталатын жерінен бастап бір қағазға жазып алған едім. Осылайша интернеттің не екенін түсіне бастадым.
1998 жылдың басында алғаш рет өз бетіммен ақпарат іздеп тауып көрдім. Yahoo-дың спорт бөліміне кіріп, Қысқы Олимпиада нәтижелерін қарадым. Қазақстан шаңғыдан 17-ші ма сондай бір орын алған екен. Кейін сол Yahoo-дан өзім arshat@yahoo.com поштасын ашып алдым. Мен үшін үлкен жетістік еді. Ешкімнен сұрамай өз бетіммен тіркеліп алғаным. Ол кезде жұрт көбінесе Yahoo қолданатын. Бір күні олар Yahoo мессенджер шығарды! Керемет жаңалық еді. Бұрын mirc чат қолданып жүрген біз үшін бұл шынымен мықты жаңалық болды.
Mirc туралы да айта кетейін. Чаттың атасы осы mirc еді. #almaty деген каналда бәріміз Әсел деген қызды іздейтінбіз. Кириллица бізде болмағасын латынмен жазасыңдар деп бізді жақтырмайтын еді қазақстандық қолданушылар. Небір кездесулеріміз өтті осы чатта. Алдын ала уақыт белгілеп, интернет-кафелерге жүгіретін едік чат үшін. Ол кезде ұялы телефон жоқ, интернетке біраз ақшамыз кетті.
Қазіргідей әлеуметтік желілер жоқ, пошта арқылы өтетін барлық әңгімелеріміз. Небір приколдар, видеолар поштаға келетін. Қыздардың суреттерін де пошта арқылы алатынбыз. Бір суреттің өзі ұзақ жүктеледі, соны ашып қойып күтіп отыратын едік. Сурет енгізу де оңай емес, сканер іздеп жүретінбіз.
Туған күндерде немесе былайғы күндерде қыздарға открытка жіберетін едік. Басында қарапайым қызмет еді, кейін неше түрлі функция қосты олар. Оқып, оқымағаны туралы хабарлама келетін еді. Музыка қоса алатын едік.
Yahoo-мен қатар MSN мессенджер және ICQ қолданушы еді жұрт. Кейін Google келді, Mail.ru келді. Бәрін құртты…
Нағыз романтика еді сол кездер. Қазір ше? Қазір интернетте қандай романтика?

Алғашқы пайдаланған чатым Хабар арнасының сайтына орнатылған «Хабар-чат» еді. Қазақ сайттарының ішінен алғаш кіргенім Qazaq.kz.
qazaq.kz алғашқы ақпараттық сайттардың бірі қазақ тіліндегі. Серікқазы ағаның айтады, ол кезде дым ақпарат алатын сайт болмағасын кәдімгі газетті сканерлеп, мәтінін алып, түзетіп солай салатын болған сайтқа. адам өте көп кірген екен сол кезде.
Сосын Қытайда оқып жүргенде Мой мир келіп, танымал бола бастады. Ол жаққа жүз шақты сурет жүктеп, керемет болатынбыз. Бір жақсысы ол жақта Интернет арзан болып, жақсы үйреніп алдым, күні-түні "қой көрмеген қой көрсе қуалап жүріп өлтіредіге" салып ваңбадан (интернет-кафе) шықпаушы едік.
Кейін қазіргі жұмысымда жүріп Асхат Еркімбай арқылы Уордпреске келдім. Нағыз хардкор содан басталды.
дәл-дәл
Содан кейін солайдеге тап болдым. Осы кезде бірінші рет чат ұғымымен таныстым. Шәйханасын айтам. Сөйтіп кейін кейін адам боп кеттік қой))).
Басында Мал.рудан пошта аштым, бір жылдай ешкім жазбады Бірдеңе іздесем, соның поисковигінен іздейтінмін. Қазақша әріптермен терсең, еш нәтиже бермейді. Интернетте қазақ жоқ сияқты көрінуші еді. Сондықтан Интернет туралы бар білетінім Мал.Ру мен сөздік ретінде қолданып жүрген Мультитранмен шектелетін.
Бір күні Мультитран арқылы Гуглға тап болдым. Кейін келе ол жерден қазақша әріптермен жазып іздеуге болатынын да байқадым. Нағыз Интернет мен үшін сол кезде басталды
kzchat.com-да небір cheaters-пен класс болып аузымыздың суы құрып әңгімелесетін едік. сондағысы, как будто кейін солармен шын өмірде кездесетіндей лепіретінбіз шындап. жастық бұжырбет максимализм
ТВдан бағдарлама көріп отырып соңында біздің интернеттегі адресіміз мынадай десе, соны жаттап алып, келесіде кіріп қарайтынмын))
Ол кезде Хабардың сайты ең танымал болған сияқты. Ең бірінші терген адресім сол екен.
Чат — бөлек әңгіме Демалыста да арнайы рұқсат алып, группаластарым басқалармен чаттасу үшін комп классқа кететін, кешке келеді арқа-жарқа болып. «Не болды?» десең, «анамен таныстым, мынамен таныстым» деп ррриза болып тұрғандары.
Сол кездері танысу сайттары көп болатын.Бір адам бірнеше қызға бір уақытта хат жазғанын көріп, "өөйййй" дегенбіз.
Айтары көөп…
2006 жылдан бастап интернетпен ауыра бастаған кезім Мәссағанда түнеп, 2007 жылы майыл руда таң атыратынмын.
Сосын бірте-бірте басылды ғой тәуелділігім ))
ол кезде алдым да күні түні интернет қыдырыс, жылтырағанның бәріне бас сұғып ақыры таңертең оқуға тұра алмай қалып „ох тәліп няғып қана пайдасы жоқ интернетке түнімен байланып қалдым„ дегеннен басқа айтар болмайтын.
Чаттардан яху, мәссаған, іргетас, майл.рудың чаттары бар еді.
Сонан соң ғаламтордан алыстап кеттім. Қаламызда интернетке қосылып жатқандар жоқтың қасы, интернет клуб дегенің 2004-2005 жылдары ғана пайда болды-ау дейм. Сонан 2006 жылы интернет клубта алғаш рет отырдым. Бір сағатқа 300 теңге ме, сондай төлеп, сол 1 сағат өткесін клубтан басым ақпараттық революциядан айналып, кәдімгідей мас боп шықтым.
Сол кезде ең алғаш кірген сайттарым:
fifa.com
guardian.co.uk.
nurgisa.dosym.kz. Осындай қазақша сайт бар екенін, оның жылдың ең үздік қазақ тіліндегі сайт жүлдесін жеңіп алғанын бір газеттен оқығанмын. Шынымен де, өте сапалы сайт екен. Кейін ол nurgisa.kz болып өзгеріп кетті. Нұрғиса осы кезге дейін менің ең сыйлайтын блоггерім.