Әмбебаптардың (Универсалдардың) заманы

Қазір өзі универсалдардың заманы боп тұр ғой. Универсал Пассат, универсал зарядка, универсал асаба(бетте ашады,ән де айтады, би де билейді), универсал маман. Суға салсаң батпайтын, отқа салсаң жанбайтын жандар болады. Қай салаға барсада өзін сол
Әрі қарай

Душ

Жаз шықты. Енді күннің ыстығына шыдамаған кей ағайындар "Қыс қашан болады?" деген ойға да ерік берері анық. Жаздың ыстығында балалар болмаса ересек адамдар, қыз-келіншектер күнде өзенге барып шомылмасы анық. Оның үстіне барлық ауылдардың маңында ыстықтасаң суды күмп еткізіп сүңгіп шығатын өзеннің жоғы да рас. Осындай сәттерде ауылда душтың қадірі артып шыға келеді.Біздің бала кезімізде солай еді әйтеуір.
Сырт келбеті ауылдың дәретханаларына ұқсайтын,үстінде 200 (көбіне солай) летрлік бөшкенің бүйіріне кранник орнатып қоя салған кабина. Таңертең құйған суың түс ауа жып-жылы болып шыға келеді.Су соратын насостары (мотор) барларға рахат,әлгіні лезде толтырып қоя салады. Кейбір душтардың суы сол үйдің балаларының мойнында. 12 летрлік екі шелекті екі қолына ұстап 10-12 жасар балалар қисалаңдап бөшкенің 200 летрлік болғанына нәлет айтып толтырып жүргені.
Кей кездері сол ауылдың душын да сағынамын.
Әрі қарай

Кровь и песок

Бұрындары осы сайтта ара-тұра айтыстар өтіп тұрушы еді. Алиша секілді келіншектермен кеңкілдесіп отырып айтысатын айлы түндер мен күнді күндер кімнің есінде? АКУ-да қалыса қоймаушы еді? Ал, жаңадан келіп қосылып жатқан қыздардың, келіншектердің ішінде ондай өнерлері барлар бар ма екен? Жалпы, қыз-жігіттер бір-біріңді айтысқа шақыра отырыңдар.
Әрі қарай

Қына. Қорғасын сақа.

Ауылдың баласы болсаңыз қынаны білетін шығарсыз. Білмесеңіз айтайын. Қына- таулы -тасты жерде өсетін өсімдік.Тастың беткі жағына қабыршық болып өсе береді. «Сөз бас жарады, қына тас жарады» деген сөз осының дәлелі іспетті.Жиып әкелген қынамызды суға қайнатып асық бояйтын кездеріміз қазір тәтті бір естелікке айналыпты.Қынадан қалған асықты әжелеріміз киіз басқанда бір бояп мәз болып қалушы едік. Ауылдың қарасирақтары (қазіргілерді бұлай атауымның өзі ерсі секілді)қына термек түгілі асықта ойнамайды бұл күні.

Әрі қарай

Бір балалар бар...

Бала тәрбиесіне ата-ана тікелей жауапты. Бірақ кейбіреулері әке-шешесін тыңдамайды. Әлде көз үшін ұрысқандікі ме екен… Общым,
Қонаққа барсаң сол үйдің балалары үстөлдегі салатты қолымен бір жеп кетіп, кәмпиттерді бір шұқып кетіп қанды қайнатады.
Әрі қарай

Керектің тұрғындарына шолу.

Қисық — ақкөңіл жігіт екен. Бұған дейін оны еш елестете алмағанмын.Құрылтайдан оның ортаға бейімделгіш, көпшіл, қалжыңды қабылдай алатын, досты күте алатын жан екенін біліп қайттым. Қызыл сөздің майын ағызтады.
Патик — бұл кісінің суреттерін көргенбіз. Кездесу арқылы, Керекинфо арқылы танып жүргендіктен қыңыр сөзге шебер шығар деп ойладым. Бірақ, өзін ұстамды ұстайды екен. Сәл сылбырлау сөйлейді десем ренжи қоймас. Екеуара әңгімемізден ұқққаным қулық- сұмдықтан ада жан екен. Құлағының сыртынан күн көрінетін, аузын ашса артынан жол көрінетін жігіт.
Ақзере — Сатыбалдының оған не үшін ғашық екенін ұққандай болдым. ақкөңіл қара қыз.
Айкона — адаммен тіл табыса алады. Өз ісіне жауаптылықпен қарайтын қыз. Жалпы сол жерде жүрген алматылық қыздар мен жігіттердің жауаптылығына әңгімем жоқ!
Салтанат-Сары қыз дәрі қыз. Жан-жағын жандырып жүретін жан секілді.
Қалдықыз — ол жайлы жазып жатудың өзі артық. Бізге белгілі Қалдықыз- сол Қалдықыз. Ашық-жарқын жүрген қалпы. Тек қалын көрсетпеді…
Аршат -админ жайлы не айтуға болады)))) Жақсы жігіт екенін Қарағандыдағы кездесуде -ақ байқағанмын. Жан-жақты терең ойлай алады. Өзімен келіншегін былай қойып баласына дейін тобылды жек көру сезімімен өмір сүріп жүрген жандар)))
Ернұр-Асұлан — Ақтөбенің аңқылдаған жігіті. Сөз жоқ оған.
Омарбрат — брат деуге тұрарлық жан.
Жалғас Ертай — түрлі тақырыпта әңгімелесудің шебері. ЖАқсы жігіт. Тек дауласса тоқтамай қояды екен)))

Әзірге осы. Маған келсек… Блогшылардың арасындағы қызыл қырты мен секілдімін. Екі сөз айтсам үшеуіне күледі. Өзімді арзан КВН-щиктердей сезіндім))))
Әрі қарай

Сондай күндер де болған...

Қазіргі оқушыларда бәрі бар. Қағаз-қаламдарының түр түрі жетерлік. Сонау бір жылдары «ручкалардың» өзі қат болып кеткен. Шарикті стержіндері болушы еді.«Ручкамның пастысы бітіп қалды» деген әңгімелер болатын сол замандарда. Пастының басын тіспен жұлып алып, пастысы біткен досыңа үріп сия құясың. Бензіні біткен мәшинеге бензін бергендей… Отырасың сосын аузыңның маңы көкала сияланып…
Фломастер дегендер де қолға көп тие бермейтін. кеуіп қалған фломастерге одекалон тамызтып алып әрі қарай қолдана беруші едік…
Әрі қарай

Үштен беске

Бұрынырақта мектептерде мынандай қызық үрдіс бар болатын. Үшінші кластан соң бесінші класқа секіртіп жіберу деген. Мен бейбақ сол секіріп үлгергендердің соңғысы едім. Төртінші класс қайда қалады, не үшін секіртеді сол кезде? Әлде дайындық сыныбынан өткендерді ғана секіртті ме? Олай дейтінім біз «нөлебай» оқыдық. БІріншіге көшкенде «нөлебай» оқымағандар келіп 1«б» класы бола қалды. Осылайша бастауыш кластарды «а» мен «б» болып оқып жүрдік. Әйтпесе кішкене қазақ ауылында класқа симай жатқан бала жоқтын. Уобщым, біз үштен кейін секіріп кеттік беске, аналар қалды төрт оқып. Осылайша бір-ақ күнде біз оларға «старшак» атандық.
Әрі қарай