Сондай күндер де болған...

Қазіргі оқушыларда бәрі бар. Қағаз-қаламдарының түр түрі жетерлік. Сонау бір жылдары «ручкалардың» өзі қат болып кеткен. Шарикті стержіндері болушы еді.«Ручкамның пастысы бітіп қалды» деген әңгімелер болатын сол замандарда. Пастының басын тіспен жұлып алып, пастысы біткен досыңа үріп сия құясың. Бензіні біткен мәшинеге бензін бергендей… Отырасың сосын аузыңның маңы көкала сияланып…
Фломастер дегендер де қолға көп тие бермейтін. кеуіп қалған фломастерге одекалон тамызтып алып әрі қарай қолдана беруші едік…
Бөлісу:

48 пікір

qisyq
Муахахахаха)))))) Рас, рас…
Abilakim
романтика ғой…
Delvara
кеуіп қалған фломастерге одекалон тамызсан жақсы екен, біз түкіріп немесе сулап жіберіп жаза беретін едік)))
Zilola
мен әлі күнге маркерге ішіп отырған шайымды құйып жазамын (жұмыста), тез кеуіп кетеді :)
VKM
Мақпал, патентовать етівста… а то мен кеңінен қолданғым келіп кетті
Abilakim
Қап, кеше бір маркерді лақтырып жіберіп ем…
a63a1
3 класста оқып жүріп, өзімнің тәтті иісі бар қаламды қимасамда, ұнатып жүрген бір қызға силағаным есімде
Abilakim
Кейін не істедің ол қызға?
edige
3 классты бітіріп көшіп кетті дә лақтырып
a63a1
Ой арамыз айырылып мен мұнда ол сонда қалды, ауылда жүріп анаушее сен білесің абеке біздің жақтың флорасын, сары гүл тікенекке өсетін, соны жинап беріп жүрдім ыххххххх
Abilakim
Сендер жақтың сауналарын да фауналарында білем))))
a63a1
ыққққ саунасы жақсы негізі, анада барып қайттым)))
Delvara
шынымен не болды… есесін алдынба?))
Abilakim
Кейін ол қыздың исі қаламнан да тәтті болатынын білгенсің ғой сен 2030дысс…
a63a1
сол иіс арман болып қалдығой! Ой қай-қайдағыны есіме түсіріп сенде(( Көңілім түсіп, құлазып кеттім
Abilakim
Ауылың барғанда сол оқиғаны есіне сал оңашада. Даусыңа сәл діріл қос… Нәтижесі боп қалар
a63a1
бұйырмадығой)Ол қа қа қа қазіррр, б б б байға шығып кеткен
a63a1
деп еңіреп отырсам ыхххххххххх
Abilakim
Дегенмен әлгі ручканы әлі сақтап жүруі ғажап емес
Abilakim
Сен де аялдамада тұрып қымыз саттың ба? Сендер жақтың балаларының сондайы бар еді ғой. Жезқазған трассасында тұрып алып сауда жасайтын)))
a63a1
саттым! Летрін 90 теңгеден))) Рахат еді Левый тапқандарға барып медеумен қазақстан сатып алушы едім
Abilakim
Левыйды қалай табасың? Су қосып көбейтіп алмасаң? әлде ептеп мамаңнан жасырып баға қостың ба?
a63a1
Левый деген, күбіні білдіртпей өзің қотарып ұрлап алып шығып сататын дарғой))))
a63a1
Өзбектер камазбен өтіп бара жатып (Өзбекпе, Қызылордалықпа құдай білсін) Қымыздың ішіндегі күбі ыстағанда шығатын майлары барғой, соларды қоңыз түсіп кеткенбе деп алмай кететін акесс)
satvaldo
Түркістанның әр жағынан өзбектер ғой, өзбектер :)))
a63a1
Бәсе, түрлері жаман еді, ол әкесстердің дөңгелектерін жаратынбыз Карбыз ұрлауға
Abilakim
Мұрындарынан боқ ағып тұрған балаларға күлуші едім… Кейін солармен инетте сөйлесем деп кім ойлаған))))Сендердікі дұрыс, Гарфилдтің көтін жусаң да мал тап деген…
a63a1
ыххххххх менің мұрнымнан ақпаған еді)) товарный вид жасап шыгатынмын)))
Abilakim
машина жақындаған кезде жылдам-жылдам мұрныңды тартып-тартып алушы ма едің)))
a63a1
жоғиии қымыз ішіп тұрып закүскіге кететін)
saken
Өзбектер мен Қызылордалықтар қатты ұқсайды ма?
sammita
санитарлық талаптарға сай ма деп құжатын сұрамай ма?
a63a1
жоғи табиғи өнім Ұнағандар үйге келіп 20-30 литрдан бірақ алып кететін
a63a1
За то мектеп киімдеріңмен, керек заттарыңды аласың өз еңбегіңмен))))
sammita
қызыл паста қолға түссе әжептәуір боп қаламыз. Мұғалімнен басқа ешкім ұстауға тиіс емес сияқты-тын.
Abilakim
Қызыл пастысы біткен мұғалімдер аракідік жасыл пастымен тексеретін
a63a1
ыхххх ишшоо андай қалам шықтығой, универсал 4 түрлі сиясы бар, Ракетаға ұқсас))))
edige
Сия құятын рачкамен сия сия әбіржу де болған.
sammita
сайтқа ішімдік, есірткі пайдаланып кіруге тыйым салынады:)
Кейін сырты әдемі иісі бар қытай қаламдары шыға бастады.
edige
Қытай қаламы кешегі күн… Мен анаааааау біррреттегі күндерді айтып отырмын
sammita
не айтқыңыз келгенін ұқпадым сол жазудан.:)
Delvara
қытай қаламдары әлі есімде… ымммм деп қалам алдымда тұрғандай искеппің ау ))))
a63a1
сол қаламдардың иісі әлі есімде! Образно иіскеп отырмын ыххх Сол кездер есіме түседі екен
Zilola
Өйбуй, әлгі Махаббат бекеті деген кинода ше, қыздың ручкісі жазбай қалғанда, Орал өзініңкін берген.
Сосын, Махаббат қызық мол жылдарда, Меңтайдың әппәқ кофтысына қопал Ербол сия төгіп алатыны :))))
Janasil
Еххх!!! Бастан өткен!!!