Әмбебаптардың (Универсалдардың) заманы

Қазір өзі универсалдардың заманы боп тұр ғой. Универсал Пассат, универсал зарядка, универсал асаба(бетте ашады,ән де айтады, би де билейді), универсал маман. Суға салсаң батпайтын, отқа салсаң жанбайтын жандар болады. Қай салаға барсада өзін сол саланың маманы ретінде көрсететін. Ал, Сіз универсалсыз ба?
Бөлісу:

53 пікір

Onlasyn
Адамды әмбебап қылатын — заман ғой
Abilakim
Кейбіреулері шын әмбебап болсада біразі босқа тыраштанып жүретіндер. Мысалы мен журналистика немесе мәдениет саласынан кетсем не істей алар ем? Көлік жүргізе білгенімізбен керемет механик бола алмас ем.Бала кезде жайлауда өскеннің арқасында ауылдық жерге кетіп мал шаруашылығымен ғана айналысып кетер ем.
Onlasyn
Босқа емес, өмір сүру үшін.
edige
Barlik narseni istei bilu bar da NAGIZ MAMAN bolu da bar…
asaubota
иә, мен мысалы тек қана сайт админі емеспін. мен компьютерщикпін негізгі компьютерщик өмірі орнында отырмайтын орыс Мишаның істеу керек істерін істейтін, мен сканерлеушімін, сурет тауып берушімін, алыпкел-шауыпкелмін, грузчикпін!
edige
Базарда арба айдаушы,
қораз кәмпит пен вата сатушы,
тракторист,
фотограф,
КВНші,
асаба,
кезінде бөтелкелес болушы,
мұғалім, оқу ісі меңгерушісі,
аурухана мен РУВДда прграммист /мамандар жоқ кезде/,
компьютершік типі,
Дизайнер…
үй салғанда құрылысшы… не болмадық ощым…

Қазірде 2 баланың әкесі, тыныш өмір сүргісі келетін пенде болдық…
TERISKEI
@Edige аға! 2баланың әкесі! — алғаш рет естідім! Маладес екенсіз ғой! Бақытты әке болыңыз!
Aizhantabyn
ең соңғысы ең күшті мамандық екен)))))))))))))))))))

Қызығын көріңіз, ағасы)))
edige
)))))))))) Рахмет )))))))))
Aizhantabyn
мен бір мекемеге «менеджер по рекламе в Казахстане и СНГ» боп тұрдым, бірақ хатшы, заңгер деген мамандығым болған соң кадр бөлімінің меңгерушісі, аудармашы, видеоға түсіру керек болса, оны да жасап, халықпен жұмыс істейтін менеджер, кейін пресс секретарь де болдым. Ақыры, шыдамай кетіп қалдым))))))))))))
satibaldi
Аяп, қорс-қорс жльадъм.
satibaldi
Универсалдыққа сенбеймін. Адам бір ғана нәрсені аяғына дейін меңгеру керек. Германияға порнофестивальға барған досым айтушы еді:
«Бірі тек — жарық беруші. Бірі — тек сол жақ ракурс операторы. Бірі — тек форнталды ракурс операторы. Бірі — тек...». Ну енд, андай…
balzaminka
хехе, мақтанайыншы :)
Жұмыс істегенде 1 өзім көп тірлік істеген едім, кейін мен шыққаннан кейін орныма аж 4 кісіні алды ғой

Қолымнан түк келмейді деп отырғаннан істей аламын деген жанды жақсы көрем өз басым :)
satibaldi
Істей аламын…
balzaminka
Сізге күмәнім болмаған :)
satibaldi
орныма аж 4 кісіні алды ғой
— @balzaminka, от жағып болғаннан кейін Әбсаттар ағаңның компьютерін қосып бер де, гүлдерді суарып, тәрбие сағатына сценарий жазып таста…
balzaminka
Сатекесііііііі, менің сүйікті істерім ғой олар :)
satibaldi
орныма аж 4 кісіні алды ғой
Сариіңіз жыртылып кеткен жоқ па?
balzaminka
жыртылмады, өйткені жыртылатын сари де жоқ қой :)
satibaldi
орныма аж 4 кісіні алды ғой
Меніңше Сіз — тамил тілінен тәржімашы болғансыз. Қазір енді орныңа алынған төрт кісі: біреуі — тамилден урдуға аударады, екіншісі — урдудан қырғызшаға, үшіншісі — қырғызшадан орысшаға, төртіншісі — орысшадан қазақшаға.
Басқа төрт адамдық жұмысты елестете алмай отырм.
balzaminka
Піскен аударма болып кетті ғой Сіздің жазбаңыздан кейін :)
Milzhyng
дағдарыс замандарында универсал болу керек. Ал негізі бір салада терең маманданғанға не жетсін. узкий специалист болған. Ондайлар жалақыны да жақсы алады.
Бірақ қазіргі Мед.академияларда әмбебап дәрігерлерді дайындайды. Соған сәйкес көбірек оқиды.
VKM
Менің бөлем Shell фирмасының негізгі офисінде 2 жыл істейді. Сол айтты: КЗ-да мамандар, мен білген нәрсені ешкім білмесін деп ойлайды, ал Shell-де, сен өзіңнің біліміңді неғұрлым көп кісіге үйретсең және өзің де көп мамандықты( сол фирма көлемінде )освоить етсең, рейтингің биік болады деп.Ол финанс, есеп, кадр, логистика, тсс мамандықтарды үйреніп алыпты.Сондықтан шығар,2 жылда бармаған елі жоқ…
satibaldi
Shell -дегі HR-менеджментті Қызылқоға орта мектебінің кадр саясатымен салыстырдың-ау сен де…
VKM
үндемей қалмаңыз) только не молчите
sammita
КЗ-да мамандар, мен білген нәрсені ешкім білмесін деп ойлайды
барлық жерде жұмыс істеп салыстырып айтып отыр ма сонда.
VKM
Иә,істеген.Банкте,үлкен корпорацияда.Бізде менеджер бас бухгалтердің балансын істей алмайды ғой, ал оларда істей береді екен…
sammita
мүмкін, бірақ келіспеймін мен.
VKM
хехе, ой, саммита:)))
Aizhantabyn
әмбебап болуға болады ғой, егер ол супермега маңызды (мысалы дәрігер) болмаса.
Мен бір мұғалімдердің аудармашы да болып, хоббиі компьютер шұқылау болса, сол жұмыс орнында кейде «сис.админ» боп жүргендерін көрдім. Былай қарасақ, үш түрлі мамандық, үш адам керек, алайда бір адамның қолынан келсе (аяғы жаман болмаса. мыс.мектептің бүкіл комптері күйіп кетпесе)), неге әмбебап болмасқа?
TERISKEY
Түрк фирмасында істейтін жігіттер болса, білетін шығар, оййй, 3-4 адамның тірлігін жалғыз-ақ адамға береді, нақтар!
asaubota
қазақтарда да солай ғой. адам бәрін істеу білу керек деп ойлайды. жұмысқа қабылданатын адам да өзін солай деп ойлайды. үйреніп кетемін ғой деп ойлайды. сонда білім, еп, тәжірибе дегендер қойыма қажет пе, а?
VKM
Біздің @TERISKEY маладес)))
sammita
тәтті иіс шыға ма қалай өзі..:)
Serzha
еңбек бөлінісі принципін сақтамайтын қоғамда прогресс баяу жүреді
қазіргі жұмысшылардың әмбебаптығы мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізіп жатыр
Gastarbaiter
Алайда біздің халық санын есепке алсақ еңбек бөлінісі принципіне өзгеріс егізуге тура келеді. Яғни дәл қазіргі этапта бізге профессионализммен қатар әмбебабтық ауадай қажет.
Сен менің сөзіме.
Және адам саны көп елді мекендерде профессионалдар селекция заңымен іріктелетіндіктен, еңбек бөлінісінің принципі автоматты түрде жүзеге асырылады. Яғни өзімізге қажетті деңгейде прогресс болып жатыр.
Serzha
қазір адамдарда бір мамандық емес, екі мамандықпен жүргендер көп
оның бір мамандығының өзі барынша әмбебап, мысалы заңгер мамандығына оқыған адам, әртүрлі саладағы органдарда жасай алады. бүгін тегеуші, ертең судья.
менше мемлекет адамды бір мамандыққа бекітіп тастау керек. екінші мамандықты алуды қиындату керек, не тиімсіз болытындай қылу қажет. мысалы жаңағы әмбебап заңгердің орнына, жақсы кеден маманын, қылмыстық іс-жүргізу маманын, азаматтық істер бойынша маманын дайындаған қоғамға тиімді. өз орнын бағалай білетін болады
Gastarbaiter
Былай қажетті және жеткілікті деген болады. Сенің айтып отырғаның жеткіліктілік.
Бірақ бір салада мықты болған адам бір саланы жеткілікті қанағаттандырады. Ал қалған қажетті салалар ақсап қалады.
Мәселен саған жалпы машинаңның жүріп тұрғаны маңызды ма, әлде машинаңның дизайны мықты, керемет туынды болып, қалған жері боққа аспай тұрғаны дұрыс па?
Тап қазір всего понемногу білетін адамдардың заманы.
Кез келген фирма жаңадан пайда болғанда және қаржысы аз болғанда оған ең алдымен универсал адамдар керек.
Кез келген бизнес бастайтын болсаң сен белгілі бір дәрежеде аяғыңа тұрып алғанша универсал болуың керек, содан қаржылық планда өскен соң нағыз мамандар даярлап, баяғы универсалдарды менеджмент бөліміне ауыстыруға болады.
Мысалы мен бизнес батсайтын болсам, маған тек мықты сата білетін адам ғана емес, машина жүргізетін адам, логистикадан хабары бар, есепке мықты, және өндірістен де, техникалық жағынан да хабары бар адам керек.
ӘР саланың ең мықты профилерін жалдау маған тиімсіз.
Serzha
Кез келген фирма жаңадан пайда болғанда және қаржысы аз болғанда оған ең алдымен универсал адамдар керек.
сенің айтып отырған бизнесмендерің алысқа кетпейді. жалдамалы жұмысшылары аз жеке кәсіпкерге тиімді шығар, бірақ қоғамға емес. қазір сөйтіп жүрген қазекеңдер көп. барлығын өздері, таныстар, не іншектері арқылы жасайтын. өзім жақтырмаймын оларды. кейін ондайларды ВТО құртағы
кәсіпкерлер қоғамның бөлек тобы. онымен кез-келген адам айналыса алмайды. кәсіпкерлік тәукелді қажет етеді. мысалы мен бизнеспен айналысайын десең, барлығын есептеп шығасың, жоспарлайсың. күйіп кетпеу үшін консультациялар аласың. онсыз үлкен тәукелге барасың, ал оған тек өзің жауап бересің
сосын қазір аутсорсинг деген бар ғо
Gastarbaiter
сенің айтып отырған бизнесмендерің алысқа кетпейді.
Давай жалаң сөзді қояйық.
АБДИ -Компани естуің бар ма? Оның қалай бастағаны? Мен осы компанияда бизнес дамыту саласында маман болдым. Қазір бүкіл Қазақстанда әр облыста үлкен филиалдары бар. Тек алып сату емес өндіріспен айналысады. Қазақстан бойыша нөмірі бірінші кеңсе тауарлар компаниясы.
Бастағанда Барахолкадағы бір екі контейнерде Ресейден дәптер әкеп сатудан бастаған. Бірнеше универсал адамның басын біріктіріп, таныстары бар, байланыстары бар үлкен бизнеске ауысып кетті.
Мен профессионализм маңыздылығын қолдай отырып, әр кезеңге өз саясатың болуы керек деймін. Яғни өз жағдайына қарай икемделіп, тәжірибе, ақша жинай келе батыл шешім жасай білген адам жеңіп шығады. Тап сол сәтте, менің мамандығым бойынша қалаған орнымда вакансия болмады, аздап маркетингте білгенім болды, тәжірибем болды, сосын сондықтан мен макретингпен айналысуға мәжбүр болдым. Кейін қажетті вакансия шақырғанда, мен тайып тұрдым. Одан қоғамның екі бөлігі де, яғни мен де, компания да шығынға ұшыраған жоқ.

өзім жақтырмаймын оларды.
Сенің жақтырған жақтырмағаның ешкімді қызықтырмайды. Мен де жақтырмаймын. Бірақ ВТО құртатын болса баяғыда құртатын еді. Мен талай шетелдік фирмалардың ішкі саясатын көрдім. Олар қанша жерден продвинутый болса да, жүйеге қарсы бұтақ та істей алмайды. Тіпті істеуге тырыспайды да. Олар бірнеше жыл жергілікті менталитетті зерттеп, онымен санасып, соған сай әрекеттер жасайды. Жасамаса, санаспаса, өз саясатын алған тәжірибесі мен кері байланысқа сай біртіндеп жүргізбей, бірден беталды талап ете бастаса, Қазақстанда оларға бизнес түгіл қотақ та жоқ.

мысалы мен бизнеспен айналысайын десең, барлығын есептеп шығасың, жоспарлайсың. күйіп кетпеу үшін консультациялар аласың. онсыз үлкен тәукелге барасың, ал оған тек өзің жауап бересің
сосын қазір аутсорсинг деген бар ғо
Кәсіпкерлік қоғамның бөлек тобы болса да тобы. Және кез келген тірлікте бизнестің басты принциптері орын алады. Өзіңде бар активтерді дұрыстап жұмсау, өзіңе керек ресурсты өз ресурстарыңа және активтеріңе айналдыру.
Мейлің ол саясат болсын, мейлің ол әншілік болсын, мейлің сен мұғалім бол.
Қоғамда өсу- өну заңы бір.
Сондықтан әр кезеңге өзіндік іс-әрекеттер мен шешімдер қажет.
satibaldi
Аутсорсинг, фрилансерлер бар ғой нақ, сонша қымбат емес. Бухгалтер ұстасаң — айына 70 000 төлейсің; фрилансерді жалдасаң — бір реттік есеп-қисабына 2 000 беріп құтылуға болады.
Gastarbaiter
Мен әңгіме қылып отырған уақытта фрилансерлер жоқтың қас еді. Негізі бұл тақырып сәл кешігіңкіреп шықты. Қазір профилердің саны артып келе жатыр.
AKY
Бәрібір Жұмамұратқа жете алмайсыңдар!
neoman
@Serzha -мен келісу керек. Әмбебаптар әрқашан табылады, ал өз ісін ғана білетін мамандар кез келген жерде сұранысқа ие. Экономикалық тұрғыдан да олар өте қажет
Gastarbaiter
Проблема онда емес. Проблема мұндағылардың жан жақты, кеңінен ойлай алмауында. Бір жақты қарастырса, міндетті түрде екінші жаққа қарсы қарайтынында.
Tertium non datur тұрғысынан қарайтындарың үшінші вариантты, төртінші вариантты, жалпы сендердің қауақбастарыңның сыртында жатқан ньюанстарды көруге кедергі жасайды.

Ал мен айтар едім, сен бір мамандықтың шебері бол, бірақ дебилдар сияқты басқа салада кембағал болатын болсаң, онда сен өз мамандығыңа барынша тәуелді жүйеден тыс өмір сүре алмайтын үлкен сағаттың бәр тетігі боласың.
Сұмдық хирургсың, мықтысың. Бірақ аяқ астынан қаланың сыртында қалып қойып, біреуге қатты көмек болып жаса, «Анестезилог жоқ, инструменттер жоқ, асистент жоқ мен бұлай жұмыс жасай алмаймын» деп тұрсаң несі жақсы?

Батыстық жүйе әр адамды барынша өз мамандығына тәуелді амеба қылып тастайды. Өз жұмысына барынша тәуелді адам жүйенің соқыр құлы болады. Егер адамдардың 95 пайызы амебалар деп қарастырсақ, әрине дұрыс саясат сияқты.

Кейбір жұмыстар болады, универсалдар керек. Кей жұмыстарда профилер керек.
Ал кей жұмыстарға екеуі де керек.
neoman
Адамдар екіге бөлінеді: не істеу керектігін білетіндер және істелетін нәрсенің қалай істелетінін білетіндер демекші, кез келген қоғамға әмбебаптар да, профилер де керек, келісем.

Бірақ профилерді көбейту керек. Әңгіме осында.
Батыстың жұмысшыны инструмент қылатын жүйесі тиімді, себебі дәл осы жүйемен сол елдердің экономикасы қарқынды дамып жатыр.
Мысалы, Мерседесте бір шассидің өзін жүздеген адам істейді және бірінің жұмысын екіншісін істей алмайды. Кейбіреулері тек жалғыз механизммен өмір бойы жұмыс жасап, жетілдіріп отырады. Әркім өзінің ұсақ ісінде шексіз шебер болғандықтан, басқа ешбір елде олардың өнімін ешкім қайталай алмайды.

Олар, ия, инструмент болып өмірден озады, бірақ жалынып жатқан ешкім жоқ, қарны тоқ. ақша жетеді, жұмыста жағдай жасалған. Одан артық не керек адамға?!

Барлығы инструмент болып қалмайды, өз профиін жетік біліп әрі қарай өсем деушілер осындай жүз профидің ішінің іріктеліп шығады
Gastarbaiter
Профилерді көбейту спонтанды түрде жүзеге асатын сияқты. Универсалдардың санының көбеюіне байланысты ішінен профилер іріктеліп дегендей. Саннан сапа принципімен.
Бірақ мен айта алмас едім, бізде универсалдар көп деп.
Универсал деп бірнеше саланы қажетті деңгейде атқара алатын адамды айтпай ма?
Ал біздегілердің көбісі ешқандай саланы қатырмайды.
Zilola
универсал бола алмайды екенмін, бірақ по чучуть білемін бәрін :)))
saken
сол әрқайсысын чучуть білгеннен өз мамандығымды чучуть қана білетін деңгейге түсіп кетіп бара жатқандаймын :(
Zilola
иә ол жағы жаман енді, ара арасында шабашкі жасап өз мамандығыңды пысықтап қойған жақсы :)))
gunner
Универсал болуға тура келеді ғой. Енді кілең заңгерлер мен экономистер болып шыққан соң, әйтеуір біреу ауланы сыпыру немесе базарда көкөніс сату керек қой. Олай болмаса қалай өмір сүреміз? Сондықтан экономистен сатушыға бейімделіп "әмбетаптық жол" басталады. Бірақ нағыз өз ісінің мамандары әрқашан бағаланады. Егер біреу бағаламай жұмыста "әмбебап" қылып жіберсе-ол жерден кет. Ал егер кетпейсің бе тыныш отыр, демек білімің жетпейді басқа жұмысқа ауысуға, жұмыс берушіге шарт қоюға.