Самай шашым ағарды...
Мынаның жасына жетпей самайы ағарыпты деп ойламаңыздар. Төбе шашыма ақ кіргенін 16 жасымда байқағанмын негізінде…
«Керекинфоға Саммита қашан кіреді екен?»-деген ойдан ағарды самайым… Ал, Саммита, жаз, қопар барлық тақырыпты! Кекет-мұқат, опшым сені оқымағалы көп болды…
Әрі қарай
«Керекинфоға Саммита қашан кіреді екен?»-деген ойдан ағарды самайым… Ал, Саммита, жаз, қопар барлық тақырыпты! Кекет-мұқат, опшым сені оқымағалы көп болды…

Француздар мен Мароккалықтар 2004 жылы түсірген осынау «Ұлы сапар» («Үлкен саяхат» деп аударғым келмеді. Фильмнің орысша аудармасы «Большое путешествие») фильмі адамды өзіне баурап алады. Бір қарағанда, тым қарапайым, шұбалаңқы көрінген сюжетті фильмен керемет әсер аламын деп ойламайсыз. Көбіміз жарқыл-жұрқылды оқиғалар, шартпа-шұрт төбелесті, қым-қиғаш тірліктер көрсетілген жеңіл фильмдерді жиі көреміз. Адамды ойға жетелейтін, айтары бар кино көргіңіз келсе осы туындыны тамашалаңыз.