Асабалар...

Асаба бола білу де өнер, егер сол атқа лайықты болсаң. Қарағандыда (барлық қалада)қазіргі таңда тас лақтырсаң «тамадаға» тиеді. Филфактың балаларын қойып, политехтың қулары да айналыса бастады.Жақсы басқарып жатса басқара берсін әрине. Олармен жағаласып КВН-щиктер жүр,өздері басқарады,өздері ән айтады.Тойдың қызықты өтуіне тікелей қатысты асабалар тойдың шырқын бұзыпта жатады кейде. Жас асабалар көбіне анайы әңгімелер айтып үлкендер жағына жақпай қалады.Тойда мынандай ойын ойнатты бір асаба:
Ортаға 4 еркек, 4 келіншек шығарады.Ойынның аты «бие мен айғыр».Жігіттерден жылқының қай жерін ұнатасың деп сұрайды, аналар қазы-қарта десе, енді ана биенің сол жерін сүй дейді.Жігіттер қуып, қыздар қашып әлек. Асаба "өй, мына айғыр шабайын деп жүр ғой" дейді. Жұртта мәз.Негізі халықтың да тойға деген талғамы түсіп кеткен.Ондай асабаны қуып шықса екінші өйте қоймас. Әлгі асабаны шақырып алып, «Сенің анаңды осы ойынға шығарып, бие қылса дұрыс па, оған сенің көзіңше айғыр шабайын деп жатса жақсы ма?» дедім.Өзі білсін ар жағын…
Әрі қарай

Момын мен қарақшылар

Осы жердегі біразымыздың үлкенді-кішілі балаларымыз бар. Оларға қазақша мультфильм көрсеткіміз келеді, бірақ олардың саны саусақпен санарлықтай ғана. Кейінгі кезде «Алдар көсе» шығып жанымыз қалып жүр әйтеуір.
Назарларыңызға тағы бір қазақ мультін ұсынамын
Әрі қарай

Шайтанмен бетпе-бет

Ол кезде жаспыз. Тепсек алюминий үземіз. Жігіт болып көшеге шыға бастаған кез. Ауылдың клубындағы би кешіне барамыз. Біздің ауыл шашылыңқырап жатқан ауыл. Таудың екі мүйісін алып жатыр. Әр жақтардағы үйлерді үкімет көше-көше қылып салған. Бергі бетіндегілер малдарына ыңғайлы болсын деп әр жерге өздері салып алған.Мен әрине бергі беттемін, клуб сәйкесінше арғы бетте. аралық 2-3 шақырым. Жас адамға түк емес әрине. сонымен бидің соңы тау жаққа барып гитарамен ән айтуға,әр ненің басын шалуға ұласады. Бір күні жындар, шайтандар жайлы сөз қозғадық. Содан түнгі үштер шамасында үйге қайттым. Бұл мәдениеттілік дегенді қойсаңызшы, үйге жеткен кезде кіші дәретке дәретханаға кіріп отыруды ұйғардым. Есігін ашып қалсам...ішінде аппақ шайтан отыр. Күшенгендей болды. Аяғым қарысып қалды. Аузыма«біссіміллә» да түспей қалды. ана шайтанның менімен ісі жоқ. «Есікті жап» деп қояды. Сөйтсем шайтан дегенім атам екен. Балқаштағы әскери қызметтегі ағам солдатский ақ киімдер әкеліп беретін. Ол кісі сол киімдермен жатушы еді.
Әрі қарай

Қай кинодан?

Мына үзінділер қай кинодан екенін тауып көрсек. Көпшілік көрді-ау деген кинолардан салған болдым өзімше.
Екі кинодан екі-екі суреттен қойдым. Екі фильмді де жазбай тапқан адам сыйлыққа ие болады. Яғни, әр тапқан киносы үшін100 бірлікке ие болады. Ол үшін киноның атын, басты кейіпкерлердің атын, қиын болмаса режиссерін қосса да болады.Кейінгісі шарт емес әрине. Сонымен, жеңімпаз өзінің жеңгеніне толық көзі жеткен кезде далаға шығып, жақын жердегі төлемдерді қабылдау орнына барып, өзіне әр дәл тапқан киносы үшін жүз бірліктен салуына құқылы.
Әрі қарай

Баяғы бірінші сәуірлер...

Баяғыда бала кезімде осы бірінші сәуірді жаңа жылдан да асыға күтетінмін. Үйдегілерді, өзіммен бірге ойнайтын көрші балаларды алдауға асығатынмын. Қатырып алдадым ба, алдамадым ба ол жағы есімде жоқ. Тек, сол кездерде күннің жылы болатындығы. Біздің Қарағанды өңірінде көктемнің кешіректеу шығуы заңдылық дей тұрғанмен сол кездерде дәл осындай көшеде қар жатып немесе балаққа батпақ жабысып жататын кездер сирек секілдітін.
Биыл қоян жылы ғой.Қазақтар ежелден мешін жылы мен қоян жылынан сақтанатын болған. Үлкендер «көк қоян» деп отыратын. Ежелден келе жатқан ырым бойынша 14-ші наурыз күні таңертеңгілің қарға қойған құмалағыңыз түс ауа, кешкілі қар түбіне кетіп қалса көктем ерте шығады деп болжалған екен.
Ауылдағы бір ағамыз" Қарға құмалақ түгілі мен батқан жоқпыын, қыс ұзақ болады" деп жүр еді. Сол сөзшындыққа айналды ма деймін…
Әрі қарай

Қаладағы айт

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесі ғой. Қазір білмеймін, бұрындары айт мерекесі кезінде ауылдық жерлерде жұрттар жаппай айтшылап бір-бірінің үйіне кіріп-шығып жүруші еді. Әліде солай екені даусыз ғой, бірақ, дәл баяғыдай үлкендері жеке, балалары жеке айттай қоймас.Тіпті, мектептегі қыздар жиылып жеке айттаған кездер де болған.
Әрі қарай

Ауылдың тірлігі

Кеше Шет ауданында болып қайттым. Қайын жұрт. Былтыр көлік апатынан қайтыс болған қайнағамның жылын өткердік. Жә, ауыл тіршілігінен суреттер сала кетсем. Ауылда күн көрістің көздері мал өсіріп сату, егіншілік және шөп шабу және сату ғой. Бұл кісілер алғашқысын, яғни мал шаруашылығын таңдаған екен.
Қараағашты мүжір қара ешкі
Жаңа туылған лақ
Әрі қарай

Сұрақтың "көкесі"

«Жүре берсең көре бересің» деген рас негізі. Өткенде Балқашта болғанымда жездемнен бір қызық әңгіме естідім. Мүмкін маған ғана қызық болып көрінген болар. Мәселе былай, әкімшіліктің адамдарымен үй тұрғындары кездесіп жатса керек. Бір шал әдейі ме әлде шын ба мынандай сұрақ қойыпты: «Мен екінші қабатта тұрамын, неліктен мен жерге салық төлеуім керек? Себебі ол жердің салығын бірінші қабаттағы тұрғын төлеген жоқ па? Мен одан артық көлем алып жатқан жоқпын, дәл соның үстінде тұрамын» деген екен. ақсақалға әкімдіктен келгендер жауап бере алмай қалыпты.
Әрі қарай

Шошқа тағалаушы

Боқай мырзаның айналыспаған шаруасы жоқ.Қазақша айтсақ «тышпаған төбесі қалмады». Колхоздар тарқамай тұрған сонау бір кездерде шошқа тағалаушы болып та жұмыс істеп көрді.Абырой бермеді. Ел бос отырған біреуді көрсе «Не істеп отырсың, шошқа тағалап отырсың ба?» деп мазақтайтын болды.
Кеңес үкіметі құлады. Шошқашы Мекалай шошқалардың бәрін жеке меншіктеп алды. Боқайдың балалары аштан өлуі керек пе? Жоқ, Боқайда өзінше тірлік қылмаққа ниеттенді. Жар жағалап, столбылардың басындағы қарғаның ұяларынан жұмыртқа жинады көктемгі мезгілде. Жылда балапандарын 21 күн дегенде шығаратын шұбар тауық 12-13 күнде алғашқы балапандарын басып шықты.
Әрі қарай

Тарихқа көз жүгіртсек...

Иә, тарихқа көз жүгіртсек небір нәрсеге қанық боламыз. Менің бұл жолғы жазбағым. Журналистер күнін неге айдың соңғы жексенбісінде атап өтіп жүрміз? Айдың соңғы жексенбісінде «Кеншілер күні», «Металлургтер күні» дегендей мейрамдар тойланушы еді.Біздің «кәсіби журналистеріміз» өздерінің көне кәсібін қашан тойлаулары керек екенін біле алмай жүр. Айтсаң «заң бойынша ғой» деп бойларына шаң жуытқысы келмейді. Бізде заң деген күнде өзгереді ғой.
Алтынбек Сәрсенбаев марқұм кезінде журналистер күнін 28 -маусым күні тойлауды,ұсынып ол бекігентін де. Себебі, 1913- 1918 ж.ж. Ахмет Байтұрсынов "Қазақ" газетіне радактор болғанкездері алғашқы саны осы күні жарияланған деген мәіметтер бар. Бірақ бұған дейінгі «Дала уалияты», «Түркістан уалияты» газетері де біздің қазақ баспасөзінің тарихынан шет қалмауы керек.
Ал, бұл мерекенің күнінің ауысу себебі… Алтекең…
Әрі қарай