Баяғы бірінші сәуірлер...

Баяғыда бала кезімде осы бірінші сәуірді жаңа жылдан да асыға күтетінмін. Үйдегілерді, өзіммен бірге ойнайтын көрші балаларды алдауға асығатынмын. Қатырып алдадым ба, алдамадым ба ол жағы есімде жоқ. Тек, сол кездерде күннің жылы болатындығы. Біздің Қарағанды өңірінде көктемнің кешіректеу шығуы заңдылық дей тұрғанмен сол кездерде дәл осындай көшеде қар жатып немесе балаққа батпақ жабысып жататын кездер сирек секілдітін.
Биыл қоян жылы ғой.Қазақтар ежелден мешін жылы мен қоян жылынан сақтанатын болған. Үлкендер «көк қоян» деп отыратын. Ежелден келе жатқан ырым бойынша 14-ші наурыз күні таңертеңгілің қарға қойған құмалағыңыз түс ауа, кешкілі қар түбіне кетіп қалса көктем ерте шығады деп болжалған екен.
Ауылдағы бір ағамыз" Қарға құмалақ түгілі мен батқан жоқпыын, қыс ұзақ болады" деп жүр еді. Сол сөзшындыққа айналды ма деймін…
Бөлісу:

9 пікір

sammita
ешқашан алданып көрмегем, алдамаппын да))
salta
Биыл қоян жылы ғой. — ??? алдағандағы түріңіз бе?
Abilakim
Қыс қазақша жыл санау бойынша қоян жылына тиесілі
a63a1
Лібә нақ мен қоян жылы екен деп отсам рас қоян жылы екенғой
Zhanylai
ық ық, қоян жылы ма… деп ойланып қаппын
Abilakim
Қыс қазақша жыл санау бойынша қоян жылына тиесілі
satibaldi
Малмен мал боп кете жаздаған малшы пяншік ағамыз бар. Сол былай істейді екен: 11 жыл сайын, қоян жылы малды тапсырып, "қойнақ, жұмыстан шығам" деп, жылқыларды тапсырып тастайды екен. Қоян жылы тебіндей алмай мал көп қырылатын болғасын. Сосын қоян жылы өтіп кеткесін, қайтадан жұмысына орналасады екен. Сөйтіп өмір бойы төрт рет жасапты. «Абырой керек епті, малды қабылдап алған лоқтарды осы күнге дейін аяйм» деп отырад. Оның әкесі, атасы, әкесінің атасы, атасының атасы да малшы болған, әулеттің дәстүрі дейді сондай.
Abilakim
«Жұттың көбі осы қоян жылы болады » деп жататын үлкендер. ана ағаңыз ақылды екен. совхоз басшылары бұл қулығын түсінбегені ме?
satibaldi
Енді әйтеуір үлгілі малшы ауырдым, сырқадым, анаумын, мынаумын деп жатып алса — ештеңе істей алмайтын шығар. Сосын қай сапқоз басшысы онжылдап орнында отырды дейсің.