Шошқа тағалаушы

Боқай мырзаның айналыспаған шаруасы жоқ.Қазақша айтсақ «тышпаған төбесі қалмады». Колхоздар тарқамай тұрған сонау бір кездерде шошқа тағалаушы болып та жұмыс істеп көрді.Абырой бермеді. Ел бос отырған біреуді көрсе «Не істеп отырсың, шошқа тағалап отырсың ба?» деп мазақтайтын болды.
Кеңес үкіметі құлады. Шошқашы Мекалай шошқалардың бәрін жеке меншіктеп алды. Боқайдың балалары аштан өлуі керек пе? Жоқ, Боқайда өзінше тірлік қылмаққа ниеттенді. Жар жағалап, столбылардың басындағы қарғаның ұяларынан жұмыртқа жинады көктемгі мезгілде. Жылда балапандарын 21 күн дегенде шығаратын шұбар тауық 12-13 күнде алғашқы балапандарын басып шықты. Қарғаның жұмыртқасы кішкене болғандықтан тауықтың астына 30-ын бірақ салған.соның 27-сі аман -есен жұмыртқаны жарып шықты. Боқай күрігі қанбай қалған шұбар тауықтың астына тағы 24 жұмыртқаны ытқытып, шыққан балапандарын жеке сеткада бақты. Бас аяғы 24 күн ішінде 50 қарғаға иелік етіп шыға келді. Боқайдың балалары да тегіне тартқан пысық еді. Бала қарғаларға деп құрт-құмырсқа, шегіртке-кесіртке теріп кетті. Сол жылы огород салған көршілері Боқайдың балаларына қатты ырза болды. Себебі, олардың бақшасына түсетін құрт қалмады.
"Қарақұс асырап түлкі алғандарды көріп ек,қарға асырағаның қай сасқаның?" деген ауылдастарына «Балапанды күзде санайтынын» айтудан Бөкеңде жалықпады.
Күзе келді. Бөкең де өзінің ендігі жылы байып шыға келетініне күн өткен сайын сенімді еді. Енді ше, елу қарғаның саңғырығын жинап бау-бақшамен айналысатын көршілеріне қабын төрт мыңнан сатса мұның мұртын балта шабады ма? Шаппайды әрине.Әзірге жиналған саңғырып 25 келілік қанттан босаған қапты орталады. Бір күні бесіншіде оқитын баласы жүгіріп келді үйге. "Әке, біздің балапандар, біздің балапандар..." деді де шығып кетті. Боқай далаға жалаңаяқ жүгіре шықты. Әбден қол бала болған қарғаларды баласы бір мезгіл жайып әкелетін. Сол қол бала қарғалары аспанда ұшып жүрген өз туыстарына қосылып кете барыпты. Боқай жерге сылқ етіп отыра кетті. Бұдан шошқа тағалағаны жақсы еді.
Бөлісу:

9 пікір

Meru
Ештеңе бітірмегенде шошқа тағаладым деуші еді))
edige
Үндік бағып та құрттан құтылуға болады дейді…
Daniar-Alan
осы екі үш жыл бұрын бізде ауыл жақта қарға аулаушылар қаптап кетті. Қытайлар дәрі үшін сатып алады деді маа… сондай бірбәле очм…
007
осы екі үш жыл бұрын бізде ауыл жақта қарға аулаушылар қаптап кетті. Қытайлар дәрі үшін сатып алады деді

соны қайтадан тауық еті деп өзімізге жібермеуіне күмәнім бар,қытайлардан асқан қулық қалдыма мынаны оқысаңыз түсінесіз