Әбіләкімнің бірінші қара сөзі.
Агентті ашқалы жақсымен де сөйлестік, жаманмен де сөйлестік. Қуандық. Қайғырдық, қажыдық… Жазып жүргеніміздің бәрі бос екен… Малдармен дос болу? Жоқ, дос бола алмаймын. Малмен мал боп отырайын сол...Қыздармен дос болу? Жоқ бола алмаймын.Бұл қыздар үйленген адаммен дос бола қалса, жаман ойлайтын пенделер ғой. Діншілдермен дос болу? Жоқ. Бола алмаймын.Олардың ақиқат дінде жүргеніне сенімім жок. Ақыры ойландым, қой Дінмұхамед Зиядиннің достығын қабылдай салайын деп…



Біздер, үйдегі майда-шүйде балалар осылай ырду-дырду болып жатқанда ересектеу ағамыз анадай жерде раскладушккасын жайып жіберіп жататын еді. Кей күндері ағамыздың үйде болмайтынын білген кездерімізде, қоңыр материалын жан жағынан серіппелермен тартқылап, әлуминиге бекітілген сол раскладушкаға жату бақытына ие де болып қалатынбыз. Серіппе тартылған жері үзіліп әр жері салбырап, кей жерлері қызыл сыммен, енді бір жерлері қара сыммен бекітіліп тұрған сол қоңыр раскладушка әлі күнге көз алдымда.
Жұрттың күлгеніне шыдай алмай баласына келіп айтыпты. «Осылай да осылай, мені жұрт мазақтады, сен келінге айт, келер жолы абай болсын» деп. Ұлы келіншегін сабап тастапты. Өзінің таяқ жегеніне намыстанып кеткен келіншек, сөмкега атасының дамбалын салып, атасының алдына әкеліп «ата, сіз жөндеп қарамағансыз ғой, міне дамбалыңыз тұр ғой» дегенде атасы, «Келін-ау, мені келеке қыла бермеш, бағана анауың үшбұрыш болатын» деген екен.