Тырнағы боялған ескерткіш))))

Ауыл жаққа бардым. Жолай «Ақой» деп аталатын ауылдың үстімен өтеміз. сол жерде Кеңес Одағы кезеңінен қалған алып ескерткіш тұр. Ауылдық жерге алып қой енді. «Ондай ескерткіштер жер-жерлерде бар, несіне айтып тұр» дерсіздер, қызығы сол ескерткіштегі қыздың тырнағы боялған)))



Ерінбей барып еріндері мен тырнақтарын бояған кім екен?
Әрі қарай

Жұлдызды гол!

Құрметі оқырман, айғайлаған тақырыпты ғана оқи салып біздің ұлттық құрама Аргентина құрамасының немесе бразилиялықтардың қақпашысының санын соқтырып кетті деп қалмаңыздар. Жеті нан құдайы беретін ондай күн жақын емес тәрізді әзірге…
Менің
Әрі қарай

Цирктің түрлері

Цирк те үлкен цирк, кіші цирк болып екіге бөлінеді.
Үлкен цирктер үлкен қалалардың цирк ғимараттарында өнер көрсетсе, кіші цирктер кез-келген қалаға барып көшеде өнер көрсете береді.
Үлкен цирктер көбіне арнайы бағдарламаларымен келеді. «Мұз айдынындағы цирк», «Судағы цирк» дегендей, кіші цирктер аралас бағдарламалармен жүреді, яғни арқанмен жүру, кір тасын көтеру дегендей ғой…
Әрі қарай

Жұлдыздың саны қанша?

Аспан әлемін зерттеушілер жұлдыздардың нақты санын тапқан да болар кім білсін?! Менің баяндайын деп отырған әңгімем телескопты ойлап таппай тұрған кездердің әңгімесі.
Баяғыда бір айтыста өзін жеңіп бара жатқан ақын жігітті сөзден жеңбек болған қыз әлгіден аспандағы жұлдыздың дәл санын айтуын сұрапты. Жігітте тосылып қалмапты.
Әрине малдың санын баққан білер
Ел үшін ер жігіттер атқа мінер
Еркек сорлы еңкеңдеп не біледі
Жұлдызды шалқасынан жатқан білер-деп салыпты.
Әрі қарай

Ит адамның досы ғой, талас бар ма...

Әбіләкімнің  ауылы: Ит адамның досы ғой, талас бар ма...
Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. сол ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. кзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Әрі қарай

Аманат. Өсиет

Аманат
Жасы келіп өлейін деп жатқан шал балаларын жанына шақырып алыпты. 1 ұлы және 1 қызы болса керек.
-Мен өлген соң сары сандыққа өзің ие бол ұлыммм…
Осы жерде кемпірі шыдай алмай кетіп,-Сандықты ұлына бергенді кімнен көрдің? Қызыңа бер-десе керек. сонда шал соңғы күшін жиып:
-Әй, кемпір өлейін деп жатқан мен бе, сен бе?-деген екен.

Өсиет
Әкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде,:«Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?»-депті. ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем.
-Орындаймын әке!
-Ендеше менің аяғымдағы нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма- депті.
Шал өлді. Жерлеу рәсімі басталғанда баласы,"Әкемнің соңғы сөзі еді, нәскиімен жерлейік«деп өтінеді.Бірақ шариғат заңы бойынша қалай дүниеге келді, солай жерленеді ақыры.Әкесін жер қойнына тапсырған жігіт, оңаша жерге барып қағаздағы жазуды оқиды.
»Балам, өзің көргендегідей мен о дүниеге жыртық нәскиде алып кете алмадым. Дүниеге көп құныға берме" деген жазу бар екен әлгі қағазда.
Әрі қарай

Сексуальная травма

Ауылымызда көп жыл ұстаздық еткен Төлеубай деген кісі бар. Үлкенді-кішілі біраз адам Төлеубай мұғалім деп атайды. Сол Төкеңнің Алматыдағы ұлының БТА банкінен алған ипотекасы(ипотека сірә Төкеңнің атында-ау деймін) бар екен. Ақшаңды уақытынан кешіктірсең байланысқа қалдырған телефондарды мазалайтын әр банктің әдеті емес пе? Төкеңнің де үйіне «БТАлықтар» звандапты." Алло, это дом Курманбаева Толеубая?" «Да, Толеубай слушает вас». «У вас проссрочка, анау-мынау ...» Төкең өзі маңғаздана сөйлейтін адам. сол қалпын бұзбастан «Я сейчас не могу платит. Все денги у братишки. а он за границу ушел» депті. «Какая братишка?» Банк қызметкерлері де тықақтап қоймайды. «мұхтар Әблязев» деген кезде ар жақтағылар трубканы тастай салыпты… Екі-үш күн өтер-өтпестен тағыда қоңырау түседі. Тағы да Алматыдан. Тағы да сол «БТАбанк». «Я не могу данный момент оплачивать» дейді Төкең. «Почему» деп аналар да қоймапты. «У меня травма». «Какая?» банк қызметкері бейтаныс келіншек те тықақтап қояр емес. «сексуальная травма» депті Төкең. Содан бері БТАбанкінен Төкеңе ешкім қоңырау шалмапты деседі. ал, ипотеканың төленгені-төленбегені бізге белгісіз…
Әрі қарай

Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

Көлеңкедегі мереке

Бүгін 7-ші мамыр. Біреулер радио күні деп жатыр. Ал, біздің мемлекетіміз бұл күнді ҚР қарулы күштерінің күні деп атап өтіп жүргентін. Елбасымыздың 3 мамыр күні қол қойған бұйрығымен бұл күн күнтізбеден қызарып тұрып орын алды. Неге қызармасқа, қауқары өзіне мәлім. Дегенмен, бұл шешімді қолдаймын. Неге десеңіз 9 мамыр, яғни Жеңіс күнінің көлеңкесінде қалып қойып жүргенін өзіңізде сезеіп отырсыз. Енді, жұртшылық осы күні демалу арқылы болса да бұл күнді санасына сіңіре береді.
Сонымен, келесі жылдан бастап демалатын мерекемізбен!
Әрі қарай

Ағайын

Шалт басып шатасып, сорлаған соң
Қара түнек басыңа орнаған соң
Қандарыңның бірлігі неге керек
Жандарыңның бірлігі болмаған соң

Ақша тапсам Адамдық арым сатып
Маңдайақы біреудің малын сатып
Жиылар ең бәріңде маңайыма
Бір тамшы бойыңдағы қаның сатып

Бойымызда оянып жалған намыс
Болмашыға бұлданып арланамыз
Қылыш болып шабатын кездер болған
Бықсығанбыз, біріміз жанбағанбыз

Жақын жетер түбіңе талайыңның
Сүрінуін туыстың қалайды кім?!
Ағайынның барлығын көріп келем
Жоқ болғаны жақсы ма ед ағайынның?!
Әрі қарай