Ағайын

Шалт басып шатасып, сорлаған соң
Қара түнек басыңа орнаған соң
Қандарыңның бірлігі неге керек
Жандарыңның бірлігі болмаған соң

Ақша тапсам Адамдық арым сатып
Маңдайақы біреудің малын сатып
Жиылар ең бәріңде маңайыма
Бір тамшы бойыңдағы қаның сатып

Бойымызда оянып жалған намыс
Болмашыға бұлданып арланамыз
Қылыш болып шабатын кездер болған
Бықсығанбыз, біріміз жанбағанбыз

Жақын жетер түбіңе талайыңның
Сүрінуін туыстың қалайды кім?!
Ағайынның барлығын көріп келем
Жоқ болғаны жақсы ма ед ағайынның?!
Бөлісу:

11 пікір

Armanjan
Қандарыңның бірлігі неге керек
Жандарыңның бірлігі болмаған соң
вай-вай-вай, не болды Әбеке тыныштық па әйтеу...
a63a1
Болса көре алмайды, болмаса бере алмайды дейд. Бірақ ұйымға байланысыты шығар
19852407
Құрдас, қатты көңілін қалған сияқты ғой, а...
Денсаулығың қалай, бәлнестен шықтың ба?
Abilakim
ағайынның ауруыма қатысы жоқ. Осы қыс менің көңіліме қаяу салды.
19852407
Ия, екінші сұрағымның біріншіге қатысы жоқ.
Жақсы туысты жәрмеңкеден сатып ала алмайсың,
сондықтан жүндей түтіле бермей, барымен қабылдаған дұрыс па деген ойға келдік. Достар мәселесі де солай…
satibaldi
Мынауың енді Сұлтанмахмұттан асып түстің ей!
satibaldi
Жақсы туындылар қысылтаяң уақытта шығад деген тұжырым бәрібір рас.
Abilakim
бастықтарды, тағы басқаларды(керекті адамдарды) ақшаға алдап ұстайтын амалдарды білемін. Ағайынның бір-бірімен ақша үшін жүретіні көңіліме жақпады.
satibaldi
Меніңше, керісінше — ағайын сол үшін жүреді. Ал бастық пен басқа да керекті адамдар ең болмаса ақша үшін жүргенін жасырмайды ғой.
aikarakoz
Жақында кітап шығарғалы жүрген жоқсыз ба? Қопыратып өлең жазыватс
Korkem
мяяя мынауыңыз тамашакен. Алдыңғыңыз да өтіп еді)))
Ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды
деңіз)))