Агентті ашқалы жақсымен де сөйлестік, жаманмен де сөйлестік. Қуандық. Қайғырдық, қажыдық… Жазып жүргеніміздің бәрі бос екен… Малдармен дос болу? Жоқ, дос бола алмаймын. Малмен мал боп отырайын сол...Қыздармен дос болу? Жоқ бола алмаймын.Бұл қыздар үйленген адаммен дос бола қалса, жаман ойлайтын пенделер ғой. Діншілдермен дос болу? Жоқ. Бола алмаймын.Олардың ақиқат дінде жүргеніне сенімім жок. Ақыры ойландым, қой Дінмұхамед Зиядиннің достығын қабылдай салайын деп…
Блогшылардан кіммен доссың? Қайтпек керек? Заман азды ма, әлде адам азды ма? Заман азды дейін десем әуелгі ниет, әуелгі ықылас AKY мен Қисықтан болмақ керек-ті. Адам азды дейін десең, айнала жұрт бірін бірі көтеріп, көтермелеп, дос болып жатыр. Бұл қазақтың мінезін түзер бір дүние бар, ол ыстық пейіл мен ашық көңіл. Ендеше, менікі не тұрыс, менікі неғылған еріншектік. Әуелгі медет Құдайдан, ендеше, AKY, сен де жатпа, жалқаулық ардың ісі, дос болуға шешім қыл.
мал.ру-ды айтам)Қарап отырып Әбіл еске түсті ше… Майқұдық туралы алдынғы талас ангімеде ма?