Қазақша дыбыстау: "Тығылған негірлер"

1942 жыл. Фашист полковнигі түрмеден қашқан екі қара нәсілдіні іздеп күдікті үйге келеді.



Өткен жолы осы видеоны дыбыстап ютубқа салсам, хұқық иесі блоктап тастапты. ВК-ға салғанмын. Жол жөнекей, хұқық иесіне рұқсат сұрап, хат жазып та жіберген болатынмын.
Бүгін қарасам, ютубтағы видеоны блоктан шығарып қойыпты.
Қайта жауып тастамай тұрғанда қарап алыңдар.
Киган мен Пилдың басқа да скетчтерін қазақша тамашалағыларың келсе, ұнатыңыздар, пікір білдіріңіздер, бөлісіңіздер.
Әрі қарай

Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Біз сияқты қаратабан тоғышарлар «фотоприкол», «ентерлет мем» һәм демотиваторларды өзіне жаңалық етіп ашпас бұрын, қалам ұстаған интеллигенттер бір-біріне карикатураның «шарж» деген түрін жиі қолданған екен. Анықтамасында оны "дос-жаран, құрбы-құрдасқа әзіл-қағытпа ретінде салынатын портрет" немесе "танымал тұлғаға арнап салынған сурет түріндегі жеңіл әжуа " деп береді. Шарж адамды зілді кекесінмен тұқыртып, саяси карикатура сияқты сынамайды, кемшілігін бейнелі түрде бетіне басып, табаламайды. Шарж мақсаты — кейіпкерінің кейбір ерекшеліктерін еселеу арқылы жылы жымиту. Сондықтан, оны «мейірімді карикатура» деуге де болады.
Әрі қарай

Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?

Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?
Бала кезімде есімде: теледидардан «Тамаша» көрсетілсе, үлкендердің бәрі шаруаларын тастай салып, үймелеп отырып алады да экранға үңіледі. Бұл жерде "қыңқ" етіп артық дыбыс шығарған бала — әлемдегі ең жексұрын адам. Кейін кассеталы видеомагнитафон, дискілі DVD-плеер пайда болғанда да ата-аналарымыздың буыны үшін жағдай көп өзгере қойған жоқ — жинала қалып теледидарға телміреді. Осындай «басқосулардың» талай рет куәсі болдым, жанама түрде болса да өзім де қатыстым, сонда байқағаным — ешкім шек-сілесі қатып күлмейді, жер тепкілеп, көзден жас шыққанша қарқылдаған бірде-бір жанды көрмейсіз. Тек езу тартып, мырс еткен әке-шеше мен «М-м-м, дұрыс айтады», "Өй, бәлем тауып айтты", «Тапқыр-ай осылар» деген мақұлдау стиліндегі ата-әженің сөздерін ғана естисің.

Әзіл-сықақ театрлары

Ол кезде «Тамаша» мен «Бауыржан шоудың» комедия театрлары екенін мен білмеппін де, білсем де мән бермеппін. Кеше ескілеу бір видеоны тағы бір қарап шықтым. Түсінгенім — бұл жерде юмордан гөрі, астары бар сөздермен көңіл көтеруге көбірек назар бөлінетін секілді.
Сіздерді білмеймін, мен күлкілі ештеңе көрмедім. Тіпті нені сараптау керек екенімді білмей қалдым.

Жарайды, бұл ертеректе болған жағдай ғой. Қазір мүмкін өзгерген шығар? Мысал үшін, халық көп мақтайтын Нұржан Төлендиевтің қатысуымен болған скетчке назар аударайықшы:
Артықшылықтардан сахнаның безендірілуі секілді техникалық қырларын атар едім. Қойылымды бірнеше әрекетпен (телефонның екі жағындағы оқиғалар) күрделендіре түскендері ұнады. Демек, бұдан он шақты жылмен салыстырғанда аздап болса да өрлеу бар. Нұржанның харизмасы мықты, әртістігі жоғары (әзіл-сықақ театры үшін) деуге болады. Бірақ скетчте күлкі шақырар әзілдер саны 0-ге жақын.

Әзіл мүлдем жоқ деген тым артық болар. Бірақ, әлгі бала кезімізде "Ә-ә-ә, ананы қараңдар — бұтына жіберіп қойды", — деп тарқылдап күліп, әжуа еткен секілді, келемеждің деңгейінде қалып қойған. Мектептің «Алтын күзі» үшін керемет скетч болар еді, бірақ республикалық дәрежеде емес.

Менің ойымша, театр деп өздерін атағаннан кейін, LED экранмен және 3 микрофонмен шектеліп қалмай, көрнекі құралдар жұпынылығынан арылу қажет. Бұл сахнадан да, теледидардан да қарағанда қойылымның визуалды қырын ажарландырып, тартымды болуға септігін тигізеді. Екіншіден, бала деңгейіндегі әжуа, орысша араластырып сөйлеу секілді тым арзан әзілдерден арылу керек. Бұндай халтурамен балалар айналыссын. Осы тұрғыда үлгі ретінде «Уральские пельмени» шоуын мысал ретінде ұсынар едім:



Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?


Стендап

Стендап юмор саласының ең танымал форматтарының бірі. Бізде стендаптармен жарқырап жүрген Тұрсынбек Қабатовтың театры бар.
Иә, тапқыр ойлар бар. Бірақ сөздер редакцияланбаған, дайындық жоқ па? Артық сөздер, орысша қоспалар көп. Егер сол арқылы юмордың сапасын арттыруға болады деп ойласа — автор ұзаққа бармайды. 6 минуттың роликтен 2-3 рет езу тартқан шығармын. Қалғандары бастауышынан баяндауышының қандай екенін алдын ала біліп алуға болатын тым қарабайыр әзілдер.

Сосын, әзіл-сықақ театрларында ұжымның фронтмені шығып, концерттің алдында 5-10 минут сөйлейтін дәстүр бар. Әдетте, олар да аса бір тапқырлықпен ерекшелене қоймайды. Қол шапалақтауға тұрарлық бірнеше әдемі ой айтылады, бірақ бұларды әзілден гөрі халықтың көкейінде жүрген бір мәселені дөп басып айтуға балар едім. Театрлардыкі қаншалықты стендап, оны нақты анықтау да қиын.

Маған ТНТ арнасының «Stand Up» шоуы ұнайды. Жалпы стендап болсын, басқа жанр болсын, әзіл айтқанда өзіңе күле білу қажет деп ойлаймын:
Стендаптың ең басты қағидасы мынау екен: «Алғашқы он секундта күлдірте алмасаң — сен комик емессің». Бізде осы талапқа сай комик бар ма? Мен кездестірмеппін.


Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?


КВН

Өз заманында атақты командалардың бірі болған «ТехАС» көрсеткен мына үзіндіге назар аударайықшы:
Қойылымдары әзіл-сықақ театры мен көңілді тапқырлардың гибриді істетті. «Тамашизмге» тән театрландырылған детальдар (киім-кешек, басқа да атрибуттар) мен КВН-ға тән әзілдер бар. Бірақ бәрібір таза әзілден гөрі, клоунада көп: бет-аузын қисайту, әжуалау. Жұрт қыран-топан әйтеуір, оған да рахмет.

Қазақ КВН қазір қалай әзілдейді екен:

КВН-нің форматының ерекшелігі сол — әр айтылған ойдың соңы міндетті түрде күлкіге немесе тапқырлыққа алып келуі тиіс. Мен басқа да видеоларды қарап шықтым және бұл тұрғыда алға ілгерілеушіліктер бар секілді. Дегенмен, даурыға айқайлап сөйлеу, бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше рет қайталап айту секілді кемшіліктер әлі де қалмапты. Неге екенін білмеймін, тартымдылығынан гөрі, көрерменді кері итеріп тұратын бірдеңесі бар: мүмкін атмфосферасы, мүмкін басқа да көркемдік ерекшеліктер. Езу тартқаным болмаса, есте қаларлық бір мықты әзілдер кездестірмедім. Кейбір айтылған сөздер мүлдем түсініксіз. Мүмкін, телевизиялық нұсқасы әдемі шығуы үшін техникалық моменттеріне (дыбыс, көрініс) көбірек көңіл бөлу керек шығар.

Экранға шығып жүрген осы бағдарламалардың бәріне ортақ бір нәрсені байқадым — барлығы әлеуметтік, отбасы төңірегіндегі әзілдерден әрі аса алмайды. Жоғары интеллектуалды, ақылды юморлар жоқ. Мысалы былай:


Юмор — жай адамдардың көңілін көтеріп қана қоймай, тәрбиелегіш, эрудициясын өсіру сипатына да ие болуы керек деп есептеймін. Қазақтың әзіл саласындағы кәсіпқойлар әзірге бұндай міндетті атқармақ түгілі, өздері жетілдіруді көп қажет ететін сияқты. Бір өкініштісі сол, мысалы жаңадан әзіл-сықақ театры ашылса, бұрынғылардан өзгеше болуды, ерекше бір жаңалық алып келуді мақсат етпейді. Шоу жасауға талпынбайды. Үйреншікті болып кеткен — бір қойылым, бір ән формасынан ауытқуды қажет деп санамайды. Мәселелердің ең бастысы да осыған келіп тірелетін тәрізді.

P.S. Мынау неге Ресейдің бағдарламаларын үлгі етіп отыр деп сөкпеңіздер, ана тілімнен бөлек тек орысша ғана түсінеді екенмін.


Блог - patick: Блогиада #19. Қазақ эстрадасында әзіл бар ма?

Әрі қарай

SMS-ӘЗІЛДЕР

Мен қазір милициядамын. Маған қарсы іс қозғалды. “Тым әдемісің” деген айып тағылды. Оларда барлық дәлел бар. Енді не істеймін? Маған көмектесші!!!

Ештемені баспа!!! Бұл – вирус – Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Телефон сөндіріледі Хе-хе… Қалжын айтам…

Досым!!! Маған сенің көмегің керек. Мені бәрі іздеп жүр, маған 2 күнге тұрақтайтын орын тауып берші. Сен менің ең сенімді досымсың ғой, өтінем, көмектесші! Усама Бенладен

Мен саған бірдеңе айтуым керек. Мұны енді жасыра алмайтын сияқтымын. Саған ауыртпашылық жасағым келмейді, бірақ сен оны білуің керексің: МЕНІҢ СЕНІ ҚАТТЫ САҒЫНҒАНЫМДЫ!!!

Сәлем! Мен SMS-вируспын. Менің атым … Мен қазір сенің миыңа кіремін де… Ой, кешір, мен шығып барамын… миыңды таппадым. Қалжың )))

Бір күні микроп үйленіпті. Тойына инфекция, вирус, саңырауқұлақ, патоген, бәрін-бәрін шақырыпты. Бірақ мына SMS-ті оқып отырған паразит келмей қалыпты.

Мені алып қашып кетті. 86-жылғы жігіт. Енді не істеймін? Қала беремін-ау деймін. Өзім де білмей қалдым. Сен қазір маған звондашы, көмектесші, өтінем! – депті 39 жастағы әйел күйеуіне.

Бүгін Шрек пен Фионаның кездесіп, есекке бірге отырған күні. Осыны 10 адамға жібер. Сонда олар есектен түседі. (тексерілген)

Сен сондай ақылсыз, айтқанды орындамайтын, ақымақ, жиіркенішті, үсті-басы лас, қарны ашса тыныштық бермейтін, көпшіліктің көңіліне ұнамайтын, қаңғырып, әр жерде ұйықтап қалатын мысығымды көрмедің ба?

<’.’.’-< мынау өлейін деп тұрған балық. Сен оны өлтірмей бағыуың керек. Ол үшін сотканды күн сайын 3-4 сағат суға салып қой.
Әрі қарай