Не боп кеткен?

Күзде інім әскерге кеткен. арасында соткамен сөйлесіп тұрамыз. Кетерінде алып кеткен нөмірімен жүр. Арасында соткадан агентке кіріп қояды. Әскерде жүргендермен хат жазысудың өзі бір ғанибет еді ғой кезінде… Кім болса да, қайда болса да аман жүрсінші барлық борышын өтеушілер!
Аршатқа айтсам «Блог ашып алса да таңқалма» дейді. Айтайын дегенім армия не болып кеткен? Агентке кіру түгілі туалетке кіру мұң болатын кездер болып еді десе ешкім сенбейтін шығар қазір…
Әрі қарай

28 түн ұйықтамасаңыз не болады?


Не залеживайся, если не можешь делать деньги в постели. Джордж Бернс
Алғысөз. Тәулігіне үш-төрт сағаттан ұйықтап жүргеніме бейсенбіде бір апта болады. “Қара қазан, сары баланың” қамы үшін ғой баяғы. Кеңседе қонай-түней, жыбыр-жыбыр бітпейтін тірлік жасап жатырмыз. Ұйқы қанбаған деген жаман нәрсе екен.
Ара-арасында  анау-мынау жаңалықтарды қарап отырып, ұйқы, нақтырақ айтсақ, ұйқының жоқтығы жайлы қызық жазбалар көрдім. Солардың басын қосып, Сіздерге бір пост жазып отырмын. Терілмей қалған, түсіп қалған әріптер болса, пардон, ұйқым кеп отыр…
Негізгі мәтін. 1965 жылы Рэнди Гарднер есімді мектеп оқушысы ұйықтамай қанша уақыт жүре алатындығын тексермек болып, эксперимент жасайды. Нәтижесінде ол 11 күнді көз ілмей өткізеді (бұл үшін Рэндидің көрсеткіші Гиннестің рекордтар кітабына енген). Жақында бұл рекорд жаңартылды деген мәлімет жарық көрген болатын, алайда денсаулыққа зиян келтіреді деген себеппен аталған категорияның (ұйықтамай жүру рекорды) алынып тасталуына байланысты, бұл көрсеткіш тіркелмепті. Қаңқу сөзге сенсек, ұйқысыз өткен ең ұзақ мерзім – 28 күн.
Әрі қарай

Шіркін life – 2

«Кәрістер мен түріктердің сериалдарын шаң қаптырып кеткен» /жүргізушілердің сөзінен/ осынау шоудың алдыңғы бөлімін тамашалап көрмеппін.Көрмедім дегенім өтірік айтқандық болар, үйдегілер асыға күтіп жүрген бағдарламаға бір-екі рет көз жүгірткеніммен көңілім толмаған еді. Арасында Қалдықыздың осы бағдарлама жайлы жазғандарын оқығаным бар. Бұл жолы қараған себебім, таңдалған ойыншылар /ойыншы дегенімді жөн санадым/ әскерде өздерін сынап жатыр деген соң қызықтырды. Өзім әскерде болғандықтан және келісім-шарт негізінде жалғастырғандықтан маған бұл тақырып қызықтырақ көрінді. Сонымен кешегі яғни 9-шы қаңтардағы нөмірін көргендегі ойларым.
Әрі қарай