«Қарғыстың өзі тілек еді ғой!»

Қарғыс, ғайбат айтуды біздің қазақтан асырып айтатын ел жоқ па деп қаласың кейде. Жазушы Ғабит Мүсіреповтің өзі: «жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды» дейтіні бар.
«Әке-шешенің баласына және зұлымдық көрген адамның залымға жасаған бетдұғасы (қарғысы) қайтарылмайды.» делінген екен хадисте. Яғни, кез-келген уақытта Алланың қалауымен қабыл болып кетуі мүмкін. Шешенің балаға ашуланғанда айтып жататын сөздеріне тереңінен үңілмей үстіртін қарап жатамыз. Бәріміз де бала болдық. Балалықпен бірдеңені бүлдіріп қойсақ әжелеріміз қалай ұрсатын еді: «Өй, бар болғырлар», «Тұқымың құрымағыр», «көсегең көгергір», «Әкең аман болғыр», «өркенің өскір» т.б. Бұндай сөзге ренжіп жатқан біз жоқ. Осындай қарғыс естіп өскен біз недеген бақытты едік. Қарғыстың өзі тілек еді ғой. Үлкендердің ақылдарына, сөздік қорларына қалайша таң қалмайсың?! Ал, қазіргі жастардың баласына ұрысқандағы сөдерінен адам шошиды: «оңбаған», «өй, құрығыр» т.б. Осы сөзді естіген бала не болады?! Өз баламыз ер жеткенде оңбай кетсе кінәні кімге жабамыз?! Әр сөзімізге абай болайық ағайын! Қарғыстан Құдай сақтасын.

«Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал мүліктеріңе бетдұға етпеңдер! Дұғаларың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады.» (Мүсілім)

«Жақсыға жаным құмар әрқашанда,
Жақсыға жақсы тілек арнасам ба?
Жақсы бол деп қарғашы досым сен де,
Бір күні бір жаманды қарғасаң да!»
(Қ.Медеубаев)
Әрі қарай

Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық

Футбол, тек қана футбол!: Қарғыс, мистика немесе кездейсоқтық

Көбімізде мынадай сұрақ бар: Қарғыс(проклятие) пен Мистиканы футболмен байланыстыруға бола ма жалпы? Футбол деген ойын емес пе? Ол жерде тек мықтылар мен күштілер жеңеді, бірақ қарғыс пен мистиканың спорттың бұл түріне не қатысы бар дерсіз? Алайда, футбол тарихынан бері белгілі болып келе жатқан жәйттер мен дәлелдер қарғыс пен мистиканың футболда орын алатынын(жалпы спортта да) көрсетіп отыр. Сонымен, футболды осынау қызықты да түсініксіз жағдаймен байланыстыруға не себеп болуы мүмкін?!
Әрі қарай

Қарғыс!!!

Бір шал автобусқа мінсе, іші толған адам дым орын жоқ екен. Содан алдыңғы жағында отырған жас қыздан орын сұрапты дейді. Ана қыз орын бергісі келмей, менен басқа адам жоқ па? дегендей әңгіме айтып керісе кетіпті шалмен. Содан айқай-шу болып кетіпті. Басқа бір жігіт орын беріп шал жайғасып отыра салып қызға ұрысып жатса анау да қоймайды дейд шаңқылдап. Жынданып кеткен шал,- о көргенсіз… күнтимесіңе, ғұмырда дым тимесін! десе, бір кемпір әй шалай қарғысың қатты болды ғой? Жас қыздың болашағына балта шаптыңау депті :)
Әрі қарай

Ананың қарғысы...

Баяғы заманда атағы төрткүл дүниеге жайылған ғалым болған екен. Өкінішті жері ол ғалымның бір аяғы шолақ болғандықтан ылғи балдаққа сүйеніп өмір кешіп жатыпты. Күндердің бірінде, ел болып жиналып ғалымнан аяғының шолақ болу себебін сұрапты. Ғалым мұңайып отырыпты да, көзіне жас алып басынан өткен әңгімесін баяндапты.
Әрі қарай

Маған тағылған айыптар

Әбілдің, көбіміз кішкентай кезімізден ең болмаса бір рет «жүгірмек», «иттің баласы» сияқты эпитеттер естіген шығармыз, нақтың. Бірақ дамбалы қайда қалғанын білмейтін ептібайымайд жастан өтіп — иегі жүн, ал әлгі жердегіні уақтылы қиып тұруға мәжбүр түктібайымайдқа айналғанда, пақаннан естімеген сөздерді көрем деп ойламаппын. Міне, Инеттің енегін тартып мінгелі естіген қарғыстарым:
«ит», «шошқа», «ит-шошқа» (meta collinarium???), «пяншік»,"қояншық",«сорлы» (@kerimбастар жақсы көретін сөз),«біләд»,«нас», «албасты»,"қояншық",«кеміс»,«жарым»,«арақта басы қалған»,«проститут»,«мал»,«күмірә болғыр»(?),"қотыр", "… бас"(бұл сөзді Айконадан естимін деп ойлап па едім, иісі Исаның үш күн ауыстырмаған шұлығы сияқты ширк қатушы жама'ат???).
Өздерің де қарғыстармен бөліе отырыңдар.
Әрі қарай