Жұлдыздар жымыңдайды...


Мәссаған!!! Аспан неткен керемет! Түнгі аспанның сонааау бір көгінде жымыңдай жыпырлаған сансыз көп жұлдыз қандай ғажап! Қаншама сырды бойына жасырған жұлдыздар — жұмбақ!
Дүние неткен тылсым ең?!..
Өмір неткен керемет ең! Сүйемін сені…

Пы Сы: Кешкі шай-пайға керек заттарды алып келу үшін осы жаңа дүкенге шыққанда оралған ойлар. Жұлдызды түнде шаттанамын.
Әрі қарай

Қасиетті Қарқаралы.

Жаңа қауымдастық аштым ағайын, келіп әдемі-әдемі материалдар беріп тұрады деген үмітім зор. Өзімнің ілетінім жоқ болғандықтан интернеттегі дапдайын материалды іліп, басын бастайын деп отырмын.

Қарқаралы сөзінің шығу тарихы туралы көп айтылып та, жызылып та жүр.
Пікірлер де әртүрлі, дәлелдер де бірнешеу. Бір аңызда Баян сұлу осы маңда қарқарасын түсіріп алып, жердің осылай аталуына себеп болған дейді. Негізге «Қарқараң сөзінің алынуы дұрыс сияқты. Бұл белгі ханды, ел билеген көсемдерді басқалардан ерек қылып көрсету үшін пайдаланған, «қарқараң, «тәжңмағынасын білдіреді. Ендеше, Сарыарқаның сайын даласындағы бұл таулар ханның басына киген алтын тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл өңір халық аузында «Қарқаралы өңірң аталып кетуі әбден мүмкін.
Әрі қарай