Жұлдыздар жымыңдайды...


Мәссаған!!! Аспан неткен керемет! Түнгі аспанның сонааау бір көгінде жымыңдай жыпырлаған сансыз көп жұлдыз қандай ғажап! Қаншама сырды бойына жасырған жұлдыздар — жұмбақ!
Дүние неткен тылсым ең?!..
Өмір неткен керемет ең! Сүйемін сені…

Пы Сы: Кешкі шай-пайға керек заттарды алып келу үшін осы жаңа дүкенге шыққанда оралған ойлар. Жұлдызды түнде шаттанамын.
Бөлісу:

18 пікір

araika
Мен соңғы рет кешкісін аялдамаға келіп автобус күтіп тұрғанымда қарағанмын және көргенім 1 ғана жұлдыз Қанша іздегенмен, одан өзгесін таппадым, қызық…
shimaibek
Ақшам уақытының кезі болған ғой, шамасы. Ал, әлгі біреу — Шолпан.
MickThatsMyNick
Иәәә таңғаларлық… адамның көзі мықты ғо… адам бара алмайтын жерге, адамның көзі жетіп тұр!
izbasar
Соншалықты сенімді болуға да болмас. Жұлдыздыңғ ары жағын көрсек айтуға болар.
MickThatsMyNick
Негізінде ғарыш туралы теориялар көп қо, соның біреуі "Қара тесік", біз сол қара тесіктің ішінде болуымыз мүмкін… одан шығу жол тапқанша…
shimaibek
Ғарыш… ғарыштың өлшемдерін ойға алғанда таң қаламын кеңдігіне, алыптығына. Сондағы пенденің орны-ай…
izbasar
Ғарыштың кеңдігін ойлауды, өлшеуде біздің ақылымыз тағыд тарма деп қаламын.
shimaibek
Рас айтасыз, осалмыз. Шектеулі шексізді өлшей алмайды!
shimaibek
Менікі, әншейін, қиялым жеткенше таңдану ғана…
madlen
Алматының аспанында жұлдыздар жоқ
Zilola
Атырауға кел, аспандағы жұлдыздарды санауға ештеңе кедергі болмайды.
shimaibek
Алматының түніне не жетеді?
VKM
Жұлдыз, аспан… романтика кетіпті ғой
shimaibek
Иә, осы мен қиялимын… Осы бір жаман әдетімнен арыла алмай-ақ қойдым…
Zhan
Қияли болудың несі жаман? Мен де әлі күнге дейін көп қиялдаймын. Кейде өз фантазияма таңырқайтын кездерім болады. Оның бәрінің орындала бермейтіні қандай жақсы болған. А то мына галактиканың быт-шытын шығарып жіберер едік.
Nurgisa
Oilarynyz koptegen milliondardikinen ozgeshe emes eken. Standartty oilar.
Post jazu madenietine konil bolseniz eken, shimaibek. Budan da mykty dunieler jaza alatyn siaktysyz.
shimaibek
Жақсы, аға ескерейін. Рахмет, пікіріңізге! Тыңнан тақырып іздейін.
Abilakim
Аспан дегенге ауылдан ғана қарау керек. Қалада жарты аспан көрінбей қалады