Gravіdіtas

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Фотограф Леннарт Нильсон ұрықтың пайда болуынан тууылуына дейінгі эволюциялық дамуын таспаға жазып алу үшін өз өмірінің 10 жылын сарп еткен.
1965 жылы LIFE журналы адам эмбрионының 16 беттен тұратын фотосуреттерін жариялады. Фотосуреттер сол мезетте Stern, Paris Match, The Sunday Times сынды салмақты басылымдарға және басқа да журналдарға шығып үлгерді. Мұның барлығы да фотограф Леннарт Нильсонның атын шығарып, танымал етті.
Адам денесінің сұлулығын жасушалық деңгейде паш етуді көздеген, және сол мақсатына жеткен Нильсонның микроскоп пен фотоаппаратқа деген құмарлығы бала кезінен басталған болатын.
Ол адам ұрығының фотосуреттерін 1957 жылдың өзінде-ақ түсіруге мүмкіндік алды. Бірақ, ондағы фотосуреттер жалпақ жұрттың назарына ұсынуға жарамайтын еді. Сапасыз.
Айқын әрі әсерлі түсірілімдер жасауда цистоскопты пайдалануға тура келді. Цистоскоп — қуықты ішінен қарауға мүмкіндік беретін медициналық құрылғы. Жатырға кірудің жолын таппай жүрген Нильсон цистоскоптың басына камера мен жарық өткізгішті бекітіп, сәбидің жатыр ішіндегі дамуын бақылауға қол жеткізді. Тек бақылап қана қоймай, мыңдаған суреттер түсірді.
Осылайша, Леннарт Нильсонның шебер қолдары: адамның пайда болуы деген құпия әлемнің сырын ашып, жұртшылыққа көрсетті. Таңдайын қақтырды.

Ал сол кезде...: Gravіdіtas
Аналықжасушамен жүздесу үшін жатыр түтігі бойымен асыға жылжып бара жатқан сперматозоид.
Әрі қарай

Керектен шықпай, отыра беру - қауіпті



Питекантроп, синантроп, ал хомо сапиенс саналы адам деп, тарих сабағынан оқығанымыз естеріңізде шығар. Адамның адамға айналу эволюциясы суретін көз алдымызға елестетіп көрсек, бүкір болған маймыл адамды тік жүруге үйреткен — еңбек. Жай еңбек емес, дене еңбегі. Қазір таңнан кешке дейін бүкірейіп ап, компитор алдында мыжырайып отыра беретін болғанбыз… Сізді білмеймін, мен солай…
Мына сурет сол эволюцияның кейін қарай болып жатқанын дәлелдей ме, қалай?!

Әрі қарай