Рояль
Мектепте қазақ тілі деген пән бар ғой.Сол сабақтың үй тапсырмаларының бірінде «рояль» сөзіне сөйлем құраңыз депті. сөйлем құраудан алдыма жан салмаймын ғой мен деген. Ойланбастан "Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті" деп жаздым.Тура осылай роялді тырнақшаға алмастан жаздым. ертесіне Дәмегүл мұғалім тапсырмаларды тексеріп жатыр.Аталған сөзге ешкім сөйлем құрай алмапты. Қолымды шошаңдатып" мен құрадым" дедім.
-Оқи ғой.
-Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті.Мұғалімнің түрінен күлкісін тежеп қалғаны білінді.
-Рояль деген не, білесің бе?
-Білем, арақ қой.Біздің үйде сервантта тұр.
-Ондай арақ бар болса бар шығар, бірақ рояль деген музыкалық аспап.Пианиноның үлкен түрі.
Міне, менің рояльмен алғашқы таныстығым осылай басталған.