Рояль
Мектепте қазақ тілі деген пән бар ғой.Сол сабақтың үй тапсырмаларының бірінде «рояль» сөзіне сөйлем құраңыз депті. сөйлем құраудан алдыма жан салмаймын ғой мен деген. Ойланбастан "Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті" деп жаздым.Тура осылай роялді тырнақшаға алмастан жаздым. ертесіне Дәмегүл мұғалім тапсырмаларды тексеріп жатыр.Аталған сөзге ешкім сөйлем құрай алмапты. Қолымды шошаңдатып" мен құрадым" дедім.
-Оқи ғой.
-Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті.Мұғалімнің түрінен күлкісін тежеп қалғаны білінді.
-Рояль деген не, білесің бе?
-Білем, арақ қой.Біздің үйде сервантта тұр.
-Ондай арақ бар болса бар шығар, бірақ рояль деген музыкалық аспап.Пианиноның үлкен түрі.
Міне, менің рояльмен алғашқы таныстығым осылай басталған.
Бұның ең сорақысы көшкен кезде тасымалдауда. Біз бесінші қабатта тұрдық. Үшінші қабаттағыға көштік. «Бірлік түбі — берекенің» кәрәмәтін сонда көрдік :) Көл боп кетті. Көп түкіріп :)
Шіркеулердігісі — орган…
Біздегісі «Беларусь» сол. Қоңырқай түсті.
Бұны бір алдың екенсің, аракідік баптап тұру керек болады ішкі құрылыстары айнып тұратындықтан.
Әкем де, шешем де саз колледжіндегі ұстаздар, араласатын ортасы да сол жердегі сазгерлер еді. Алматы, Астанадан да елге танымал өенр майталмандары қонақтап кететін. Сонда үйдегі «Беларусьта» небір мықты әуен күмбірлейтін. Бах, Бетховен, Моцарт… Бірде Алматыдағы консерваториядан бір топ кісі келді. Түнге таман. Ет асылып, желінгесін бірі домбырамен айтты, бірі пианиномен сүйемелдеді. Секциялық үй ғой, көршілер ренжімес пе екен деп алаңдадық. Таңертең көршілеріміз «түн ауа қойылған әсерлі концертке алғыстарын» боратып жатты. Шын көңілден. Осындай сәттер қалыпты есте.
негізі ойлаймын, күз кезде көп адамдар тығырыққа(депресняк) түседі. Сондай кезде пиано кластарға жазлып өзін басқа жаққа аударса жақс болад деп… ойда жүр нәрсе, көру керек ;) күзде жазлып едім, уақыт болмай кетті :( сосын үйіңде міндетті түрде пиано болу керек деген соң де желания жаблып қалд :)