Елордалық бессайысшы Павел Ильяшенко Риоға жолдама алды
Елордалық бесайысшы Павел Ильяшенко Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Халықаралық рейтингтің қорытындысы бойынша қалалық Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы төрт жылдықтың басты додасында бағын сынайтын болды.
Олимпиадаға дейін 50 күн қалды, қазіргі кезде еліміздің намысын қорғайтын спортшылар құрамасы жасақталып жатыр. Қазіргі заманғы бессайыстан елордалық атлеттер бұған дейін бір лицензияға қол жеткізген болатын. Бейжіңде өткен Азия чемпионатында Елена Потапенко жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын қорғап қалды.
Павел Ильяшенко Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Спортшы қазіргі заманғы бессайыстан Қазақстан құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері, командалық біріншілікте Еуропа және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионы.
«Өткен Олимпиадада Павелге тәжірибе жетпеді, ол дайын болған жоқ, әрі жас, оған бүкіл елдің атынан үлкен жауапкершілік жүктелді, бала абыржып қалды. Осы жылдардың ішінде Павелмен көп жұмыс істедік, нәтижелерді арттырдық, жақсарттық, бәйге алуға жігерлендірдік», – деді қазіргі заманғы бессайыстан ҚР мемлекеттік бапкері және спортшының жеке жаттықтырушысы Оксана Дмитриенко.
Айта кетейік, қазіргі заманғы бессайыс – бес дисциплинадан тұратын спорттық көпсайыс: конкур, семсерлесу, ату, жүгіру және жүзу. Спортшылар әр сайысқа қатысудың нәтижелері бойынша ұпайлар жинайды.
Спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар төрт жылда бір өтетін додаға дайындық кезеңдерін аяқтап қалды. Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-і мен 21-і аралығында Рио-де Жанейрода өтеді.
Әрі қарай