Ислам әлемі: ащы ақиқат


Дүниежүзінде 1,5-2 миллиард мұсылман бар деп болжануда. Демек, мұсылмандар әлемдегі жан санының 25 пайызын (1/4) құрайды. Бұл өте үлкен көрсеткіш, мұсылмандар христиандардан кейін екінші орында.
Әлемде 57 мұсылман мемлекеті бар, бұлар Ислам Конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер. Демек, әлемдегі барлық мемлекеттердің 30 пайызы (1/3) мұсылмандардікі. Бұл да үлкен көрсеткіш. Дүниежүзіндегі минералды ресурстардың, энергия көздерінің айтарлықтай бөлігі мұсылман елдерінің еншісінде екенін назарға алайық.
Әрі қарай

Қазақтың діні жоқ!

Ислам дініне шақырылғанда,

Аллаға қарсы өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? (Сафф сүресі)

Алланың қасында шынайы дін Ислам. (Әл-Имран сүресі)

Арабтың да діні жоқ! Кәрістің де, немістің де. Алланың ғана діні бар. Ол – Ислам. Өмірінің соңғы мезетінде, 100 мыңнан астам сахабаға өсиет айтқан ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (алейхи уассалату уассалам) “Арабтың араб еместен, араб еместің арабтан еш артықшылығы да, кемшілігі де жоқ! Олардың арасындағы айырмашылық, тек олардың жүректеріндегі иманда” деген болатын. Соңғы кезде бір білгіштер “Қазаққа өз дінімен жүру керек” дейтінді шығарды. Сонда өздері не айтып отырғандарын өздері білмейді.
Әрі қарай