КерекИнфоның Мұнарасы

Пайдалы сайттар: КерекИнфоның Мұнарасы

Құрметті сайттастар,
Осы күзде «Нұр Медиа» холдингі өздерінің алғашқы ақпараттық сайттарын ашты. Мұнара деп аталады. Сайттың негізгі мазмұны холдингке қарасты БАҚ өкілдерінің ақпараттарынан құралады. Сондай-ақ өңірлердегі тілшілердің де жаңалықтары қосылады. Танымал блогерлер де бұл сайтта колумнист ретінде жазбаларын жазуда. Сайт редакциясы КерекИнфолықтардан құралған. Daniar-Alan мультимедиа редакторы, aikarakoz SMM менеджер, <ls user=«aizhuka аудармашы-редактор, мен осы жобаның басқарушы-редакторымын.

Колумнистерді де танисыздар: Nurgisa patick kozildirik zholantai ushkin
(Бұл тізім әлі де ұлғаяды)

Өңірлердегі тілшілеріміз қатарында да КерекИнфолықтар бар. Олардың қазір тізімдері нақтылануда. Кейінірек жазамын

Сайтымызға күнде бір рет кіріп тұрсаңыз, дос-таныстарыңызға да айтып тұрсаңыз қуанамыз. Сайттастарымыздың қолдауын сезінгіміз келеді. Әлеуметтік желілерде де бізге қосылыңыздар.

Үлкен рахмет!

Munara.KZ

Facebook
Instagram
Twitter
Вконтакте
МойМир
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: Сапар соңында Ноко аралы



Мынау — балмұздақ! @satibaldi "Қайтем, нақ!" деуі мүмкін, бірақ сіз дәмін көрмеген боларсыз, бал! Ал дайындалу жолы? — сырты кәдімгі блинымен қапталған, оны сатушы көзіңше дайындайды, ең бастысы арнайы каталогтан және витринадағы суреттерден қалағаныңды меңзесең болды, ол лезде ожауымен арнайы қамырды жалпақ пешке құйып, жұлынбаған, жыртылмаған әп-әсем блиныды дайындап шығып, дайын өнімді қолыңа ұстатады.
Әрі қарай

Владимир мен Сақи: Қорқынышты радиотолқындар


Болған оқиғаға негізделген.

Капитан! Капитан!Қайдасыз? Капитан! — дүрбіге үңілген матрос шіңкілдеген даусымен зар қақты.
Мұны естіген ұйқылы-ояу боцман жақындап, матростың қолынан дүрбіні алды.
Әрі қарай