Аққулы балерина Анна Павлова
Британдық актриса Одри Хепберннің кішкентай елігі болған. Қызық қой, ит емес, мысық емес. Ал балет деген сұлу өнердің хас бишісі, аңыз биші Анна Павлованың аққуы болғанын білесіздер ме? Есімін Джек деп қойған екен. Иә, менің де осындай өзгеше бір жануарларды асырағым келеді ғооооооой)) Жарайды, мәселе онда емес, мен бүгін өз блогымда Аннаның есімін жаңғыртқым келеді.
Көптеген өнертанушылардың айтуынша Аннаның өзге бишілерден айрымашылығы соны мінзеділігінде болса керек. Ол шынайы өмірден жырақтап, өмірді сахна деп білді.15 жасынан бастап үлкен сахнадан көрінген Анна 40 жастан асса да сол әсем қалпында көрермендердің көзайымына айналды.
Сол бір аңыз тұлғаның биін көргендердің айтуынша, «Анна сахнада бейне бір құс сияқты қалықтайтын» деп айтады. Көзінің жасын саусағымен іліп тастап, сондайлық нәзік жылағаны, балаша шаттанып қуанғаны көрерменге сондайлық қуаныш пен мұң сыйлады. Анна қатысқан қойылымдар музыкалық және психологиялық тұрғыдан мазмұнды, эмоциялық бояуға толы, әрі алуан жанрлы болып келеді.
Ол туралы газеттер, «Анна бейне бір қалықтаған бұл сияқты. Анна толқын, Анна күзгі жапырақ» деп жарыса, таңқалыса рецензия жазды.
...1881 жылы қаңтар айында Анна дүние есігін ашты. Әлжуаз болып туған Аннаны ешкім осындай танымал биші болады деп әсте ойламаған еді. Он жасынан бастап Петербургтегі би учлищесінде таң сәріден көзін тырнап ашып сабаққа барып, қысқа демалыс, ұзақ жаттығу, кешкі қойылым сияқты тынымсыз еңбектің арқасында Анна «шаруа отбасы» деген ұғым стереотипін бұзды. 1899 жылы Петербург театр училищесін П.А.Гердтің класы бойынша бітіргеннен кейін, Мариин театрына қабылданды. Аданның «Жизель» балетіндегі Жизелъ, Дельдевездің «Пахитасындағы» Пахита, Минкустың «Баядеркасындағы» Никия мен «Дон Кихотындағы» Китри тәрізді үнемі таңдаулы партияларды ойнады.
Анна тұрмысқа да шықты, бірақ отбасылық өмірде жарастық таба алмады. «Несколько строчек из моей жизни» атты естелігінде А. Павлова, «Мен неліктен күйеуге шықпаймын? Жауап өте қарапайым. Меніңше, шынайы әртіс өнері үшін жан пида болуы міндетті» деп жазады. Сөйте тұра, сөзін былай деп жалғайды, «...әйелге тең келетін ер – музыка мен бидің үйлесуі сияқты дүние». Осы бір жолдардан-ақ, Аннаның бар болмысы мен жан-дүниесінің мұңын көруге болатындай.
Өмірінде қырықтан астам елде сапарлаған Анна заманында қаны жерге тамбайтын ең танымал, жоғары ақы төленетін биші еді. Өзінің мектебі, өзінің балет труппасы болды және аққу асырады.
«Умирающий лебедь» атты шағын би қойылымы Аннаның жұлдызды нөмірлерінің бірі. Сыншылардың бағалауынша аққуды осынша шеберлікпен билеген биші кем де кем. Сахнаға түскен прожектор жарығында асыр салған биші арқасын залға сырт бере билейді. Ал аққу мамығымен көмкерілген биші өзі айтатын «биге адалдық» принципімен бар болмысымен аққу болып айдында жүзеді.
Бишінің осы бір бейнесіне куә болған Камилл Сен-Санс, «Мадам, сізді «аққу» кейіпіңізде көрген сәтте мен өзімнің таңғажайып музыка жазғанымды түсіндім» дегенді айту үшін ғана бишімен жолығуды қалапты.
Анна Павлова өз кезеңінің ұлы актрисасы атанған биші классиканың қатаң шеңберінен шықпай жалпылама-шартты балет бейнелеріне психологиялық және қазіргі заманның терең ойларын енгізді. 1910 жылы өз труппасын ұйымдастырып, гастрольдік сапармен Еуропа, Америка және Азия елдерінде өнер көрсетті.
Сөйткен Анна Павлова 1931 жылы 20 қаңтар күні сахналық өмірінде алғаш рет қойылымға шықпай қалды. Ол ең атақты Гаага сахнасына билеп шықпады. Әбден ауру меңдеген Анна төсекте жатып, «Аққу костюмімді әкеліңдерші» деп сыбырлап барып, мәңгілікке көз жұмды. Бұл 23 қаңтардың суық түні болатын.
Әрі қарай