Балетке бардым

Бүгін емес, кеше балетке бардым.
Алматыдан Абай атындағы опера және балет театры гастрольдеп келген екен Астанаға, «Ромео мен Джульеттаны» қойды.

Өмірімде алғаш рет балетке баруым. «Ромео мен Джульетта» спектаклін Қ.Қуанышбаев атындағы театрдан көргенмін, екеуі екі бөлек нәрсе екен.

Конгресс холда «оркестр шұңқыры» бар екен, кеше көрдім). Тірі музыканы жаным сүйеді, рахаттанып тыңдадым. Алайда, меніңше, «Ромео мен Джульеттадан» гөрі, мысалы, «Щелкунчикті» қойса, одан да үлкен ұнар ма еді, себебі соның музыкасы өте ұнайды.

Сосын тағы ұнағаны костюмдері. Өте әдемі, келісімді.

Публика. Кешкі қойылымдарға жеті жасқа дейінгі балаларды кіргізбейміз деп хабарлағанмен, қойылым бойы залдың әр шетінен жылаған баланың дауысы естіліп жатты. Сол жағымда елі алпысты алқымдаған, екі апай келіп отырды, өздері сыпайы сондайы, мәдениет желі есіп тұр)) Қолдарында маникюр, бет әлпеті күтілген, обшым, қарап қызығып кеттім, сондай жасқа келгенде мен де осылай жүрейінші деп))) Ал сол жағыма үш апай мен әжейлер келіп отырды, біреуі отыра беріп маған: "Қазір қандай концерт болады?" дейді.:) Қойылымның тыныштау сәттерінде арт жақтан ер адамның қорылы да естілді…

Ал ең бастысы, әрине, бишілердің өнері. Шынымды айтсам, күткендей әсер ала алмадым. Әлде балконда отырып көргендіктен болар, көзілдірікпен отырғанның өзінде анық көрінбеді (дәрігерге барып, минусын үлкейтем ғой, шамасы). Бірақ тағы да балетке барып көруге құлшыныс бар. Сосын операға да барып көру керек деген ой түйдім.
Бөлісу:

43 пікір

AKY
"Қазір қандай концерт болады?"
Шшс...))
Karakyz
«Ромео мен Джульетта, балет» десем, мұрнын шүйірді. Бірақ ол әжелер жарады, соңына дейін көріп шықты («жігіт уже өлді, қыз қазыр өлед» деп коммент айтып қойып отырып). Ал ана мәдениет желі есіп тұрған екі апам бірінші акттен кейін жоқ болды(
Erkekyz
Кеше мен сенімен балетке бара алмаған соң, Тв-дан балет көрдім. Басталып кеткен, мағынасынан Синдрелла ғой деп түсіндім. Сондай күшті болды, кәдімгідей бір релакс болып калдым. Жақсы әсер алып, көріп жаттым.
Karakyz
Қызық болды, жұмыстан екі билет берген. Сосын осында жаздым, астаналықтар барайық деп, сенен өзге ешкім орнынан тұра қоймаған соң, сол екі билетпен дос қызыммен барайық деп, оны шақырдым. Содан, кешке қарай бір іс шараға байланысты, үйде қалуым керек екені анықталды. Досыма отбой бердім де, бос болсаң, билеттерді алып кет, босқа қалмасын дедім. Сөйтсем бір кезде апам (әпкем) айтады, мен барайын деп едім, қызымды алып, бірге барайық дейд (кішкентай жиенім балетке қатысып жүр). Ал жәрәйд онда, деп досыма дубль екі отбой бердім. Бір кезде кешке апам қызым аурыңқырап тұр, өзің бара бер дейд.

Сөйтіп, компаниясыз, тек өзім бардым, өзіме өзім ренжіп, екі кеменің басынан ұстаған суға кетед деп. Қызықтың көкесі сонда, жұмыстан берген билеттер орыны көрсетілмеген, қай жер бос болса, соған отыра кететін билет екен))). Жарты сағат бұрын барғасын, орын тауып отырдым, алайда қасымда тағы біреу болса, орын табу қиынға түсер еді, еще өзім шақырып алып, ұятқа қалад екенмін))))).
sammita
Ал жәрәйд онда, деп досыма дубль екі отбой бердім.
келесі жолы есте болсынШ:)))))))
Karakyz
andai almadym… ©
sammita
әншейін ғо, Қарақыз бірдеңе ұсынса алу/алмау жағын ойлаймын дегендей:)))))))))
Karakyz
)))

репутацияны кір шалды деген осы екен ғой))
seken
Шынымды айтайын, балет деген мен үшін түсініксіз өнер немесе құбылыс. Оның не пайдасы бар сонда? Мысалы ән тыңдағанда адам ләззат алады.
sammita
Қ.Қуанышбаев театрында бұл қойылымның премьерасы 4 жыл бұрын болған. Джульетаны сол кездегі Музакадемияның актерлік бөлімінің студенті ойнады, күшті шықты. Төрт-бес рет көрген шығармын. Ромеоны Қуандық Қыстықбаев «сомдады»:))
Балетке барып көрмедім әлі…
asaubota
қысқаша балет туралы айтып жібересіңдер ме? оның приколы неде сонда? маған қызық емес, түсінбеймін дым. музыкасы да биі де ұнамайды.
Zere
Балетті барып көру керек. Әйтпесе теледидардан көргенде еш әсер етпейді.
Өзім бірінші рет «Красная Жизель»-ге барып керемет әсер алып қайтқан едім.
sammita
билеп жүріп әңгіме айтады общым:)
saken
қысқаша балет туралы айтып жібересіңдер ме? оның приколы неде сонда?

не ғо… қалай түсіндірсем екен… короче оның приколы футбол сияқты ғой, біреулер үшін :))
19852407
"Әлеуметтің жоғарғы класына арналған жоғары дәрежелі өнер", Аршат )))
Іш пыстырып жіберетін сияқты, шыдам жетпей кетет
19852407
Балет — итальян тілінен аударғанда «би» дегенді білдіреді. Ал, бидің театрға қатысы қандай дегенге келетін болсақ, балет белгілі бір әдеби шығармаға қойылатындықтан.
Қойылатын балеттің авторы былайша айтқанда сценарий жазады, тек оны «либретто» деп атайды. Яғни, либретто тек опера мен балетке жазылады дей беріңіз.Автор біразғантай өзгеріс енгізуі мүмкін, бірақ әдеби шығарманың негізгі желісін, ондағы кейіпкерлердің тұтастығын бұзбайды. Осылайша дап-дайын болған либреттоға композитор музыкасын жазғанда, ол дап-дайын балет боп шыға келет! Бар прикол осында.
Операда әнмен, балетте бимен жеткізіледі кейіпкерлердің көңіл-күйі.
Балетті құрайтын 3 негіз: басты солистер, кордебалет (бишілер тобы, операдағы хор сияқты деуге болат)және оркестр.
asaubota
рахмет, күшті жазғансың. тек балет маған емес ау деп ойлаймын. футбол дұрыс ау сол…
19852407
өз басым театрдан шықпауға бармын))
satibaldi
қысқаша балет туралы айтып жібересіңдер ме? оның приколы неде сонда? маған қызық емес, түсінбеймін дым. музыкасы да биі де ұнамайды.
Түркіменбашы)))))))))))
omarbirat
Балетке баратын еркектерге көйлектерінің етегі түрілген балерина қыздардың секіріп билегені, ал әйелдерге тырысып қалған шалбар киген еркектердің биі күшті шығар деген көргенсіздің ойы келіп тұр маған. Шешінбейтін стриптиз :)
Zere
Көрсетілімді тамашалап отырып оған көңіл аудармай да кетесің. Көзің үйреніп кетеді екен.
Gastarbaiter
Ия тырысқан дамбалдар туралы ең соңғы кезекте ойлайсың. Балеттің өнерін, башпайыңның ұшымен тұрып, иығыңа штанга қойып балтыр шынықтырғанда түсінеді екенсің:))
Altygradus
Салтик пен @Huanysh тың арқасында балетке бардым алғаш рет:) Жизель ұнады, арасындай ұйқым келгені бар енді, бірақ іш пысқаннан емес музыкасы релакс болғасын:))Қуаныш вааще балеттің білгіші екен, актер актрисалардың атын жатқа біліп
huanysh
Негізі бастаған Салта ;) былай күшті демалдым! Рахмет Салтика!
Karakyz
Baletti suiip (tusinip) koru ushin de, kobirek baryp koz uiretu kerek siakty. Bara-bara ar qimylynan lazzat alyp otyrasyn))

Mysaly, manerlep syrganaudy onsha kyzygyp kormeitin edim, 1shi arnadagy muz showlarynan keiin arbir nomerin kyzyga karaityn boldym. Al tirilei korgende (asiadada) aser birneshe ese ulkeidi.
Karakyz
Sosyn tagy bir baiqaganym, qai jerinde kol shapalaktau kerek ekenin bilmegenim. Jurttar sal pausa bolganda kol sogyp otyrdy, birak meninshe en sonynda bir sogu kerek siakty, aserdi bolmei.

Sosyn uige kelip alyp inetten karagam, erekshe aser algan kezde kol sogu kerek deidi… Sonda tagy bir okyp bilgen qyzyq fact: arnaiy adamdar bolad eken, klaker degen, kerek kezinde kol shapalaqtap, halykty ilestirip aketetin, bravo dep aikailap, t.s.s.)))
Karakyz
qazaqsha arippen jazsam kvadrattar shygyp keted(
Gastarbaiter
Балеттің приколы футбол сияқты емес. Ол азарт. Спорт. Тезірек, биігірек, күштірек деген критерийлер. Ал бұл өнер.
Өнер болғанда күй сияқты.
Мысалы бодибилдинг тірі денеден мүсін соғу болса. Балет тірі денемен күй композициясын орындау. Күй болғанда анау мынау емес 3Д форматта.
omarbirat
Қалаға жаңадан келгенімде, мен оқыған мектептің жанында хореографиялық училище болды. Сонда оқитын балалар №5 қауымдастыққа жақындау, әлжуаз, черттар шығар деп ойлап жүргем. Кейін қасымдағы балалардың сол «хоректар» туралы сөйлегендеріне қарап, олардан қорқатындарын білдім. Сөйтсем, ол хоректар сол районды ұстайды екен :))
Altygradus
Селезневтың балалары ма???
omarbirat
Ол балалардың фамилияларын білмеуші едім деп тұрсаң :)))))))))

Иә, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің балалары. Бойлары сырықтай ұзын болатын. Қыздары әдемі еді: барлығы бірдей қылып шаштарын түйіп алған, бойлары тік, өкшелерін бір-біріне жақын, аяқтарының ұштарын шамамен 30-45 градус екі жаққа қаратып пингвиндерге ұқсап жүреді :))
Gastarbaiter
Брюс Ли ча-ча-ча дан чемпион болған Қытайда. Сол себепті төбелеске шыққанда сахнаға билеуге шыққандай ерекше грациямен шықанда шапалақ ұрғың келеді.
Ван Дам да балет әртісі болған дейді. Жұртты секіріп шпагатпен теуіп мақтанатыны содан қалыпты міш. Әр кинода міндетті түрде жалаңкөтін көрсететінін қайдан үйренгенін түсінбедім бірақ.
omarbirat
Ван Даммның кинодағы алғашқы қадамдарының бірі каратист педиктің ролі болған дейді ))


*Брюс Лидің өмірбаянынан оқығаным бар, иә.
omarbirat
Смайлдар қосылыпты, уа жамағат!
AKY
d
AKY
:-bd мынаны қойғым келген. Апдейт жасамаса, нетпей ме бірден?
balzaminka
Бұрындары тек қана Байсейтова театрында болып тұратын еді, одан кейін Пирамида ашылғасын альтернатива көбейді ғой :)

Өкінішке орай, Қызылордаға балетшілер ат басын көп бұра бермейді, сондықтан бір туысқанымыз арнайылап Астанаға келген Пирамидадағы балетті көруге. Байсейтованың балериналары сияқты қате көп жасайтын шығар деп қорқып едім, құдай қолағанда олай болмады. Алматыдан, Ресейден келген труппаның қойылымы болғандықтан жоғарғы деңгейде өтіп, туысқанымыз да риза, мен де риза болып қайтқан едік.

Қарақыз, музакадемиядағы органный вечерге барып көргіңіз жоқ па? Жақсы әсерде қайтар едіңіз :)
AKY
Сен күшті екенсің, балериналардың қатесін байқайтын)))) Мен үшін бәрі «Уау, күЧті!»
Gastarbaiter
Кейбір адамдар математикалық өрнекке де орнаментке қарағандай тамсанып қарайды))
Соқыр маймылға бәрі банан © Гвинея-Бисау мақалы
AKY
хыхыхы, кетш)))))
balzaminka
ырғақ қо, ырғақ ең бастысы деуші еді бір жігіт, соған қараааааап отырасың :)
Gamk
Одан театрға барып спектакль көрген жақсы.
balzaminka
спектакль де жақсы, балет те жақсы, опера да жақсы, тек талғам ғой бастысы :)))