Бөрі қыз
Осы аптада Домбыра пати Астанаға аз ғана уақытқа келіп, көпкүндік рух пен бернеше беттік талқылаулардың себепкері — Чылтыс Таннагашева туралы болады бүгінгі әңгіме…
… Алдында сіркіреп басылып, тамшылап тұрған күн тура Домбыра пати басталарда ашылып кетті (Маралбектің айтуынша: «нұр жауды»). Күн жауынды, өтпейтін шығар деген оймен талай адам келмей қалды. Жиырма шақты ғана адаммен бастап кеттік. Менің артқы жағымнан екі-үш адам қосылды. Бас шұлғысып амандасып қойдым да, елемей тұра бергенмін. Бір кезде Чылтыс қай-қомусын шығарды қынабынан. Шынымды айтсам оған да бәлендей көңіл аударғам жоқ. Тек жанымда тұрған жігіттердің: «Домбырасы ерекше екен» деген сөздерінен соң ғана назар аудара бастадым. Маралбек ортаға шығарды Чылтысты. Тартынған жоқ, отырды да…