Жеңімпаз

Олимпиада ойындары – адамзаттың ойлап тапқан ең тамаша жаңалықтарының бірі. Күллі әлем назарын салатын бұл дода антикалық заманда елдер арасындағы соғыстардың тоқтатылатын айрықша кезеңі болғаны да белгілі. Жер-жаһанда діні мен ділі, ұлты мен ғұрпы бөлек адамдардың бәріне ортақ, бәрі қызыға қарап, сағына күтетін, бір мәрте өз көзіммен көрсем деп армандайтын дәл осындай бұдан басқа шара — жоқтың қасы.
Қазір ғой, жазғы ойындардан спортшыларымыз жылдан-жылға (дәлірек айтсақ, кібіседен-кібісеге) жүлделерін ұлғайтып келеді. Бірақ соның өзінде тәуелсіз Қазақстаннан су спорты түрлерінен бір де бір медаль алып көрмепті. Спецификалық, күрделі түрлер болғандықтан шығар.
Алайда Қазақстанда су ішінен жалпы Олимпиада медалисі шықпады деуге болмайды. Қарсы алыңыздар, су спорты түрлерінен Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада ойындарының жүлдегері – Виктор Андреевич Абоимов. Ол – біздің тұңғыш! Қарағанды жүзі мектебінің түлегі, еркін стильде жүзгіш, КСРО құрамасына жарқ етіп енген атлет.
Әрі қарай

Ленин атамыздың туған күні!

Мы пойдем другим путем! © В.И. Ленин


Атеист, эмпириокритицист, Қазан төңкерісі мен коммунизмнің көсемін еске алып бір псалом/дұға/мантра оқып жіберейік, мавзолейінде бір аунап түссін.
Әрі қарай

Спорттық ғұмырын адам ғұмырына айырбастаған адам. Ол кім???

Баяғыда осыдан отыз бес жыл бұрын, Кеңестік бір мықты спортшы, спорттан қоштасады. Қарасаңыз жайғана оқиға, кім кетпей жатыр дейсің осы спорттан… Бірақ бұл оқиға өзгеше болды. Себебі, (санай отырыңыз..) әңгіме әлемнің 11 дүркін рекордсмені, 17 дүркін әлем чемпионы, 13 рет Европаны бағындырған, 7 мәрте КСРО ның чемпиноны болған тұлға жайлы болмақ. Спорт әлемінде осындай тұлғалар саусақпен санарлық. Дәл осылай атақты спортшы, өзінің бабының келіскен, шарықтау шыңында спорттан қош айтысады. Мәскеуден жеке аяқ киім тігу шеберханасын ашу оның арманы болатын. Иа солай, ол өз талантын Ераван көлінің кірге толы мұз қатқан тұңғйық тереңіне батырды. Ал ол үшін ешкім, ешқашан оны кіналай алмасы қақ.

…1976 жылыдың 16 қыркүйегінде Ереван қаласында дамба үстінен жүріп бара жатқан тралейбус суға құлады.Тоқсан екі жолаушы он метрлік тереңдікке тірідей батты. Маңдайға жазылған өлімнен құтылу мүмкін болмады, тек мына жағдай болмаса: дәл сол кезде суға жүзуден әлемнің бірнеше чемпионы Шаварш Карапетян кезекті жатығуын өзен жанында өткізіп жатқан еді. Опат нәтижесін шығарған эксперт мамандар: ешікм ешқашан өмірде осындайіс әрекетті ітсей алмас еді, тіпті физикалық тұрғыдан алсаңыз да, -деген. Лай, кір өзенге кірпік қақпастан секіріп түсіп, тралейбустың артқы терезесін аяғымен сындырып, естен таңған жолаушыларды құтара бастаған. Жиырма минуттай мұзды суда тұру бұл ерлік еді. Жиырма адамды ажал ауызынан құтқарды.Негізінде тралейбустан жиырмадан көп адамды қсыртқа алып шығады, бірақ біразы мерт болды. Шаварш кезекті рет суға секіргенін және үсті басының сынған терезе сынықтарының жабысып қансырағанын дамба маңына жиналғандар көрген болатын.

Кейінріек, — Сол кезде ең қорқыныштысы не болды? — деген сұраққа Шаварш Карапетян: «Мен қанша мықты дайындықта болсам да, су астында көп тұра алмайтынымды білдім және көп адамды құтқара алмайтынымды түсіндім. Су астында түк көрінбеді, мен тек сезіп ұстап көру арқылы ғана адамдарды құтқардым. Бірде мен өз қолымда былғары орындық алғанымды көрдім Соны көрдімде менің қателігм, адам өмірімен пара пар екенін түсіндім, ал сол орындық менің түсіме мың рет кірген шығар. — дейді спортшы».

Спортшы осы оқиғандан кейін ауыр пневмониялық ауруға шалдығып, оның қанында кір судан жуқпалы ауру жұққаны анықталады. Ал көлгеге өз кезегінде қалалық қоқыс сулар құйылған екен, сіра содан да болар… Дәрігерлер әреңдеп жүріп Шавраштың өмірін құтқарады, бірақ спортпен мәңгіге қош айтысады. Ал атақты спортшы, әлем чемпионы — Шаварш Карапетян мүгедек болып қалды..

Өз өміріне, спорттық ғұмырына балта шапқан Шаварш Карапетян, адамдарға деген махаббатын ұмытқан емес. Адам өмірі үшін спорттық ғұмыры сол Ереван көлінінің тұңғиығына кетті. Жаратқан иемиіз оның осы ерлігі үшін, қорқынышқа толы жиырма минутын мыңдап еселеген болар…

Менің ойымша: дәл осында адамдардан бүгінгі жастар үлгі аласа деймін. Баларалды осылай тәрбиелесе ғой шіркін… Мектепте осында ерліктерді үлгі қылып айтса ғой… Дәл осы оқиғадан тура 11 жыл өткеннен соң мен дүниеге келдім… Бірақ осы адам туралы, осы қайғылы оқиға туралы бүгін білдім!!! Тек 36 жыл өткеннен соң.!!!

P.S. Шаварш Карапетян бүгінде Мәскеуде тұрады. Құдай қалап, Мәскеуге барып жатсам, осы ҰЛЫ АДАМДЫ іздеп тауып қолын қысар едім…
Әрі қарай

Ауыл. Алпыс жыл бұрын айтылған ән


Ауыл
Жүріс-тұрысымыз ауырлап, бар болғаны 70 шақырым қашықтық болса да, көптен бері ауылға ат ізін салмай кетіп едік, осы демалыс “ бісміллә” деп барып қайттық. Атасы туылғалы немересін көрмей, бізге қолы жетпей, боқтап жүрген болатын, кеше түрі де, мінезі де бір-бірінен аумай қалған, бір жарым айлық біздің қыз бен жетпістің төртеуіне келген ақсақал табысып, қауышты:)
Әрі қарай