Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІ

ЖАЛҒАСЫ
Блог - GALEKE: Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІ
Сонымен төрт «уаххабшы», бір сыбайлас, антитеррорист пен участковой Мақтаарал аудандық ІІБ келдік. Ішке кірсек конференц-залында бірқатар адам жиналып қалыпты. КНБ-шы, криминалист, бізбен келген террормен күресуші. Енді тек прокурор келуі керек екен. Соны күттік. Ол келгенше бізден жан-жақты жауап алып жатыр:
Әрі қарай

"Телефондық вирус" немесе алқашқы трольдік лулздарым:)

Блог - Gastarbaiter: Телефондық вирус немесе алқашқы трольдік лулздарым:)
Халоу! Из энибади хия? Халло-о-оу? © Голливудтық ужастиктер

Ерте-ерте-ертеде, телефон шнуры келтеде, ғаламтор түсіңе де кірмейтін кезде, 8-сыныптан кейінгі каникулда ғой деймін, (қылмыстың срогы өткетті енді, айта берейін) бір көршімнің телефоны біздің телефоннан жаңғыратынды шығарды, әр звондаған сайын анау телефон да шырылдайды, алсам, көршім сөйлесіп отырад қыздармен, содан бір -екі күн тыңдап жүрдім. Әңгімені жаюдың мәні жоқ бұл жерде, өйткені дым қызық жоқ іш пыстырарлық әңгіме айтатын екі ғашық, енді өздерің білесіңдер, «не стеватырсың, сағындың ба?» деген сияқты. Содан бір күні әңгімеге киліге бастадым.
Әрі қарай

ҰҚК - "MOSSAD" типтес болмақ па?

«Жау жоқ деме — жардың артында пиролиздік пеш салып жатыр» © Халық даналығы

Ақпаратқа сараң көздер арқылы еміс-еміс келген хабарлардан, өткендегі бір жиындағы шешімдер белгілі болды. Ақпарат дәл емес те болуы мүмкін.

ҚР ҰҚКОчм, ҰҚК, Сырбар және Әскери Барлау органдары реформаға ұшырамақ. Ең қызығы — ендігәрі барлауда қызмет ету үшін әскерге бару, және әскери шенге ие болу тіпті міндеттелмейді,
Әрі қарай

Ақтөбеден SOS немесе Ішкі Істер Министріне ашық хат!

Ел-жұртты айналған хат маған да жетті. Ақтөбелік тұрғын тілінің тиегін ағытып, аянбастан барын жайып салыпты. Мазмұны — өңірдегі діни, саяси, кадрлық мәселелердің күйіп тұрғаны жөнінде. Дереккөзін біле алмадым. Шамасы Ішкі Істер Министрінің блогына қалдырылған сұрақ та болуы мүмкін не өңірлік һәм респбуликалық басылымда жарық көрген хат болуы да мүмкін. Шынымды айтсам, тексеріп жатпадым. Бірақ бұл хатты оқып бастағаннан-ақ біршама мәселенің басын қамтығанын бірден түсініп, Ақтөбедегі бәлкім мемлекетіміздегі жағдайдың әбден ушығып тұрғанын түсінгендей болдым. Әрине, бұл арыздың қаншалықты шынайы һәм жалған екенін де саралап-зерделеп жатпадым. Қазекем «Халық айтса қалып айтпайды» деп мен үшін әлдеқашан вердикт жасап кеткен. Ал анық-қанығын тексеруді құзырлы органдарға, сол үшін менің салығымнан күн көріп, нан жеп отырғандарға қалдырдым. Сонымен хаттың мәтініне тоқталсақ. Үтір-нүктесін де өзгертпедім. Тілі де сол күйінде, орысша:
Әрі қарай