Жолшыбай (фоторепортаж)

16 сәуір. Қарағанды — Жезқазған тас жолына шықтым. Негізгі бағытым Жезқазғанның бер жағындағы Жәйрем кенті. Жәйрем облыс орталығы Қарағанды қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан. 3 сағат жүретін жерді бақандай 5 сағат жүріп бардым. Қарағанды — Жаңаарқа арасындағы тас жолы сын көтеретін жағдайда емес. Әрбір 1 км. сайын аюдың апанындай шұңқырлар)

1. Арнасына сыймай жатқан Нұра өзені.
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

2. Жол бойындағы намазхана
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

3. Жаңаарқа (Атасу кенті) Жәйремге дейін 150 км қалды
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

4. Жо-жоқ бұл — Сирия емес! Бұл — ЖӘЙРЕМ!
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

5. Жәйремде қараусыз қаңырап тұрған бос үйлер көп
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

6.…
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

Республикалық трасса болып саналатын Қарағанды — Жезқазған тас жолын жөндесе халық бір қуанып қалар еді.

P/s.
… Жоғымды тауып бер деп жатқан кім бар,
Жолымды жөндеп берсе болды емес па!.. М.Ақанов

Қарбалас

Көктемді түрліше сипаттауға, суреттеуге және жазуға болады. Бұған әрине, біздерге жылулық сыйлайтын осынау мезгілмен қоса келетін түрлі мерекелер мен мейрамдардың да әсері баршылық. Не десек те «Өлмеген құлға келді жаз» дегендей қытымыр қыстан әйтүп-бүйтіп шыққандар көктем мен жаздан бір үміт күтері анық.
Салыстырмалы түрде қарасақ қала көктемі мен дала көктемі мүлде бөлек. «Сәуір болмай тәуір болмас» дегенге салар болсақ біздің Арқаның нағыз көктемі осы сәуірде келеді. Сай-салаға жайқала шыққан қызғалдақтар мен сарғалдақтар сәуірдің орта белінен аса, мамыр айының басында дала көктеміне ерекше бір сән беретіні рас. Көкке ауызы тиген қозы-лақ бір мезгіл енесін ұмытып, асыр салатын мезгіл де осы. Бірақ, бұның бәрі сәуір айында.
Наурыз айы далалықтарға ең қарбалас шақ. «Жуанның жіңішкеретін, жіңішкенің үзілетін» мезгілі. Қора маңына жинаған шөбінің таусылуға таяйтын, әлдеқалай қыс ұзарып кетсе саусағын мұрнына тығып қалу қауіпінің жоғарылайтын кезеңі.
Дегенмен, биылғыдай қар күрт еріген жылдары дала қазақтары қорадағы ірі қараларын, қой-ешкілерін қарайған қырат жаққа бағыттап жібереді. Жілік майы азайып шыққан малдар сай-саладағы іргесі сөгіле қоймаған қарларға үйелеп қалып жататын оқиғалар да кездеседі. Ертеңгілік инедей жылтырап жатқан жылғаның суы, сай-саладан келіп қосылған қар суымен өткел бермес өзенге айналатыны да көктемнің осыбір айына сәйкес келеді екен. Таңертең жайылымға кеткен малдарын кешке өзеннен бері өткізе алмай, ат сауырынан асатын, сең-сең мұздар жүріп жатқан өзеннен бес-алты атты адам сиырларды қақпайлап өткізтудің азабын сөзбен жеткізті мүмкін емес. Оны көзбен көру керек. Екі көлік соғылып қалса, таяққа сүйенген адам тайып құласа қалта телефондарымызды суырып алып, қызық үшін видеоға түсіріп, интернетке салатын біздердің ол жанталасты, қарбаласты видеоға түсіріп тұрғанымыз ауыл адамдарының алдында ұят қылық. Биылғы көктемнің осы қарбаластарының барлығын өзім арқылы тағы бір сезініп шыққаныммен мен сіздерге бұл жазбамдағы қарбаластардың барлығын суретпен немесе видеомен бере алмауымның себебі осы.
Бұл мал шаруашылығымен айналысатын дала қазақтарының көктемгі тірліктерін суреттейтін жазба. Бұдан бөлек ауылдағы ағайындардың көктеммен қоса келетін егін науқанына дайындық секілді басқа да бітпейтін тірліктері бар.
Әрі қарай

Малдан бата алған бала

Әбіләкімнің  ауылы: Малдан бата алған балаЕл жаққа барған соң ауыл тірлігіне араласпасаң тағы болмайды. Екі қолды желкеге қойып, екі тістің арасынан «шырт» түкіріп жататындарды ол жақта ұната қоймайды. Сондықтан да айт алдында ауылға барған мен ауыл тірлігіне бел шеше кірісіп кеттім. Ағамның жаз бойы шапқан шөптерін тасыдық.
Әрі қарай

"Ө"-ден оралу

Сегізінші тамыз күні биылғы өтпіскім аяқталады екен. Қатардағы көп қазақтар секілді ауылыма барып, туған-туыстарды көріп бір жасап қалдым. Ауылда шөп шабу науқанына өзімше көмектесіп, ата-әжемнің, әке-шешемнің үйлерінің шатырын сырласып қайтудың өзі демалысымның босқа өтпегендігін білдіретін секілді өзіме. Қайын жұрт жақты да ұмытпай, ол жаққа да машина ізін салып қайттық. Өтпіскімнің соңында Астанадан келген керекшілермен өткен кездесудің өзі бір қаралық. Бұл жайлы сәл кейінірек
Әрі қарай

Төбелерді тау деседі біздің ел...

Осынау демалыс күндерін пайдаланып ауыл жаққа барып қайттық. Көктемгі қымыздан ауыз тигенімізден бұрын, көптен бері көрмеген ата-әжемізді көріп қайтқанымыз қуантады. Ауылдың тірлігі белгілі ғой. Әркім өз ісімен өзі. Кетігін тауып, кірпіш болып қалана қалу қиын. Себебі, ол жұмыстар біз жоқта да атқарылып жүрген жұмыстар ғой. Дегенмен өзімізше қол ұшын берген болдық.
Сіздерге біраз сурет ұсына кетуді жөн санап отырмын.
Әрі қарай

Жылжиды аққу айдында жылжымайды....

Кезінде «Жылжиды аққу айдында жылжымайды....»деп жырлаған Қорабай Есеновтың қазақ ән өнерінде(үлкен сахналарда) гитарамен ән айтқан алғашқы қазақ екенін біреу білсе біреу білмес. Бұл кісінің әсерімен қолына гитара алып, сахнаға шығып, өнерден өз орнын тапқандар жетерлік. Атап айтсақ, Нұрлан Өнербаев, Ерлан Белғозиевтар, кейінгі буыннан Сейіл Аяғанов деген әнші жақсы көрініп жүр.
Көп қыртқанша, бір тыңдатайын деп мына әндерді жүктеп отырмын. Маған ең соңғы өлеңі көп ұнайды.
Қорабай Есенов-Қоштасу

Қорабай Есенов-Жалғыз аққу
Қорабай Есенов-Жас қалам
Қорабай Есенов-дос туралы
Әрі қарай