PR-мектебіне жазылу жүріп жатыр



MediaNet халықаралық журналистика орталығында (Алматы) PR-мектебіне тыңдаушыларды тіркеу жүріп жатыр.

Курс кезінде студенттер PR түсінігімен, қазақстандық PR-маманның қызметімен, сәтті деп танылған отандық PR-мысалдармен танысады, медиа шараларды, баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру және өткізу жолдарын, PR-маманның мәліметтер базасын жасақтауды үйренеді.
Әрі қарай

Қазақша пиар.

1807 жылы әлемде бірінші рет PR біріккен сөзі пайда болды. Оны тарихқа енгізген Томас Джефферсон болды. Джефферсонның ойы бойынша пиардың негізгі мағынасы – адамдарды дұрыс таңдау жасауға сілтеу болатын. Осылайша тәуелсіздік декларациясының авторы және Америка президентінің арқасында жаңа ұғым пайда болды. Бұл ұғымның мағынасын және дұрыс қолданысын 1906 жылы Айви Ли өзінің «PR ерекшеліктерінің декларациясында» ашты. Сол мезеттен бастап Айви Ли PR әкесі атағына ие болды.
Қазіргі кезде PR бөлек ғылым түрі ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытылады. Қазақстанда әйгілі «клуб пиаршы» элитті клубы жұмысын жалғастыруда. PR маманы қазіргі заманның ең престижді және сәтті мамандығы болып танылады. Алайда кейбіреулер пиаршы клубында отырған адамдарды менменшіл тәтелер мен ағалар деп кінәласа, пиар мамандарын халықтың құлағына өтірік ілетін кәсіпқойлар деп атайды. Қазақстанда PR тұрмақ, оның иісі де жоқ деп айқай шығарады. Ал жоғарғы оқу орындарының оқытушылары «Қазақстанда пиар оқытылады, бірақ бірде бір қазақстандық оқулық жоқ» деп дабыл қағады.
Жоғарғы аталған мәселелердің барлығына байланысты болмақ, осы жылы Қазақстанның атақты пиаршигі, «Шахар» медиахолдингінің бастығы, Қуат Домбай ең бірінші мемлекеттік пиар оқулығын шығарған болатын.Оқулық атауы назар аударарлықтай естіледі: «Қазақстандағы шіренбеген PR». Кітап авторының айтуы бойынша: Қазақстанда пиар тек өз мемлекетімізге тән ерекшеліктерге толы, сондықтан оларды бөлек атап өтү керек. Кітап өз жағынан қызықты суреттер мен карикатураларға бай және өзінің мазмұнына кітап авторының пиардағы 8 жылдық тәжірибесін қамтиды.
Қазақша пиардың дәмін қалай тату керек екенін айтып беретін кітапты жақын арада оқуға жоспарладым. Оқығаннан кейін өз пікірімді халық назарына шығарамын.
Қазақша пиар дәмді ме?
Сіз қалай ойлайсыз?
Пиар маманы күнімен құттықтаймын!
Әрі қарай