Таныс болыңыздар: Tarazkyzy

Tarazkyzy — Сандуғаш Кәрібжан. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» болсын ба? Ендеше оқыңыздар.
Өзім Тараз қаласының тумасы, Алматы қаласының өскіні, ШҚО келіні, қазіргі Ақтау қаласының тұрғыны. 1986-ның 15 қыркүйегінде дүниеге келіппін. Мектеп атаулының табалдырығынан тарыдай болып Таразда аттап, таудай болып Алматыда шыққанмын. 11-сыныптан соң Халықаралық мамандықтар институтына түстім, кейіннен білімнің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ауыстым. Сыртқы жарнаманы бақылайтын мекемеде, ҮЕҰ-да қызмет еттім. Пиар, жарнама терминдері таңсық емес. Бүгінде Ақтаудың жұмыссыз қазағымын.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға wordpress арқылы келдім десем болады. «Қайда барсам Қорқыттың көрі» демекші. Қай жанның блогына кірмейін, Керекинфоға сілтеме беріп, шақырып тұрды. Бастапқыда тек сырттан сығалап, инкогнито кіріп тұрғанмын. Оның үстіне бір кірсең шығу қиын. Комменттердің өзіне бірталай уақыт кетіп қалады. Wordpress жабылып, барар жерім, басар тауым қалмаған соң келдім КерекИнфоға.
Әрі қарай