Астананың Smart city аталуына лайық 7 жоба

Болашақтың Астанасы — ақылды қала. Дегенмен, қазірден Астана тұрғындарының өмірінің сапасын және әл-ауқатын арттыру, Астананың инфрақұрылымын және қоғамдық қауіпсіздігі деңгейін жақсартуға және жаңғыртуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Қазірден Астананы «ақылды қала» деп атауға болатын жобалар бар.

1. Қауіпсіз қала

Бейнебақылау жүйесін кең қолданудың арқасында 2017 жылы қоғамдық орындарда қылмыс деңгейі 21,1 % — ға, көшелерде 32,7 % төмендеді.
Астана аумағында 10 мың бейне камералары орнатылды. Солардың көмегімен нақты уақыт режимінде нөмір белгілерін, жылдамдық режимін, жүргізушілердің көлікпен жолдағы тұтас жолақты, тоқта белгісін, автобус сызығын қиып өтуін анықтау және тіркеу, сонымен қатар қаладағы авто көліктердің санын 99% анықтау жүргізіледі. 6 мың камера 400 қиылыста және қаланың 300 желілік участкесінде, адамдар көп жиналатын орындарда: сауда-ойын сауық орталықтарында, театрларда, спорт ареналарында, музейлерде және тағы да басқа жерлерде 4 мың камера орнатылады.
Қалада фото және видео тіркеу жобасы одан әрі мәліметтерді сараптау Астана қаласының әкімдігімен мемлекеттік –жеке меншік серіктестік бойынша 8,4 млрд.теңге инвестиция көлемімен жүзеге асырылуда және тек қана жеке серіктестер ақшасына қаржыландырылуда.

2. Smart мектеп

Жобаның мақсаты Астана қаласының мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мектеп процесстерін автоматтандыру болып табылады.
Жобаны іске асырудың нәтижелері:
— мектепте оқушылардың қауіпсіздік деңгейін 85% арттыру;
— бөтен адамдардың мектепке кіру жағдайларының 90% алдын алу;
— мектептерде штаттан тыс жағдайлардың 75%-ның алдын алу;
— кітапхана қорын есепке алудың 60% астамын автоматтандыру.
Сервистік модель бойынша қызмет көрсету және инвестицияларды тартудың есебінен елорданың барлық мектептерін қамту жоспарланған

3. Smart емхана

Жобаның мақсаты ішкі және сыртқы процесстерді автоматтандыру есебінен медициналық қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.
Жобаның нәтижелері:
— Емхана дәрігерінің пациентке қызмет көрсету уақытын 10 минутқа дейін азайту;
— Емхананың тіркеу бөлімінде кезекті 30% қысқарту;
— Диагностикалық зерттеулердің жеделдігі мен ақпараттылығын кем дегенде 85% арттыру, медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеу.

4. Smart tickets
Астана жаңалықтары: Астананың Smart city аталуына лайық 7 жоба
Smart Tickets мақсаты – сатуды автоматтандыру арқылы Астана қаласында мәдени және спорттық шараларға билеттер сатып алу үшін қолжетімділікті арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау.
Нәтижесінде:
— Гаджеттерді пайдаланудың арқасында билет сату 30% артады;
— Мәдени және спорт мекемелерінің кассаларына баратын уақыт үнемделеді;
— мекемелердің қаржылық қызметінің айқындылығы қамтамасыз етіледі;
— Мәдени және спорт мекемелердің қаржылық көрсеткіштері мен адамдардың баруы бойынша сараптамалық есептің кез келген нысанын қалыптастыруға болады.

5. Smart payments
Астана жаңалықтары: Астананың Smart city аталуына лайық 7 жоба
Жобаның мақсаты тұтынушыларға барлық төлемдерді жасауға бір шот жасау болып табылады.
Жобада коммуналдық қызметке бірыңғай төлем құжаты арқылы төлеу тетігі қарастырылған.
Smartpayments — электрондық форматта коммуналдық қызметтер үшін төлеу, ол пайдаланушыларға сумен жабдықтау, коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-пайдалану шығындары, электр қуаты, жылыту, телекоммуникация қызметтері үшін төлем жасауға мүмкіндік береді.

6. Smart көше жарығы

Мақсаты – көшелердегі жарықтандыру құралдарын қуаттылықты реттеуіштермен жабдықтау арқылы көшені жарықтандырудың тиімділігін қамтамасыз ету, көшені жарықтандыруға жұмсалатын эксплуатациялық шығындарды азайту.
Жобаның тиімділігі:
— Шамдарды алыстан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламамен қамтамасыз ету, сондай-ақ, әр шамның жағдайы туралы бөлек мәлімет алу;
— әр шамға түсетін жүктемені басқару;
— өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын 51% артық үнемдеуге қол жеткізу.
— Алыстан мониторинг жасау мен бақылаудың есебінен эксплуатациялық шығындарды азайту, сондай-ақ, бригадалардың шығуын қысқарту;
— Шамдардың құрамында зиянды заттар (сынап) болмағандықтан, оларды арнайы пайдаға асыру қажет емес;
— Смартфонның, планшеттің көмегімен онлайн режимде жарықтандыруды алыстан басқару.

7. е-KСK

«е-KСK» жобасы әр тұрғынның «жеке кабинетті» құруын қарастырады. Қосымша арқылы электрик, сантехник сияқты мамандардың қызметін алу үшін ПИК-ке өтініш қалдыруға болады
е-КСК мобильді қосымшасы арқылы ұялы телефоннан ПИК-қа өтініш жіберуге мүмкіндік береді. Өтініш кепілді түрде адресатқа жетіп, оған нөмір тіркелініп беріледі. Бұдан кейін тапсырыс беруші қосымшадағы барлық өзгерістер туралы хабарландырулармен ақпараттандырылып, жұмыс аяқталған соң оның сапасын бағалай алады.