Facebookтің бас кеңсесі

Facebookтің бас кеңсесі 2009 жылдан бері Калифорнияның Пало-Альто қаласына орналасты. Кеңсе дизайнын Studio O+A, Virginie Manichon, KPFF – Consulting Engineers, Air Systems Inc., Elcor Electric и Brightworks секілді дизайн-студиялар жасаған.

Блог - Daniar-Alan: Facebookтің бас кеңсесі

Кеңсенің жалпы аумағы — 13,935 ш.м.-ді құрайды. Кеңседе 700-ден аса адам жұмыс жасайды.
Әрі қарай

Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»

Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Әрі қарай