Он күн ішінде транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге артты – AstanaLRT

Астана жаңалықтары: Он күн ішінде транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге артты – AstanaLRT

Компания 1 шілде 2018 жылы транспорт картасының үлесі – 36%, ал 31 шілдеде – 89% болғанын айтты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана LRT» электронды төлем жүйесінің 21 шілде мен 5 тамыз аралығындағы статусы туралы хабарлады. Он күн ішінде транспорт картасын ұстаушылар екі есеге көбейген.

«Дифференциалды тарифті енгізгелі жұмыс күндері жолаушылар ағыны 530 мыңнан 580 мыңға дейін көбейгені байқалған. Яғни транспорт картасын қолданушылар саны екі есеге ұлғайған. Шілденің алғашқы жартысында 22 мың жолаушы, ал 21-нен 31 шілдеге дейін 405 мың көбейген», — делінген «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компания транспорт картасының үлесі 1 шілде 2018 жылы – 36%, ал 31 шілдеде – 89% болғанын айта кетті. Қоғамдық көлікке электронды төлем жүйесін енгізгелі жыртылып берілетін билеттер азайған, егер 1 шілдеде 239 365 дана болса, 31 шілдеде – 53 027 билет берілген.

«445 262 адам шілденің соңғы күндері картаны валидация жасаған, оның ішінде 260 548 – жалпы тарифтегі валидация, 64 444 – қайта мінген, 43 336 – айлық жол жүру, жеңілдік валидациясы – 76 934», — делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Транспорт компаниясының мамандары жолаушылардың транспорт картасын пайдалану бойынша жалпы тұрақты көріністі байқап отыр. Сонымен транспорт картасының үлесі 21 шілде мен 5 тамыз аралығында 89% деңгейге жеткен.

Сондай-ақ жұмыс күндері орта есеппен жолаушылар ағыны 580 мың жолаушыны құраған, ал демалыс күндері – 418 мың.

«Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі ұсынған мәліметте жолаушылардың 65%-ы RTVM-терминалын, 15% — мамандандырылған кассаны, 14% — QIWI-терминалдарды, 6% — kaspi.kz пайдаланған.

ЭТЖЖ бірнеше артықшылықтарын айта кетейік.

Транспорт картасын қолдану барысында:

— Қалалық және экспресс-маршруттарда жол ақысын тіркеу кезінде – 60 минут ішінде қайта мінген кезде тегін жүру мүмкіндігі;

— қала шетіне қатынайтын бағыттарда 60 минут ішінде қалаға келгенге дейін бір рет мінуге рұқсат етіледі.

Транспорт картасы бір ғана жолаушыға жол ақысын тіркеуге мүмкіндік береді. Транспорт картасының жарамдылық мерзімі – 5 жыл. Кепілдік мерзімі – 2 жыл. «Транспорт әмияны» тарифі бойынша жүктелген қаржының пайдалану мерзімі шексіз.

— Сонымен қатар балама жүйе ретінде транспорт құралындағы терминал арқылы жүргізушіге бір реттік жолақы құжатына (билет) қолма қол жол ақысын төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

— транспорт картасын бір мезетте бірнеше тарифке жүктеудің мүмкіндігі;

— Қосымша төлемсіз басқа автобусқа мінудің мүмкіндігі.

Бұдан басқа, ЭТЖЖ келесідегі жол құжаты түрлерін ұсынады:

— қағаз түріндегі бір реттік жол жүру құжаты, бір ғана жүруге есептелген және бір ғана сапарға жарамды және сол билет берілген транспорт құралының ішінде ғана;

— Толтырылған транспорт картасын (пластик) әртүрлі тарифке жүктеудің мүмкіндігі арқылы ұзақ уақыт пайдалану;

— мектеп транспорт картасы;

— жеңілдік транспорт картасы;

— транспорт билеті (шектеулі жол жүруге арналған толық толтырылмаған жұмсақ транспорт картасы).
Әрі қарай