Астанада жыл сайын өтетін халықаралық «Astana Marathon 2018» марафоны өтті

Бүгін Астанада жыл сайын өтетін халықаралық «Astana Marathon 2018» марафоны болып өтті.

Жүгіруге 5 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде 800-дей қатысушы қашықтықты толық жүгіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұқаралық спорттық шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттің өкілдері қатысты, атап айтқанда, Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Грузия, Люксембург және Испания.

18-ден асқан қатысушыларға 42,2 км және 16-дан асқандарға 10 км қашықтықты бағындыру ұсынылды.

«Біздің клубта 30-дан аса адам бар. Бұл жаттықтырушылар, қызметкерлер. Бәріміз де жүгіруге қатысайық деп шештік. 10 км жүгірдік… Мұндай шаралар соңғы жылдары белсенді түрде көбейіп келеді. Бәріне қатысуға тырысамыз, осылайша салауатты өмір салтын насихаттаймыз», — дейді Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубы басшысының орынбасары Қуаныш Сейтмағамбетов.

Онымен дене шынықтырудың оқытушысы Олег Иванов та келіседі. «Мен бұрыннан жүгіремін. Бірақ марафондарға қатысуды 2011 жылдан бастадым. Бұған дейін 5, 10 км қашықтықта жүгіретінмін. Халықаралық марафондарға да қатыстым. Бүгін 10 км жүгіріп өттім. Трасса кең, ауа райы да жүгіруге қолайлы болды, ыстық емес. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Мұндай марафондар жаппай белең алып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырады. Әлемнің барлық астаналарында өздерінің марафоны бар. Егер спортпен айналысуды әлі бастамағандар болса онда мен «кім алға баспайды, сол артқа кетеді» дегім келеді. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Әрдайым шығып, әуелі жүруден бастау керек, сосын жылдам спорттық жүгіруге, сосын трусцамен, сосын уақыт өте келе марафонға қатысуға болады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, марафон басталар алдын Astana Marathon EXPO 2018 спорт көрмесі болып өтті. Көрме кезінде кәсіби жаттықтырушылардың жүгіруге арналған, коуч пен спортшылардың жүгіру мен салауатты өмір салтына арналған тақырыптық лекциясы өтті. Онда қатысушылар марафон туралы, оның бағдары, нәтижені санаудың жүйесін, сонымен қатар жүгірудің техникасы бойынша кеңестер алып, ұзақ қашықтыққа жүгірген кезде шыдамдылықты арттырудың құпияларына қанық болды. Бұдан бөлек, көрмеде марафонға дайындық бойынша өткен шарада «Astana Marathon-2018» қолдаған қайырымдылық қорлары мен жүгіруге қатысатындардың корпортативтік қолдаулары да ұсынылды.

astana.gov.kz/kz/news/news/15184