Астанада «7-20-25» бағдарламасы бойынша 500 өтініш қабылданды

Бүгінде Астана тұрғындары «7-20-25» ипотекалық несиелеу бағдарламасына белсенді қатысып жатыр. 1 шілдеден бастап аталған бағдарлама бойынша банкте 509 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл шамамен еліміз бойынша қаралған және мақұлданған жалпы өтініштердің үштен бір бөлігі. Сондай-ақ «Millennium Park» тұрғын үй кешеніндегі өздерінің армандаған пәтеріне 310 астаналық отбасы қол жеткізді.

Айта кетейік, тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндігі Мемлекет басшысы белгілеп берген көрсеткіштен өзгертілмейді: ол жылдық мөлшерлеме 7 %, комиссиясыз және қосымша қайта төлемсіз, 20 % тұрғын үйдің бағасына қарай алғашқы жарнасы, несиелеудің шекті мерзімі 25 жыл.

Бағдарламаға Қазақстанның әрбір жекеменшігінде баспанасы жоқ және басқа да ипотекалық заемдары жоқ азаматтар қатыса алады. Бағдарламаға қатысушының кәсіпкерліктен немесе жұмыс орнынан тұрақты түрде расталған табысы болуы қажет.



«7-20-25» бағдарламасы бойынша бюджет саласының мамандары 10 мың пәтердің кілтіне ие болады

Астана жаңалықтары: «7-20-25» бағдарламасы бойынша бюджет саласының мамандары 10 мың пәтердің кілтіне ие болады

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде алдағы 3 жылда 3 мың оқытушыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы Астана әкімі жыл сайын өтетін тамыз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш бағдарлама бойынша бюджет саласының қызметкерлеріне 10 мың пәтер беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ жатақхана құрылысы да жоспарланды. Кадр тапшылығына деген сұраныстың артқанын есепке ала отырып, қала әкімдігі мықты педагогтарды тартып, оларға барлық жағдайды жасау үшін белсенді жұмыстар атқарылуда.

«Жатақхананы осы жылдан бастап пайдалануға береміз, 200-дей орын оқытушыларға бөлінеді. Күн сайын дамып келе жатқан инфрақұрылымға байланысты біз кадрға деген сұраныстың артқанын байқап отырмыз. 20 жыл ішінде Астанада педагогтар саны 5 есеге өсті – яғни 3-тен 15 мыңға дейін. Жуық арада 5 жылда жаңа мектептер мен балабақшалардың салынуына байланысты тағы да 5 мыңдай педагогика кадрлері қажет болмақ. Сол себепті, қала әкімдігі мықты кадрлерді тартып, оларға барлық жағдайды жасауға қызу кірісіп кетті», — деді Ә. Исекешев.

Айта кетейік, астана оқытушыларын әлеуметтік қолдау мақсатында мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасын дамыту шеңберінде соңғы 10 жылда педагогтерге 2500-ден астам пәтер бөлінді.

«Педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарылату үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қаңтарда астанада Білім беруді жаңғырту орталығы ашылып, білім беруде жаңартылған мазмұнды енгізу барысындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды. Онда білім алу және отандық әрі халықаралық сарапшыларды тарту арқылы білім саласында жаңа әдістемелер қолданылады. Осы уақыт аралығында 2500 педагог оқудан өтті, оның ішінде 400-і ағылшын тілінде пән өткізеді. Жекеменшік балабақша қауымдастығымен бірлесіп білікті жоғарылату және тәрбиешілердің әдстемелік тұрғыдан қажетті қолдау көрсетуге және олардың жұмысының сапасын арттыру да жоспарланып отыр», — деді Ә. Исекешев.

Оның айтуынша, 200-ден астам басшы тиімді менеджмент курсынан өткен. Жаңа оқу жылында курсқа тағы да 10 мың педагогты қамту жоспарланып отыр, оған серіктес ретінде Назарбаев университетін, НЗМ, Өрлеу және т.б. тартады.
Әрі қарай