Көз моншағың мөлдіреп қарай берші Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы... 5 тамыз 2014, 12:03 Мұң аққандай аспаннан әр күн таңнан — Жылатқандай мен сені жаңбыр тамған. Маған арнап жолданған әуез күтем Самал арбап, жел түрткен әрбір талдан. Бойда барым — тұнған шер, тұнған шемен, Ойламағын келді деп бұл дәл сенен. Әзірге ұнап, жанарды жаулағанмен, Қазір бірақ қорқамын бір нәрседен: Мас еткенің қылықпен жанға дем бе — Паш етпедім атыңды таңғы әлемге… Менікіндей жүрекпен күмәнданам, Сенікіндей шын сезім бар ма менде? Әрі қарай