НҰРЛАН ӘЛІМЖАН "БАҒЫҢДЫ БАҒАЛА"

БАҒЫҢДЫ БАҒАЛА
Сөзі И.Сапарбай
Әні Н. Әлімжан.
1.Сүйсең біреуді сен
Ол оны білмейді.
Ғашық болған жанды
Көзіне ілмейді, неге? Тағдыр
Қабыл болмай тілек,
Жабырқайды жүрек.
Алып ұшқан арманың
аяқасты болады неге? Тағдыр!
Әрі қарай

Жүрек назы

Әні: Роза Әлқожа

Білесің жаныма ыстықсың өрттей,
Жүректі шарпыдың айықпас дерттей.
Бір өзің жаралап, бір өзің емдейсің неге?
Жаным,
Қасымда қалшы кетпей.

Қайырмасы:
Жанымнан жырақтамашы,
Көзіңмен сыр ақтарғансың,
Сен сөйтіп ұнап қалғансың
Жаным.
Келдің ғой кетем демеші,
Бәрі де бекер демеші
Жүректе мекендегенсің
Жаным.

Жолыңа қараймын жанарым талмай,
Бірге өткен сәттерге ынтығып балдай.
Қасыңда болсам да аңсатып сағындырған
Жаным,
Япырау, жансың қандай
Әрі қарай

Сен мені енді іздеме

Сен мені енді іздеме

Сөзі: Бақытжан Алдияр
Әні: Роза Әлқожа

Сен мені енді іздеме,
Мен сені енді іздемен.
Жылымас енді мұз дене
Мұңайған бірге күзбенен.

Қайырмасы:
Сен жаққа мен де соқпадым,
Мен жаққа сен де соқпағын.
Жаныштап өзің тастадың
Жанымның жапырақтарын.

Әлсіреп барып көз ілген,
Қал сұрап қайтем сезімнен.
Көрерсің бәрін өзіңнен
Көрермін бәрін өзімнен.

Мені ойлап енді жылама,
Сені ойлап мен де жыламан.
Жайымды менің сұрама
Сен жүрсең болды дін -аман.
Әрі қарай